Әлеуметтік зерттеулер



бет4/5
Дата30.11.2022
өлшемі51,24 Kb.
#54021
1   2   3   4   5
бес негізгі заңы тұжырымдалған:
1.Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.
2.Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.
1.Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.
2.Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.
3.Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.
Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеулерден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтану қоғамда идеологиялық қызметті де атқарады. Әлеуметтану адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың сана – сезімдерін, мінез – құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет