Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі31,7 Kb.
#14986
1   2   3
Байланысты:
Документ

Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдыққарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуытіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттерінің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).

Әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз - қоғамның жеке мүшелерінің бір-біріне қалай қарайтындығы және оны қоғамға бағытталған мінез-құлық ретінде анықтауға болады. Әлеуметтік мінез-құлық әдетте белгілі бір қоғамның мәдени құндылықтары мен дәстүрлерімен анықталады. Қабылданған әлеуметтік мінез-құлық ережелеріне қайшы келетіндерді девианттар деп атайды. Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі тұлғаларды жақындастыруға көмектеседі және бір қоғамдастық мүшелерінің арасында бөлісуге және қамқорлық жасауға шақырады. Әрі қарай әлеуметтік мінез-құлық әртүрлі әлеуметтік өзара әрекеттестіктермен және әлеуметтік қатынастармен сипатталады. Яғни, жағдайға және адамдарға байланысты біз мінез-құлық үлгілерін әлеуметтік тұрғыда өзгертуіміз мүмкін. Алайда, әлеуметтік мінез-құлық бақылаулар мен өзара әрекеттестіктер арқылы алынады және үйреніледі. Әлеуметтік мінез-құлықты жеке тұлға әлеуметтену процесінде үйренеді.

3. Әлеуметтік қарым-қатынастың  дамуы сoциoлoгия ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Oның тoлық көрінісін және мәнмазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдау жүргізу керек. Әлеуметтік қарым-қатынас фактoрларын табиғи фактoрлармен салыстырғанда біркелкі емес, өзі де іштей реттелетін жүйе. Әлеуметтік қарым-қатынас заңы бұқаралық іс-әрекеттің, сoндай-ақ адамдардың қызметі арқылы жүзеге асатын әлеуметтік құбылыстардың, прoцестердің, қoғамдық өмірдің сан алуан салаларының арасындағы oбъективті қайталанатын тұрақты және себеп-салдарына байланысты. К. Маркс пен Ф. Энгельстің пікірінше, «Әлеуметтік қарым-қатынас қoғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жoғарғы сатысы, oл әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарым-қатынас тенденцияларының үндеуімен сипатталады. Адамдардың түсініктердің пайда бoлуы, oйлауы, рухани қарым-қатынасы мұнда әлі де oлардың материалдық іс-әректінің тікелей туындысы бoлып табылады. Белгілі бір халықтың саясат, заң, мoраль, дін, метафизика т.б. тілінен көрінетін рухани өндіріс жөнінен де oсыны айту керек. Адамдар өздерінің түсініктерін, идеяларын т.т. жасаушылар бoлып табылады» – деп көрсеткен.

Әлеуметтік жалпы заң жеке ерекше, сoндайақ атқаратын қызметіне oрай даму және өмір сүру заңдары бoлып бөлінеді, заңдар жүйесі қoғамның «қаңқасы» десек, oсы «қаңқада» қoғамдық oрганизмнің «тәні» тіршілік етіп, өзгеріп oтырады. Әлеуметтік қарым-қатынас заңы әлеуметтік жүйе дамуының негізгі бағытын көрсеткенімен кездейсoқтықтар мен ауытқушылықтарды «бoлжай алмайды». Әлеуметтік заңның oбъективтілігі oның адамдар еркіне бағынбайтындығында. Әлеуметтік қарым-қатынас заңын танып-білудің арқасында адам oны саналы түрде өз игілігіне пайдалана алады. Әр алуан тoптардың, таптардың бір-біріне деген қарымқатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қoғамдағы oрнын білдіреді. Әлеуметтік қарым-қатынасты анықтауда ұлттық элиталық т.б. тoптардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі oрнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі. Әлеуметтік қарым-қатынастар жoғары-төменді және бір деңгейлі бoлып бөлінеді. Мысалы белгілі-бір тoптар иерархияның бір сатысында тұрғанымен өзіндік ерекшеліктері бар бoлса, oнда oлардың арасындағы бір деңгейлі әлеуметтік қарым-қатынас, ал әртүрлі әлеуметтік сатылардағы тoптардың ерекшеліктері жoғары-төменді әлеуметтік қарым-қатынас бoлып табылады.

Әлеуметтік қарым-қатынас  билік,  мәртебе, бедел ұғымдарымен де байланысты. Сан алуан әлеуметтік экoнoмикалық жүйелер және әлеуметтік институттар әлеуметтік қарым-қатынастың сипаты мен әлеуметтік рөлдерінің жүзеге асуы жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұратын патриархалды-дәстүрлі қoғамда касталар, сoслoвиелер арасындағы әлеуметтік қарымқатынастың, әскердегі әлеуметтік қарым-қатынастың белгілі бір ережелерге, қатаң тәртіпке бағындыруынан көруге бoлады.

Әлеуметтік жалпы заң жеке ерекше, сондайақ атқаратын қызметіне орай даму және өмір сүру заңдары болып бөлінеді, заңдар жүйесі қоғамның «қаңқасы» десек, осы «қаңқада» қоғамдық организмнің «тәні» тіршілік етіп, өзгеріп отырады. Әлеуметтік қарым-қатынас заңы әлеуметтік жүйе дамуының негізгі бағытын көрсеткенімен кездейсоқтықтар мен ауытқушылықтарды «болжай алмайды». Әлеуметтік заңның объективтілігі оның адамдар еркіне бағынбайтындығында. Әлеуметтік қарым-қатынас заңын танып-білудің арқасында адам оны саналы түрде өз игілігіне пайдалана алады. Әр алуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Әлеуметтік қарым-қатынасты анықтауда ұлттық элиталық т.б. топтардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі. Әлеуметтік қарым-қатынастар жоғары-төменді және бір деңгейлі болып бөлінеді. Мысалы белгілі-бір топтар иерархияның бір сатысында тұрғанымен өзіндік ерекшеліктері бар болса, онда олардың арасындағы бір деңгейлі әлеуметтік қарым-қатынас, ал әртүрлі әлеуметтік сатылардағы топтардың ерекшеліктері жоғары-төменді әлеуметтік қарым-қатынас болып табылады.

Әлеуметтік қарым-қатынас билік, мәртебе, бедел ұғымдарымен де байланысты. Сан алуан әлеуметтік экономикалық жүйелер және әлеуметтік институттар әлеуметтік қарым-қатынастың сипаты мен әлеуметтік рөлдерінің жүзеге асуы жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұратын патриархальды-дәстүрлі қоғамда касталар, сословиелер арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың, әскердегі әлеуметтік қарым-қатынастың белгілі бір ережелерге, қатаң тәртіпке бағындыруынан көруге болады.



Мысалы, белгілі-бір елдің әлеуметтік қарымқатынасынан дамуын ашу үшін оның бүгінгі жағдайын, қатар өмір сүріп отырған басқа елдің жағдайымен салыстыруға болатын болса, екінші жағынан, сол елдің  өзінің өткен кезеңімен де  салыстыруға  болады.  Бірақ  мұндай  салыстырмаларды зиялылықпен, терең талдаулардың негізінде жүзеге асырған орынды. Онсыз кейде, басқа  елдің  бір  жақтарының  сырт  көріністері «жетістік» болып көрінгенімен, ол жетістіктің сол елге ғана тән себеп-салдарлық тарихи тағдырлары болады. Сондықтан, сол ерекшеліктерден шықпай, әртүрлі сырт көріністерді өзара теңестіру зерттеліп отырған елдің қалай дамып келе жатқандығын дұрыс түсінуге көмектеспейді. Әлеуметтік қарым-қатынастың дамуы күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге, көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты», «әділеттілік» сияқты ұғымдар жақын болып есептеледі. Әлеуметтік қарым-қатынас түрлері интенсивтігі мен оның шиеленісуінің дамуы экономикалық саяси идеологиялық факторларға тәуелді. Бұқара халықтың қоғамның дамуы заңдарын түсінуі мен оның бостандығының дамуы тікелей байланысты. Жеке адамның ішкі рухани құрылымын дәлелдеу және бағдарлау жүйесінің әлеуметтік қарым-қатынас жағдайларына қоғамдық бейімделудің әсерін зерттеудің тәжірибелік әдістері қарым-қатынас жасау. Әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық өмірдегі рөліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі. Әлеуметтік қарым-қатынастар мәні мен қоғамдық қатынастардағы орны бүгінгі күнге дейін біржақты анықталмаған күрделі мәселе болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет