Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады. [5]
Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың жоғары деңгейінен көрінетін, оның барлық талаптарына жауап беретін және өзінің кәсіби қызметінде шығармашылықпен еңбек ететін маман болуын талап етеді. Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен жанұя бірлігін тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:
тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;
мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасау;
мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамашылдығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру.
Бұл қағидаларға сүйене отырып жұмыс жүргізу анағұрлым тиімді. Ресей ғалымы Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілік тұрғыда ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру мен тәрбие тәжірибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы бала санына қарай топтап жинаудың тиімді екендігін айтады. Мұндағы ерекшелік- отбасында көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында болатын әңгіменің бірдей болуы мүмкін еместігін және ондай отбасыларындағы мәселелер де әр түрлі болып келетіндігі дәлелденген. [6]
Қорыта айтқанда, мұғалім мен ата-аналардың арасында өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана бала тәрбиедесінде ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Мұғалім кадрлардың отбасы тәрбиесі мәселері бойынша білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында оқытылып, ата-аналармен жұмыс жүргізудің әдістемесі насихатталуы тиімді болмақ. Өйткені мектеп пен отбасы және қоғамдық тәрбие мекемелері тәжірибелерін ықпалдастыру негізінде бірлескен шығармашылыққа жетуге әбден болады. [7]
Әдебиеттердің кітапханалық тізімі
Н.Назарбаев Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы. «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997.
М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154-б.
Чернышевский Н.Г. Таңдамалы шығармалары. VII том
З.Әсемжанова «Менің отбасым – менің үйім» Бастауыш мектеп журналы 2005, № 9 25-26 б.
Әтемова Қ. «Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі» Қазақстан мектебі, 2006 №1
М.Азимов «Жанұя ықпалы» Бастауыш мектеп журналы, 1998 .6 12-13 б.
Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). – М.: МПСИ; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. – 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |