«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы №2 семестрлікж ұ м ы с



бет1/6
Дата26.11.2022
өлшемі8,82 Mb.
#52749
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ «ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
2 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
«Әлеуметтік-саяси білімдер модулі: әлеуметтану, саясаттану» пәні
Тақырып:Қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары
Мамандығы:Ақпараттық қауіпсіздік
Орындаған:Джусупова Айнұр
Тобы:Сибк-22-3
Тексерген:Бисенова Алия
Бағасы: ____
Қолы: ____
«__» _____2022 ж.
Тема
Қазақ ағартушыларының саяси
көзқарастары
Әлеуметтік-саяси білім
модулі
Жоспар
1
2
3
А.Құнанбаев және оның Қазақстандағы
саяси ой санаға қосқан үлесі
Ш.Уәлихановтың саяси құқықтық көзқарасы
Ы.Алтынсариннің әлеуметтік саяси көзқарастары және қоғамдық қызметі
Қазақ ағартушылары
Абай Құнанбайұлы
1845-1904
Ыбырай Алтынсарин
1841-1889
Шоқан Уәлиханов 
1835-1865
Абай(Ибраһим) Құнанбайұлы(10 тамыз 1845 жыл–6 шілде 1904 жыл)—ұстаз,ақын,ағартушы,жазба қазак әдебиетінің,қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы,философ,сазгер,аудармашы,саяси қайраткер,либералды көзқарасын исламға таяна отырып,орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік,қоғамдық,моральдық мәселелерін арқау еткен.
Ақынның балалық шағы
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып,содан кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады.Ол жас кезінен кітапқа құмар болды,араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты.Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады.Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі.Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып,араласып тұрады.Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді.Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін,XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді.Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды.Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет