1-жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2-қоршаған ортаның мәдениеті, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;
3- ізеттілік қарым- қатынас орнату арқылы ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670 ж.) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
Француз философі Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) өзінің әйгілі «Еркін тәрбие» теориясында «баланы еркін тәрбиелеу керек, оған қысым көрсетпей болмысындағы табиғи қабілеттерін дамытуға жағдай жасау керек» деген. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мынадай ережелерді есте тұтады:
баланың жас ерекшеліктерін ескеру; баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру; баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру; өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру. Баланы қоршаған орта, мәдениетпен байланыста, дамуы ұзақ жылдардан бері жинақталған білімді, қалыптасқан мәдениетті іздестіру арқылы жүзеге асатынын алғашқы болып Адольф Дистервек (1790-1866 жж.) атап көрсеткен болатын. А. Дистервек баланың дамуы туған жері, ол туған заман қоршаған орта, ол туған халықтың жинақтаған мәдениетін меңгеру арқылы іске асатынын айтқан еді.
Әлеуметтік педагогиканың әдістерін үш үлкен топқа біріктіріп топтастырады:
Бұл — педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.
Әңгіме әдісі.
Әңгіме – 1) тұлғаның жеке ерекшеліктерін анықтау мақсатымен (мотивациялық және эмоционалдық аясын, білімін, сенімін, қызығушылығын, артықшылығын, ұстанымын, ортаға, ұжымға қатынасын т.б) ұйымдастыралытн психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.
2)Мұғалімнің мұқият ойластырылған сұрақтар жүйесін қою жолымен оқушыларды жаңа материалды түсінуге әкелетін немесе енді оқып үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс. Сұрақ-жауап тұрғысындағы әңгіме және осының кез-келген үлгісі алдын-ала жоспарланған мәселелер бойынша, белгілі бір мақсатпен өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауапты нысаны, әңгімеге көзқарас, мінез-құлық және т.с.с.
Сұхбат әдісі
Сұхбат әдісі-қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі.Сұхбат –сұхбат алушының респондентпен қатынасын көздейтін, белгілі жоспар бойынша өткізілетін сұрау, әңгіме әдісінің өзге түрі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзелген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбат алу –қандай да болсын ақпаратты алу мақсатында респондентпен жүргізетін әңгіме, сұрақ:
деректі (құжатты) –фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс;
деректі (құжатты) –фактілер мен оқиғалар нақтыланатын әдіс;
жабық – ұсынылған тұжырымдардан бір немесе бірнеше стандартталған жауаптарды таңдау қарастыралады, «ия», «жоқ», «білмеймін», «келісемін», «келіспеймін», «айту қиын» сияқты стандарт сұрақтарға ұқсас жауаптардың мысалдары;
пікір – адамдардың қандай да болмасын құбылыстар мен оқиғаларға қатынасының білуге бағытталған әдіс;
ашық – жауаптардың сипаты мен саны, олардың түрі және формасы алдын ала ескерілмейді, сыналушылар оны еркін таңдайды. Осындай сұрақтардың жауаптары, жабық түрге қарағандағы айырмашылығы, әдетте сандық емес, сапалы талдауға салынады;
еркін –тақырыбы мен түрі регламентпен белгіленбеген әңгімелесулер.
Анкеталау
Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуеледі. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: