Әлеуметтік зерттеулер


Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады



бет3/5
Дата30.11.2022
өлшемі51,24 Kb.
#54021
1   2   3   4   5
Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.
Әлеуметтік байланыстар– белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым – қатынастар– адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.
Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.
2.Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік белсенділік», т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет