Ұлы дала елінің мәдениеті мен өнерін,әдет-ғұрпы мен өнегелік қасиеттерін бойына сіңірген парасатты да иманжүзді қыз балаларды тәрбиелеу -бүгінгі замануи қоғамдағы басты мәселелердің бірі



Дата13.04.2023
өлшемі16,34 Kb.
#82091
Байланысты:
Мисс Парасат 2023, (1)


БЕКІТЕМІН
Тараз «Парасат» колледжінің
директоры Б.С.Имандосова
___________
«____»______2023 ж
«MISS PARASAT- 2023» байқауының
ЕРЕЖЕСІ


Байқаудың мақсаты мен міндеті:

Ұлы дала елінің мәдениеті мен өнерін,әдет-ғұрпы мен өнегелік қасиеттерін бойына сіңірген парасатты да иманжүзді қыз балаларды тәрбиелеу –бүгінгі замануи қоғамдағы басты мәселелердің бірі. Басты мақсатымыз – ақыл парасатымен,әдемі қылығымен,жібектей мінезімен кіршіксіз арымен өзгелерден ерекшеленетін ұлтымыздың келбетін,яғни « қазақтың ару қызын» тәрбиелеу. Талантты және дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың бойында ұлтттық тәрбиені қалыптастыру және насихаттау, арулардың бойындағы тектілікті, сабырлықты, парасаттылықты шыңдау; қазақ халқының асыл мұрасы салт –дәстүрін насихаттау;




Байқаудың шарттары мен талаптары:

- байқау 1-курс білімгерлері арасында өтеді;


- байқауға әр топтан 1 ғана қатысушы қатыса алады;
- бойы 165 см-ден кем емес, бұрымды, ана тілін жетік меңгерген, биге икемі бар, көркіне ақылы сай,өнерлі қыздар қатыса алады.
- қатысушы үміткерлердің бірыңғай киім үлгісі ұйымдастыру алқасымен бекітіледі.
- байқауға сахна мәдениетіне сай киім киюмен қатар сөйлеу мәдениетіне мән беру;
- өз өнерін көрсеткен үміткер ән айтатын жағдайда жанды дауыста немес өз даусына жазылған ән айтуы қажет;
- сахна уақытын яғни регламентті сақтау қажет;
- қатысушы алдағы ұйымдастырушылардың дайындық жұмыстарынан қалмауы қажет;


Байқау 2023 жылдың 28-сәуір күні, сағат 14:00де , қалалық « Ы.Дүкенұлы» атындағы мәдениет үйінде өткізіледі.




Байқаудың кезеңдері:
Байқау 4 (төрт) кезеңнен тұрады:
1. «Таныстыру кезеңі» сәлемдесу рәсімі-үміткерлердің өзін таныстыруы (әуен немес мультимедиа қолдануға рұқсат) – 3 минут
2. «Қыз еркем,өнерімен көркем» өнер сайысы-тек қазақ өнеріне қатысты:ән айту,ұлттық аспаптарда ойнау,би билеу,қол өнері,монолог оқу-5 минут
3. «Қыз сұлу көрінеді білімімен» -қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына,әдебиеті мен тарихына байланысты және ситуациялық сұрақтараға жауап беру
4.Қазақи нақыштағы көйлектер дефилесі –ұлттық нақыштағы көйлектер көрсетілімі
Байқаудың өтініштерін қабылдау мерзімі:


1) Қатысушылардың өтініші 2023 жылдың 14-нарызға дейін Тараз «Парасат» колледжінің «Тәрбие бөлімі» 205 кабинетте қабылданады

2) Байқаудың дайындық жұмыстары қатысушылардың өтініштері толық қаралып біткен уақыттан басталады.



Байқаудың жеңімпаздарын анықтау:

  • орындаушылық шеберлігі;

  • сахна мәдениеті мен киім үлгісі;

  • сөзге шешендігі;

  • байқаудың кезеңдеріне дайындық деңгейін бағалайды.



Жеңімпаздарды марапаттау:Байқау жеңімпаздарына колледж тарапынан бағалы сыйлықтар мен оқу төлемақысынан жеңілдіктер беріледі.


Ескерту:
- Әділқазылар құрамын ұйымдастыру комитеті белгілейді;
- Сайыскерлердің өнерін әділқазылар бағалайды;
- Әділқазылардың арнайы, қорытынды шешімімен анықталып, марапатталады

  • Әділқазылар құрамын ұйымдастыру комитеті белгілейді

  • Сайыскерлердің өнерін әділқазылар бағалайды

  • Әділқазылардың арнайы,қорытынды шешімімен анықталып марапатталады.



Марапаттау:
Бас жүлде яғни Miss Parasat –
1- ші орын –
2- ші орын –
3 - ші орын -


Номинация;
1. Көрермен көзайымы
2. Инабатты Ару
3. Өнерлі Ару
4. Сымбатты Ару
5. Білімді Ару
6. Креативті Ару
7.Үкілі ару
8.Парасатты ару
9.Ажарлы ару
10.Зерделі ару
11.Бұрымды ару

Сонымен қатар қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.




«Тәрбие бөлімі» 205 кабинет




2023 жылғы 28 сәуір күндері сағат 14:00де Тараз қаласы, қалалық «Мәдениет» үйінде өтетін «Мiss Parasat - 2022» байқуына үміткер ретінде қатысушының өтініші.

Аты – жөні,тегі:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­_____________________________________________


Жасы, бойы:_________________________________________________


Туған күні, айы, жылы:_______________________________________


Тұрғылықты мекен-жайы:____________________________________


Тобы: ___________________________________________________


Байланыс телефоны ;_____________________________________________


WhatsApp номері:_______________________________________________


Кураторының аты-жөні, номері:_____________________________________




Топбасшының аты- жөні, номері:____________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет