Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Коммерциялық емес АҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті»
Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
«Бекітемін»
ААТФ деканы____________Табултаев С.С.
«____»_______________2015г.
Пәндік Syllabus
KТ 1101 – Қазақстан тарихы
Мамандықтар:
5В070200 – Автоматтандыру және басқару
5В070300 – Ақпараттық жүйелер
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
5В071700 – Жылу энергетикасы
5В071800 – Электр энергетикасы
5В071900 – Радиотехника, электротехника және телекоммуникация
5В073100 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
5В081200 – Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету
5В060200 – Ақпараттану
5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар
5В071600 – Аспап жасау
5В100200 – Ақпаратты қорғау жүйелері
Курс
1
Семестр
1/2
Кредит саны
3
ECTS кредит саны
5
Жалпы сағат көлемі
135
Дәріс
22
Машықтану (семинар)
23
ОӨЖ
90
оның ішінде СОӨЖ
30
Семестрлік жұмыс
3
Мем. емтихан
Алматы 2015
Syllabus құрастырған: доцент т.ғ.к., Кабдушев Б.Ж., аға оқытушы Жұмағұлов М.Д.
доцент т.ғ.к. Раджапов А. Ө. жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.
Syllabus әлеуметтік пәндер кафедрасының мәжілісінде 18 маусым №12 хаттамасында
мақұлданды.
Кафедра меңгерушісі________________________Мухамбедьярова А.Т.
Syllabus Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті оқу-әдістемелік
комиссиясының мәжілісінде қаралып, бекітілген («25» маусым 2015ж., № 9 хаттама).
1 Оқытушылар:
Джагфаров Ниспек Рахимжанович – т.ғ.к., АЭжБУ профессоры, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727)292-57-50,
sd@aipet.kz
Берлібаев Бақдаулет Тұрбекұлы – т.ғ.д., АЭжБУ профессоры, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727)292-57-50, bbt_kaznpu@mail.ru
Кабдушев Болат Жоламанұлы- т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, Bolat_6464@mail.ru
Утегалиева Алмажан Джусуповна – т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Контакты: 8(727)292-57-50,
almazhan@gmail.com
Байдильдина Сауле Хайрулловна – к.и.н., доцент АУЭС, А314 каб.
Контакты: 8(727)292-57-50, saulehair@mail.ru
Раджапов Анарбай Өскенбайұлы - т.ғ.к., АЭжБУ доценті, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50
Жұмағұлов Марат Дәулетбайұлы – АЭжБУ аға оқытушысы, А314 каб.
Байланыс тел.: 8(727) 292-57-50, mar-jum67@mail.ru
2 Курстың аудиториялық сабақтар және СОӨЖ консультация өткізу уақыты мен орны
сабақ кестелерінде көрсетілген, Аэроғарыштық және ақпараттық технологиялар факультеті
деканатының (Г.Д.409) және ӘП кафедрасының (А314) хабарлама тақталарында
орналастырылған.
3 Оқу пәнінің сипаты
3.1 Курстың мақсаты – Қазақстан тарихы пәнінің дәрісі мен семинар сабағының қатаң
ғылыми деңгейін қалыптастыруды, өзара байланыстығы мен жалғастығын жеңіл игеру
мүмкіндігін қамтамасыз ету. Тарихи білімнің жүйелілігін, өзара байланыстығын және
құндылығын қамтамасыз ету. Студенттердің азаматтық, отан сүйгіштік қасиеттерін
қалыптастыру және дамытуда қазақстандық патриотизмді оятып, тәрбиелеуде тарихтың
ролін күшейту. Студенттерді тарихи деректермен өз бетінше жұмыс жасауға, зерделеу
негізін меңгеріп, дұрыс қорытынды шығаруға үйрету.
3.2 Курстың мұраты – Көне дүниеден қазіргі заманға дейінгі Қазақстан тарихы
курсының міндеті обьективті әрі нақты тарихи материалдар негізінде Қазақстан
Республикасының территориясындағы адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуын ашып
көрсету. Мұндай жағдайда қоғамдық-экономикалық құбылыстардың өткені мен бүгінгісін
зерделеуде обьективтілік, ғылыми, тарихилық принциптерге сүйену қажет.
3.3 Курсы сипаттау
«Қазақстан тарихы» курсы Алматы энергетика және байланыс университетінің күндізгі
және сырттай оқу бөліміндегі барлық мамандықтар бойынша бірінші курста оқытылады.
