Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс және оны жетілдіру жолдары.
Сапар Айдана
Жоспары:
Әлеуметтік-педагогикалық үдеріс
Ішкі педагогикалық үдеріс
Сыртқы педагогикалық үдеріс үдеріс ретінде
«Педагогтық үдеріс» сөз тіркесін Петр Федорович Каптерев (1849-1922) енгізген. Педагогикалық үдеріс ұғымында ол «жеке тұлғаның өзін-өзі түбірлі түрде дамытуы негізінде, күші жеткенше әлеуметтік мұратқа сәйкес жан-жақты жетілуі» деп түсінді, П.Ф.Каптеревтің осылай аталатын еңбегінде педагогикалық үдерістің мәні мен мазмұны ашып көрсетілген. Ол әлеуметтік педагогикалық үдерісті ішкі және сыртқы деп бөлген.
Ішкі педагогикалық үдеріс мыналарды көрсетеді:
- адам дамуының жалпы көрінісін. Бұл жағдайда ол (үдеріс) адамның әлеуметтік-педагогикалық дамуы қандай болуға тиіс екендігінің үлгісін сипаттайды;
- типтік топқа жататын адамның даму ерекшелігін, мысалы, адамның есту, көру, психологиялық дамудағы ауытқушылығы проблемаларымен даму және тәрбиелену ерекшелігі;
- нақтылы адамның жеке қасиеттері, қабілеттері, сапасы есебімен дамуы,оқуы және тәрбиеленуі.
Сыртқы педагогикалық үдеріс үдеріс ретінде:
- жалпы адамды тәрбиелеу (тәрбиені түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету); жеке педагогикалық мәселені шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің технологиялық жағын көрсетеді.
- адамдардың белгілі топтарымен, мысалы, психологиялық дамуында, тәрбиеленуінде т.б. ауытқушылықтар бар балалармен жұмыста жеке тәрбиелік мәселелерді шешу. Бұл ретте, ол тәрбие қызметінің арнаулы технологиялық үдерісін көрсетеді;
- нақтылы адамды тәрбиелеу, белгілі тәрбиелік мәселені шешу - тәрбие жұмысының жеке технологиясын іске асыру үдерісі.