Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы
Зерттеудің атауы
Қазақстандық жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үрдістері динамикасын, азаматтық белсенділігі мен рухани-өнегелік бағдарларын, сонымен қатар кәсіпкерлік дамуы деңгейі мен инновациялық әл-ауқатын зерттеу
Жастар – жалпы айтқанда жасаралық белгілер мен оған қатысты іс-әрекет түрлері негізінде қалыптасқан топтық қауымдастықтың ұлғайған жиынтығы.
Нақтырақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе қалыптасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтарымен ерекшелентін әлеуметтік – демографиялық топ.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 15 тен 24 жасқа дейінгі жастардың саны 1,3 млрд. құрайды. Қазақстанда жастарды 14 тен 29 жасқа дейінгі аралықта есептеу негізге алынған. Қазіргі уақытта, аталған жас топтары халықтың 30% жуығын құрап, қоғамның ең маңызды бөлшегіне айналып отыр.
Осыған орай, мемлекет үшін жастардың пікірлерін зерттеу, олардың қазіргі жағдайы мен жастар саясатының жағдайына мониторинг жасау өзекті мәселелер қатарында.
Әлеуметтік зерттеу келесі тараулар бойынша ақпараттар алуға бағытталған:
- жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы;
- азаматтық белсенділік деңгейі мен рухани-өнегелік бағадарлары;
- кәсіпкерлік және инновациялық әл-ауқатын дамыту деңгейі.
Достарыңызбен бөлісу: |