Көлемі 3 кредит,135 сағат, оның ішінде, дәріс-22 сағат, машықтану-23 сағат, СӨЖ -60,
СОӨЖ-30 сағат.
Қазақстан тарихы бұл - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетінің аумағында
тұрып жатқан қазақ және өзге де этностардың ұжымдық жады. Қазақстан тарихы түркі әлемі,
Шығыс елдері, Еуразия тарихының ауқымында қарастыруға болатын дүниежүзі тарихының
бөлінбес бөлшегі ретінде саналады. Отан тарихы–тарихи кеңістік пен уақыт аралығындағы
ежелгі дүниеден қазіргі күндерге дейінгі елдің дамуы заңдылықтарын айқындайтын маңызды
оқиғалардың, құбылыстардың, үрдістердің, саяси, этникалық, әлеуметтік-экономикалық
және рухани-мәдени аспектілерін зерттейтін ғылым.
Қоғамның дамуы мен демократиялануы тұсында егеменді мемлекеттің алдында тұрған
басты мақсаттардың бірі ұлттық тарихының жаңғыруы болып табылады. Азаматтық
ұстанымсыз, тарих сабақтарынан терең тағылым алмайынша, ол құндылықтарды келер
ұрпақтың қабылдауынсыз шынайы егеменділіктің орнығуы мүмкін емес.
Тарих ғылымы саласындағы жаңаша пайымдаудың қалыптасуы жағдайында білім
мазмұнын түбегейлі өзгерту, оқытушыларлардың дүние жүзіндегі қазіргі заманға сай
тұлғалық-плюралистік бағыттағы концепциялық-мазмұнды ұстанымын жасап және
игеруіне итермелеп отыр.
Қазақстан тарихы сабағын оқып-үйрету барысында Отандық тарихымыздың дамуының
аса ірі әрі күрделі бағыттарын көршілес елдердің халықтарының тарихы мен мәдениетімен
ғылымның жетістіктері және қазіргі замандағы қалыптасқан жаһандану мәселелерімен тығыз
байланыста қараған жөн.
«Қазақстан тарихы» курсын оқып меңгеру барысында
студент білуге міндетті:
-
қазақстан тарихы пәнін ежелгі заманнан қазіргі кезеңге дейін оқып игереді
-
қазақстан тарихы курсы нақты деректік материалдар негізінде меңгеріледі.
-
студент орындауға тиіс:
-
берілген мерзім ішінде міндетті түрде өз бетінше ізденіп дайындаған 3 семестрлік
жұмыс жазады
-
жан-жақты, бай ақпараттарды сүзгіден өткізіп зерттеу тәжірибесін игеру
-
қазақстан тарихы курсының негізгі мазмұнын оқытушының басшылығымен оқып-
игеру
-
қойылған сұрақтарға ретімен жауап беріп, орындаған семестрлік жұмыстарын
қорғау және пікір білдіруді де білу керек
-
қазіргі кездегі тарихи деректемелерге жан-жақты сыни сараптама жасау
студент қандай дағдыларды игеру керек
-
жеке өз бетінше түрлі тарихи деректермен, әдістемелік оқулықтар және электронды
оқулықтармен, интернет-деректермен, мерзімді басылымдармен, карта кестелер т.б. жұмыс
жасау
-
студент тарихи деректермен өз бетінше жұмыс жасауға, зерделеу негізін меңгеріп,
дұрыс қорытынды жасауға үйрену
-
зерттеу жұмысын жүргізудің негізін меңгеру
-
алған біліктілік дағдысын ауызша және жазбаша жеткізе білу
Бағдарлама негізінен отандық және шетелдік әдебиеттер негізінде құрастырылды.
3.4 Пәннің пререквизиті: Мектеп бағдарламасының деңгейінде тарих, география,
жалпыгуманитарлық қажетті білімі болу керек
3.5. Пәннің постреквизиті: Әлеуметтану, Саясаттану, Основы права
4. Пәннің құрылымы және мазмұны
4.1. Теориялық дайындық
Тақырып
Тақырып (модулдер, бөлімдер)
Дерек көзі
1.
«Қазақстан тарихына кіріспе» 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
2.
*
Орта ғасырлардағы Қазақстан. Ерте ортағасырлардағы мемлекеттер
(VI - Х ғғ.) 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
3.
*
Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан (ХIIIғ.). Алтын орда
(1243-ж. ортасы ХV ғ.) 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
4.
ХIV – ХV ғғ. Орта ғасырлық мемлекеттер 1 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,11,13
5.
*
XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы. Құрылуы және дамуы. 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
6.
XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы. Дипломатия Казахского ханства в
XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының дипломатиясы 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
7.
Жаңа дәуірдегі Қазақстан (ХVIII –ХХ ғғ.) Ресей құрамындағы
Қазақстан 2 сағат
Дәріс,
1,4,7,8,13,14
8.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы 2 сағат
Дәріс,
1,2,4,7,8,
9.
*
1920-40 жж. Қазақстандағы мемелекеттік құрылыс 2 сағат
Дәріс,
1,2, 4,7,8
10.
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты 1 сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
11.
*
Тәуелсіз Қазақстан 2 сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
12.
*
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нығаюы 2 сағат
Дәріс,
1,4,5,7,8,10,12
Қорытындысы:
22
Ескерту: белгіленген тақырыптарды * сыртқы бөлім студенттері оқып-үйренеді,
қалғандары СӨЖ көлемінде оқиды.
1 тақырып. КІРІСПЕ
Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу
пәнін қазіргі тұрғыда түсіну.
Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен
принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың
приоритеттері. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995 ж.). Қазақстан
тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын
зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.
«Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің
ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта
түсуі.
2 тақырып. ҚАЗАҚСТАН ОРТА ҒАСЫРЛАРДА
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI-X ғғ.)
Түрік қағанаты (552-603 жж.). Евразиядағы тұңғыш көшпелі империя. Батыс-Түрік
қағанатының (603-704 жж.) саяси тарихы. Әскери-әкімшілік жүйесі, этноәлеуметтік
құрылымы. Батыс-Түрік қағанатының әлсіреуі. Түркеш қағанаты (704-756 жж.)
Түркештердің Орта Азиядағы Таң әулетімен, арабтармен күресі. Арабтар Оңтүстік
Қазақстанда. Қытай шапқыншылығы. 751 ж. Таластағы тарихи шайқас. Түркеш қағанатының
құлауы. Қарлұқ мемлекетінің (776-940 жж.) Жетісуда құрылуы. Тайпалық құрамы, олардың
орналасуы. Саманиттермен күрес, ислам шекарасының Талас аумағына дейін тарауы.
Басқарудың әскери-әкімшілік сипаты. Шаруашылығы. Қалалары мен қоныстары. Рухани
мәдениеті. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы – XI ғ. басы). Оғыздар мемлекетінің құрылуы,
территориясы, шаруашылығы. Оғыздардың қимақтармен, қарлұқтармен, хазарлармен,
бұлғарлармен этносаяси байланыстары. Қимақ қағанатының құрылуы. Тайпалық құрамы
және орналасуы. Қыпшақтардың, құмандардың тайпалық бірлестіктерінің қимақтар
қағанынан саяси тәуелділігі. VI-X ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі.
Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы – XIII ғғ.)
Қарахан мемлекеті (942-1210 жж.). Қашғар мен Жетісу территорияларында қағанаттың
пайда болуы. Оңтүстік Қазақстан қарахандықтардың қол астында. Қарахандықтардың саяси
билігінің Мауреннахрға тарауы. Селджұқтармен, хорезмдіктермен, қыпшақтармен саяси
байланыстары. Қала және сауда. Егіншіліктің, отырықшылықтың дамуы. Басқарудың әскери
тайпалық әкімшілік жүйесі. Қарақытай (1128-1213 жж.). Қарақытайлардың саяси
ықпалдарының Мауреннахрға тарауы. Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы.
Қарақытайлар билігінің құлауы. Найман мен керей ұлыстары (XIIғ. басы – XIII ғ.). Орталық
Азияда наймандар мен керейлер тайпалары конфедерациясының қалыптасуы. Қоныстануы.
Христиандықтың тарауы. Қыпшақтардың тайпалық құрамы және оның иерархиясы. Көрші
халықтармен, мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі.
Қыпшақтардың хорезмшахтпен күресі. XI-XII ғасырларда Қыпшақ хандығында қазақ
халқының этникалық негізінің қалыптасуы. XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы
мен мәдениетінің дамуы. Көшпелі мал өсірушілік қоғамындағы шаруашылық мәдениет
типтері. Оңтүстік, Шығыс, Орталық және Батыс Қазақстанның қалалары. Сәулет өнері.
Қолөнер, сауда, ақша айналымы. Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан территориясындағы
тармақтары.
Ауызша шығармашылық және жазбаша мұсылман түркі мәдениеті. Ғалымдар мен
ойшылдар Махмуд Қашқаридің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмед Жүгенекидің, Қожа Ахмед
Ясауидің еңбектері.
3 тақырып. ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕ (XIIIғ.).
АЛТЫН ОРДА (1243 – XV ғ. ортасы).
Моңғол империясының құрылуы. Монғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып
алуы. Қазақстан үш монғол ұлысының құрамында.Батиханның Шығыс Еуропаға жорығы.
Алтын Орданың құлауы. Ұлыстық жүйенің дамуы. Алтын Орданың билеушілері. Исламды
мемлекеттік дін есебінде қабылдау. Алтын Орданың Мамлюк мемлекетімен этносаяси
байланыстары. Темірдің Алтын Ордаға жорығы. Алтын Орданың әлсіреуі және құлауы.
Ұлыстық күрес. Шағатай мемлекетінің құрылуы.
4 тақырып. XIV-XV ғғ. ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Көк Орда (XIII ғ. Соңы XV ғ. басы) жергілікті
этникалық негізде біріккен тұңғыш ірі мемлекет . Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес.
Орта Азиямен, Хорезммен байланыс. Сырдария бойындағы қалалар үшін тимуридтермен
күрес. Биліктің Шаибанилерге көшуі. Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XV ғ. басы). Мемлекеттің
құрылуы. Территориясы мен этникалық құрамы. Мұсылмандықтың тарауы. Темірдің
Моғолстанға жорығы. Моғолстан мен Көк Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы.
Моғолстанның Темірге вассалдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы.
Монғол ойраттарының соғыс рейдтері. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468жж.) немесе Әбілхайыр хандығы.
Территориясы және этникалық құрамы. Әбілхайырдың Орта Азияға соғыс жорықтары.
Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес. Әбілхайырдың ойраттардан жеңілуі (1457ж).
Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1459ж.). Хандықтың ыдырауы.
Ноғай ордасы (Маңғыт үйі) – XIV ғ. соңы – XV ғ. Территориясы және этникалық
құрамы. Ноғай Ордасын билеушілер. Ноғай Ордасының шектес мемлекеттермен өзара
қарым-қатынасы. Ноғай Ордасының ыдырауы. Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір
хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Территориясы, этникалық
құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
5 тақырып. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (XV-XVI
ғ.ғ.)
XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы. Қазақ халқының құрылуының тарихи
алғышарттары. Монғол кезеңінен кейінгі халықтың қалыптасуы. Қазақ халқы
қалыптасуының үрдісі. Этникалық территорияның және бірыңғай тілдің қалыптасуы.
Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы. Қазақ жүздерінің
қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсер етуі. Жүздер - қазақтардың
этнотерриториялық бірлестіктері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
Қазақ хандығының күшеюі XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы Қазақ хандығының құрылуы
(1466ж). Қазақ хандығы саяси үстемдігінің Шығыс - Дешті қыпшаққа тарауы. Керей мен
Жәнібек алғашқы қазақ хандары. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік -
экономикалық және саяси жағдайы. Шаруашылығы: мал өсірушілік, егіншілік, қалалары,
сауда. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым - қатынасы. XVI ғ. oртасына қарай
хандықтың әлсіреуі. Қазақ- ноғай қатынастары. XVI ғ. eкінші жартысындағы Қазақ хандығы.
Хақназардың басқаруы. Қазақ- ойрат қатынастары. Қазақ -ноғай байланысы.
XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы. Есім ханның Сырдария бойындағы
қалалар үшін күресі. Қазақ хандығы және Шығыс Түркістандағы феодалдық иелік. Қазақ -
жоңғар қатынастары. Жоңғар хандығының пайда болуы, оның басқыншылық саясатының
басталуы. XVII ғ. екінші жартысындағы қазақ- жоңғар қатынастарының шиеленісуі. Қазақ
қоғамында батырлар мен билердің ықпалының өсуі. Жәңгірхан тұсындағы Қазақ хандығы.
Тәуке ханның басқаруы. Қазақ- Жоңғар қатынасында шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның
«Жеті жарғысы». Төле би, Қазбек би, Әйтеке би.
Қазақтардың дәстүрлі көшпелі мәдениеті. Үй жануарларының селекциясы. Еңбек
құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй кәсіпшілігі. Саудасы және сауда жолдары.
6 тақырып. ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (XVIII-XX ғғ.)
XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің
теориялық аспектілері. Дәуірлеу. Тарихнамасы мен деректері. XVIII ғ. бірінші ширегіндегі
Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстанға жасалған
жоңғар шапқыншылығы. «Ақтабан шұбырынды». Қазақ-жоңғар соғыстары. Жоңғар
шапқыншылығы кезінде қазақ қоғамының топтасуы. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ
халқының жасақтарын басқарған қолбасшылар мен идеологтар. Бұланты,Аңырақай
шайқастары. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары. Қазақ-жоңғар соғыстарының
халықтың ауызша тарихи жырларындағы көрінісі.
Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. XV-XVII ғасырлардағы қазақ-орыс
қарым-қатынасының алғышарттары. XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қарым-
қатынасы. I Петр патшаның «Шығыс саясаты» жүйесіндегі Қазақстан. Әскери-казактардың
отарлауы.
Қазақстанның Ресейге бодандыққа өтуінің басталуы: тарихнамасы және деректер.
Әбілхайыр хан мемлекеттік, саяси қайраткер және қолбасшы. XVIII ғ. екінші ширегіндегі
Ресейдің сыртқы саясаты шеңберіндегі Қазақстан.
Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. XVIII ғ. екінші ширегіндегі
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуы. Қазақстанның ішкі және сыртқы
саяси дамуындағы өзгерістер. Циндік Қытай және Жоңғария. Патшалық Ресейдің
Қазақстандағы отарлау саясаты.
Абылай хан дәуіріндегі Қазақстандағы мемлекеттілік. Қазақстандағы ішкі және
сыртқы саяси жағдай. Абылай ханның егемендікке ұмтылып, біртұтас тәуелсіз қазақ
мемлекетін құру әрекеті. Қазақ қоғамының әлеуметтік дамуы. XVIII ғ. соңындағы Орталық
Азиядағы геосаяси жағдайдың динамикасы мен трансформациясы. Абылайдың Ресеймен,
Цин империясымен қарым-қатынасы.
XVIII ғ. соңы XIX ғ. екінші жартысы аралығындағы Қазақстан және Орта Азиялық
мемлекеттер. Жоңғар хандығының әлсіреуі. Қазақ-Жоңғар қатынастары. Ресей мен
Қытайдың сыртқы саясатындағы Қазақстан және Жоңғария.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамы. Көшпелі мал өсіру қазақ қоғамының материалдық
өндірісінің негізі. Қазақ көші. Егіншіліктің даму ерекшеліктері. Қолөнердің жайы.
Экономикадағы өзгерістер. Сыртқы сауда. Қазақтардың қоғамдық құрылымы. Әлеуметтік
бөлініс. «Ақ сүйек», «қара сүйек» ұғымдары, олардың мазмұны мен құрылымы.
XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан және Ортаазиялық
мемлекеттер. Абылай ханның мұрагерлері басқару дәуіріндегі (XVIIIғ. 80 жылдарынан 1821
ж. дейін) Орта жүз территориясындағы саяси ситуация. Ресей және Англияның отаршылдық
экспансиясы жағдайында Қазақстан мен Орта Азияның егемендік пен тәуелсіздікті сақтап
қалу проблемалары. Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары. Қазақстанда хандық
биліктің жойылуы. XVIII ғ. мен XX ғ. басы аралығында қазақ халқының егемендігі мен
мемлекеттілік тәуелсіздігінен айырылған кездегі ұлт-азаттық қозғалысы. Негізгі кезеңдері,
қорытындылары, проблемалары.
Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының бірінші кезеңі (1731-1837 жж.).
Қазақтардың Ресейдегі азаттық қозғалыстарға қатысуы. Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы, Қасым Абылайханұлы, Кенесары Қасымұлы,Саржан Қасымұлы,
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтерілістер. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басталу
кезеңінің идеологиялық ерекшеліктері мен өзіндік өзгешеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |