7 тақырып: XIX ғасырдағы және XX ғ. басындағы ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ДАМУЫ
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының ерекшеліктері. 1905-1907 жж. Орыс
революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері. Патша өкіметінің
отарлау саясатының күшеюі. Жұмысшы қозғалысының басталуы, қазақ шаруаларының
оппозициялық қозғалысының өршуі. 1905 ж. Қарқаралы петициясы. Қазақтардың Ресейдің I-
III Мемлекеттік Думаларының қызметіне қатысуы. Халық азаттық қозғалысындағы қазақ
интеллигенциясының рөлі. Парламенттік және ұлттық автономия идеялары. Қазақ халқының
ұлттық сана-сезімінің қайта өркендеу, өсу проблемасы.
XX ғ. басында Қазақстанда ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың
қайта көтерілуі. Қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы. (Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Халел және Жанша Досмұхамедовтер, М.Тынышбаев,
Ш.Құдайбердиев, т.б). Ұлттық сананың қалыптасуындағы «Қазақ» газеті мен «Айқап»
журналының рөлі.
Метрополия Ресей және отар Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыста. Қазақстандағы
1916 ж. ұлт-азаттық қозғалыс: себептері, сипаты, сабақтары. Қозғалыстың негізгі ошақтары
және қозғалыстың лидерлері. Патшаның 1916 ж. 16 маусым жарлығына түрлі әлеуметтік
топтардың қатынасы. Қозғалыстың жеңілу себептері, тарихи маңызы.
1917 ж. Қазақстан. Ұлт-азаттық және ұлттық демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі
буржуазиялық-демократиялық революция, оның Қазақстанға жасаған ықпалының
ерекшеліктері. В.И. Лениннің қоғамдық-саяси қызметі. Кеңес органдарының құрылуы. 1917
ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, эсерлер,
«Алаш» қозғалысы және партиясы, «Үш жүз», «Шуро- и улемия» т.б.
Жаңа заман кезіндегі ұлттық идея мен ұлттық мемлекеттіліктің эволюциясы. XVIII ғ.
басынан XX ғ. бас кезіне дейінгі аралықта қазақ халқының ұлттық санасының өсуі. Дүние
жүзі халықтарының жаңа замандағы ұлттық қайта өрлеу тарихи тасқынындағы
Қазақстанның орны.
Қазақстандағы ұлттық қозғалыстың басталуы (XIХ ғ. аяғы мен XX ғасырдың
басы). 1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының
революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері
(Отарлық революция), «Қаланың революциясы» т.б. мәселелер бойынша туралы
дискуссиялар. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі саяси -
әлеуметтік жағдай. II жалпы қазақ съезі және оның ұлттық автономия туралы шешімі.
«Алаш» партиясы – саяси күрес факторы. «Қоқан автономиясын» талқандау. Кеңестердің
алғашқы қадамдары және оны қазақ қоғамының қабылдауы. Азамат соғысы (1918-1920 жж.)
халық трагедиясы. Саяси ситуацияның ушыға түсуі, азаматтық карсыласудың одан әрі өршуі.
Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік – шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан
соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал,
Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Халық баррикадалардың әр түрлі жақтарында:
азамат соғысы кезінде қоғамның соғыс – саяси жағынан дифференциялануы. «Ақ» және
«Қызыл» террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың ролі мен орны.
«Революциялық», «контрреволюциялық» өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі.
Азамат соғысының әлеуметтік – экономикалық және саяси қорытындылары.
Өлкедегі мәдени өмір. Ұлттық интеллигенцияның идеялық көзқарастары:
М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың,
Ш.Құдайбердіұлының
қызметтері
мен
творчествосы.
Жаңа
кеңестік
қазақ
интеллигенциясының қалыптасуы.
8 тақырып: ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларның трагедиясы.
«Сталиндік аграрлық ревволюция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын
мемлекет карамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу
проблемасының механизмі. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа
көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық,
экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Көшпелілерді
отырықшыландыруға ауыстырудың экономикалық және саяси мақсаттары: «Таптық
қыспақтың» өршуі. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу.
«Кулактарды» жою. Қазақстанның дәстүрлі құрылымын біржолата бұзу және оның
трагедиялық салдары. 1932-1933 жж. Аштық. Халықтың жаппай ауа қоныс аударуы.
Шаруалардың қарсылық қозғалыстары. Шаруалардың бас көтерулерін кеңестік режимінің
басып жаншуы.
Индустрализациялау:
сипаты,
қарқыны,
масштабы.
КСРО-ның
халық
шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны.
Республиканың өнеркәсіп инфраструктурасының ұлғаюы. Өндіргіш күш құрылымы
өндіруші сектор-доминант (шикізат өндіруге бағыт алу). Жұмысшы табы кадрлары
қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі.
Қоғамдық-саяси ситуация. Саяси және идеялық оппозицияны жазалау. Идеологиялық
және саяси террордың одан әрі өршуі. Саяси репрессиялар.
Халыққа білім беру. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Латындандырылған
алфавитке көшу. 20-30 жж. Халық ағартудың ұлттық жүйесін жасауға интеллигенцияның
қосқан үлесі. Жалпы білім беретін мектептің жетістіктері. Орта арнаулы оку орындары.
Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындары. Ғылымның және ғылыми мекемелердің
қалыптасуы. Қазақстан зерттеу қоғамы. КСРО- ҒА Қазақ филиалының қызметі (ҒА ҚазФ).
Қаз АССР Наркомпросы. А.Байтұрсынов пен басқа да мәдениет қайраткерлерінің ұлттық
шығармашылық интеллигенцияны топтастырудағы рөлі.
Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Б.Майлин, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т.б. И.Анов,
И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, Х.Хамраев т.б. жазушылардың шығармашылығы.
Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы. Халық театрларының, клубтарының пайда болуы.
Композиторлар А.В.Затаевичтің және Е.Г.Брусиловскийдің Қазақстанның музыка және
опера өнерін дамытудағы орны мен ролі. А.Қашаубаев аса көрнекті қазақ әншісі. Қазақ
өнерінің көрнекті қайраткерлері: К.Байсейітова, К.Жандарбеков, Ж.Шанин т.б. Ұлттық
драмалық театрдың қалыптасуы.
1936 ж.қазақ өнерінің Мәскеудегі тұңғыш декадасы. Бейнелеу өнері (Н.Хлудов,
Ә.Қастеев). Кітап басып шығару және баспасөз. Қазақстандағы мәдени құрылыстың
тәжірибесі.
Мәдени
құрылыстың
келеңсіз
және
жағымды
жақтары.
Ұлттық
интеллигенцияның трагедиялық тағдыры.
Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде. Фашистік Германияның
КСРО-на шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстан фашистік Германияның
жоспарларында. Қазақстандықтар майданда. Брест қамалы қорғаушыларының ерліктері.
Қазақстандықтардың Мәскеу мен Ленинград үшін шайқастардағы ерліктері. Алғашқы
Қазақстандық батырлар. 28-панфиловшылар.
Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының барысындағы түбегейлі өзгеріс
кезеңінде (1942ж. қараша 1943 ж.). Қазақстандықтардың неміс әскерлерін Сталинград
түбіндегі талқандаудағы ерліктері. Неміс фашист әскерлерін Курск доғасында талқандау
және оған қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтардың Украинаны және басқа да
туысқан республикалардың территорияларын босатуға қатысуы.
Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарын жауға соқты беруге
мобилизациялау. Әскери бөлімдердің қалыптасуы. Қазақстан – біртұтас соғыс лагерінің
құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғыс мүддесіне лайық қайта құру. Кеңес
мемлекетінің Қазақстанда соғыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралары. Тылда да
майдандағыдай. Жұмысшылар мен шаруалардың еңбектегі ерліктері. Қазақстанның халық
шаруашылығындағы әйелдер мен жастардың рөлі. Қазақстанға өндірісті эвакуациялау.
Қоныс аударған кәсіпорындарды, халықты және мәдени құндылықтарды қабылдау,
орналастыру. Кеңес ғылымы мен мәдениетінің Қазақстандағы қайраткерлері.
Майданға бүкілхалықтық көмек. Қорғаныс қорына қаржы жинау. Қазақстандықтардың
танк колонналарын, авиация эскадрилаларын құруға қатысуы. Қазақстанның азат етілген
аудандардың халық шаруашылығын қалпына келтіруге көмектесуі. Соғыс жылдарында
репрессияға ұшыраған халықтардың Қазақстанға келуі және олардың орналасуы.
Оккупацияланған
аудандардағы партизандық және Еуропадағы қарсыласу
қозғалыстарына қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандық партизандардың Украинаның,
Белоруссияның және РСФСР-дің солтүстік батыс облыстарын босатуға қосқан үлесі.
Қазақстан
Ұлы
Отан
соғысының
аяқталу
кезеңінде
(1944-1945
жж.).
Қазақстандықтардың Орталық және Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын фашистік
оккупанттардан азат ету шайқастарына және Берлинге штрум жасауға қатысуы.
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.). Республикадағы әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта
құру. Қазақстан территориясында ядролық полигондардың салынуы. Саяси репрессияның
жалғасуы. Е.Бекмаханов ісі. «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг т.б.).
Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Ауыл шаруашылығын
реформалауға бағыт алу (1953 ж. қыркүйек), КПСС Орталық Комитетінің пленумы және
оның шешімдері (ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасының өсуі, ауыл
шаруашылығы салықтарының кемуі). КПСС ХХ съезі – Сталиннің жеке басына табынуды
айыптау, тікелей Сталинизмнен бас тарту емес. Экономиканы басқаруды реформалау.
Совнархоздар – халық шаруашылығын территориялық-өндірістік басқару принципі.
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру экономиканы экстенсифтендіру
бағытының жалғасы. «Тыңның» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары.
Өнеркәсіп пен транспорттың дамуы. Қала құрылысын құрастырушы өндірістің және
жаңа қалалардың қалыптасуы. Соғыс-өнеркәсіп комплексі: «Байқоныр» космодромын салу.
Халықтық урбанизациялау процесінің дамуы. Хрущевтік әлеуметтік қиял («Американы ет,
сүт, май өндіруден қуып жетіп, басып озу», «қала мен деревня арасындағы алшақтықты
теңестіру» т.б.).
Қоғамның әл-аухат саласындағы жылжуы (тұрғын үй-комуналдық құрлыс, халық
тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту, оның ассортиментін көбейту т.б.). Қоғамдық-саяси
өмірдегі «жылымық». Ғылым мен мәдениеттің дамуы.
Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысында.
Әміршілдік-әкімшілдік
жүйенің
кемшіліктерінің
көбеюі.
Өнеркәсіп
пен
ауыл
шаруашылығының экстенсивті сипаты. Экономиканы реформалаудағы сәтсіздіктер.
Қоғамды басқаруды одан әрі бюрократияландыру. Одақтық халық шаруашылығы
комплексінде Қазақстан ролінің арта түсуі. Халықтың орналасу құрамындағы әлеуметтік
өзгерістер. Өмір сүру сапасын стагнациялау. Дефицит проблемасының өсуі. Экологиялық
ситуацияның шиеленісуі. Ғылым, білім, мәдениет.
9 тақырып. ҚАЗАҚСТАН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖЫЛДАРЫНДА (1985-1991 жж.)
«Қайта құру» саясатының негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. Реформалауға
көнбейтін әміршіл-әкімшіл жүйе: реформалардың сәтсіздікке ұшырауы және жүйелі
дағдарыстың өршуі. 1986 ж. Алматыдағы Желтоқсандағы демонстрация – Кеңес
мемлекетінің этноцентристік саясатының дағдарысы. Мемлекеттік тоталитризм жағдайында
қоғамдық қатынастарды демократияландыру туралы иллюзияның күлі көкке ұшты.
10 тақырып. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Одақтық келісімнің күшін жою және ТМД құру туралы. Кеңестен кейінгі тәуелсіз
мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы,
ТМД құру туралы Алматы декларациясы (1991ж). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш
Конституциясы (1993ж.). Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы»
жарлығы (1993ж.). Қазақстан халықтарының келісімі мен біртұтастығы қоғамдық
институтының Президент жанында консультативтік және келісімшілік орган Қазақстан
халықы Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.
Бүкіл халықтық референдум, ҚР қазіргі Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Екі
палаталы парламенттің сайлаулары. Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы.
«Қазақстан -2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-аухатының
жақсаруы», ҚР ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997 ж). Астананы
Алматыдан Астанаға көшіру, 1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу.
«Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада
тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі.
Экономикалық даму. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс,
әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деігейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
Оларды жою шаралары: экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік бағдарлы рынок құру,
жекешелендіру және бағаны либерализациялау, инвестициялық саясат.
БҰҰ даму Бағдарламасы (ПРООН), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам
дамуының индексі (ИЧР). Қазақстанда Адам дамуы туралы Есептің тұңғыш басылымы.
ПРООН Қазақстанда ИЧР-дің өсуі туралы.
Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және финанс-банк секторларын басымдықпен
дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттарын –
экономиканы дамытудың – кластерлік принципі, индустриалы-инновациялық технология,
инвестиция, салық, аграрлық-индустриалық саясат, инфраструктураны, әсіресе транспортпен
байланысты дамыту. Қазақстанды ДСҰ-на кіруге дайындау.
Н.Ә.Назарбаев «Көтерілген тың – достық пен жасампаздық символы», Астанада 2004
ж. 6 ақпанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты
мәжілісте сөйлеген сөзі. Президенттің ел халқына Жолдауы («Бәсекеге қабілетті Қазақстан,
бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» (19 наурыз 2004 ж.).
Қоғамдық – саяси даму. Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. Қазақстан
халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.
Қазақстандағы демографиялық, миграциялық процестер, халықтың әлеуметтік
құрылымындағы өзгерістер. Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы (1999 ж.) және
оның қорытындылары. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі - ҚР тәуелсіздікті,
демократияны нығайтудың кепілі.
Демократиялық процестердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық
жүйені енгізу, партиялық тізім бойынша өткен сайлаулардың нәтижелері.
Азаматтық қоғам институттарының дамуы - үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар. I
Азаматтық форум және оның маңызы. «Қазақстан халықтары ассамблеясының таяу кезеңге
арналған стратегиясы». ҚР ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақтсан
Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және
демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты жұмыс істейтін
ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық
комиссияның қызметі.
Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Президенті
жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссия және оның қызметі. ҚР адам құқықтары
бойынша өкілдік институттарын (Омбудсмен) енгізу. Өлім жазасына мораторий енгізу.
Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; азаматтық және саяси
құқықтары бойынша халықаралық фактілерді ратификациялауы.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономика,
әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Жолдауы (18 ақпан 2005ж.)
Рухани даму. Білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. 1997 ж., Ұлттық бірлік және
жаппай саяси репрессиялар құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж., Ұлттық тарих жылы. 1999
ж., Ұрпақтар сабақтастығы жылы. 2000 ж., мәдениетті қолдау жылы.
Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астанада өткен (2003 ж.) тұңғыш
съезі. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі. «Мәдени мұра Мемлекеттік
бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім
аймақтарын дамыту; мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету, оны тиімді пайдалану.
Тарих, архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру; мәдени мұраны оқып-
зерттейтін – фольклорды, дәстүрді, әдет-ғұрыпты тұтас жүйе жасау; мемлекеттік тілде толық
мәніндегі гуманитарлық білім қорын жасау.
ҚР сыртқы саясаты. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы,
оның БҰҰ-а қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-
сессиясында сөйлеуі. Оның: «Әрбір елдің жүрек жардылығы – планетаның аман-саулығының
кепілі» сөзі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.
ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті
ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.) СВМДА қатысушы мемлекеттер сыртқы
саясат ведомостысы басшыларының тұңғыш кездесуі. «СВМДА мүше мемлекеттер
арасындағы қатынастарды реттеу принциптерінің Декларациясы» (1999 ж.). СВМДА
қатысушы елдер басшыларының тұңғыш саммиті, терроризмді аластау және өркениеттер
арасындағы диалогке ықпал етудің Алматы актісі мен СМВДА Декларациясы (2002 ж.).
Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС т.б. халықаралық ұйымдармен, сондай-
ақ МБР, МВФ, ОБСЕ мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ОЭС, ЦАЭС, ОДКБ, ШОС сияқты
ғаламдық және регионалдық масштабтағы интеграциялық процестерге қатысуы.
Алматыдағы Бейбітшілік және келісім туралы тұңғыш халықаралық конференция, оған
қатысушылар қабылдаған «Бейбітшілік пен тұрақтылық» Декларациясы (2003 ж.).
ҚР Президентінің Ресей Федерациясына тұңғыш ресми сапары, Ломоносов атындағы
ММУ – де сөз сөйлеуі, евразиялық идеясы. АҚШ-та 2001ж. 11 қыркүйекте болған теракты,
АҚШ-тың Ауғаныстанға антитеррорлық акциясы. Ирактағы соғыс. ҚР-ның бұл оқиғалар
жөніндегі позициясы. Н.Ә.Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі.
11 тақырып: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ
ҚР Президенті 2030 жылға дейінгі даму стратегияда көзделген мақсат – ұлттық
бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын
жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін
орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
1 Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз
мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық
қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің
сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы,
индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық
институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді.
Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан
Қазақстанға
қолдау жасаудың жақсы жолға
қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан
азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен
және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
2 Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы:
бірлік
–
қоғам
мен
мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің
және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен
кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен
қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін
орнату міндеті қойылды.
3 Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын
ашық
нарықтық экономика
негізінде экономикалық
өрлеу. Негізгі қағидалары:
мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу,
макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты
секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық
шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын
орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік
инвестицияларды қорғау.
4 Қазақстандықтардың денсаулығы,
білім
алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс
жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және
салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға,
дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша
бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың
денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |