Байланысты: Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
Ыбырай мақсаты Ағартушы Алтынсарин білім берудің түпкілікті мақсаты ретінде өлкенің рухани дамуы ғана емес, экономикалық дамуын көрді. Мысалға ол бұл қажеттіліктерді орыс-қазақ мектептерінің оқу бағдарламаларын құрастырғанда ескеріп отырған. Жалпы білім беру пəндерін оқытумен қатар, оқушыларға қолданбалы тəжірибелік білім беру керек екенін айтқан. Осы мақсатта мектептерде тəжірибелік бау-бақша, əр түрлі құрал-жабдықтар жəне басқа да көрнектіліктер болуы тиіс деп санаған. Ағартушының ойынша, мектеп өз құрылымы бойынша жаңа мəдени өмірдің, жаңа дəстүрлердің, тəртіптің, өнердің үлгісі болуы тиіс. Оның ойынша, қазақтардың тұрмысын қайта қалыптастырудың маңызды құралы ретінде олардың көшпеліліктен отырықшылдыққа көшуін санаған. Сонымен бірге қандай да болмасын мəжбүрлеу шараларына қарсы болған. Оның пікірінше, бұндай шаралармен тұрғылықты халықтың тұрмыстық жəне шаруашылық өмір-салтын қайта қалыптастыру мүмкін емес. Бұл үшін оларды отырықшыл өмірдің артықшылықтарын түсінетін жағдайға жеткізу керек. Сонда ғана жаңа өмір салтына көшу ешқандай «сыртқы күштердің» əсерінсіз «табиғи жолмен» жүзеге асады. Бұл процеске ағарту жолымен тезірек ықпал ету қажет.
«Өз Отанымызға лайықты үлес қосу — əрқайсымыздың борышымыз». Ағартушы надандықпен, халықтық прогреске қарсы адамдармен қиын да ұзақ күрес болатынын түсінген. Оның жолында реакциялық ақсүйектер ғана емес, патшалық шенеуніктер де тұрғанын аңғарды. Олар қазақтардың кең түрде білім алуына қарсы болғаны бізге белгілі. Патша үкіметі қазақтарға білімді белгіленген, өз мақсаттарына сəйкес келетін мөлшерде ғана беруге тырысты. Ал ағартушының мақсаты басқаша болды. Сондықтан да оның қызметі кең көлем алып, демократиялық бағыттары айқын бола бастағанда патша əкімшілігі ол туралы жағымсыз көзқараста болып, оны халықтық училищенің облыстық инспекторы қызметінен тайдыруға сылтау іздей бастады. Осыған байланысты Ыбырай дала күштілеріне ғана емес, патша үкіметіне де сыни көзқараста болды. «Мен бұрын мені басшылық қолдайды деп сеніп келсем, бірақ енді оған барлық кезде сенуге болмайтынын түсіндім. Бірақ та мен өз көзқарастарымнан жəне талаптарымнан күшім жеткенше кейін шегінуге мүдделі емеспін», — деп жазады ол