Елеусизова Д. А. Педагогика ғылымының магистрі



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі42,69 Kb.
#11385
1   2   3   4
Байланысты:
Доклад

Аннотация

Благодаря воспитательной работе школы и семьи, важности всестороннего воспитания будущих поколений, воспитания нового поколения, воспитания высокообразованного гражданина. Обсуждаются основы формирования всестороннего развития личности.

Қазіргі кезеңде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәкесеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды. Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «...Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын. [1]

Өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін білім нәрімен сусындатып, халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып, ұлттық дәстүрлердің озық үлгілерін санасына сіңіріп, Абайша сөйлесек, «көкірек көзін оята тәрбиелеу» - ата-анадан басталып, мектепте жалғасып, бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы. Осы тұста Мағжан Жұмабаев былай дейді: «Әрбір ел келешегіне қызмет етуге негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе. Бұл – ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Тарихты аз ғана болса да ақтарған кісі мұны біледі. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, сау, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт». [2]

Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады.

«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан – жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан – жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек».

Жеке тұлғаның жан – жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

-отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;

-ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;

-адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;

-еңбекте адал қарым – қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даяр болуы, еңбек ету қажеттілігін түсінуге, еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу,

-әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу,

-денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;

-табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу, т.с.с. [3]

Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жасөспірім шақтарында жүзеге асырудың маңызы ерекше.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, құштар болып өсуі, сонымен қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы – отбасы.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.

1. Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.

2. Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді.

Бұл, көбінесе, отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады. [4]

Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет