Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет82/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әйел  антропонимиясы.  2018  жылы  әйел  аты-жөнінің  рәсімделуінде 
келесі 7 нұсқа кездесті: 
1) тегі, есімі, әкесі – Олжабаева Дария Олжасовна (-ова/-ева/-ина + есімі + 
-овна/-евна) орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Бегалиева Еркежан Маратқызы (-ова/-ева/-ина 
+ есімі + -қызы) тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына қызы 
жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
3)  тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Наурызбай Раяна Асылханқызы (тегі аффикссіз 
+ есімі + -қызы) тегі аффикссіз жасалып, әке атына қызы жалғанған үш мүшелі 
аты-жөні;  
4) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Абилкасым  Айдана  Нурсултановна  (тегі 
аффикссіз  +  есімі  +  -евна/-евна)  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  орыс 
тіліндегі -овна/-евна аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Сергаина  Зере  (-ов/-ев/-ин  +  есімі)  тегі  орыс  тіліндегі 
аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
6) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Үмбетжан  Дәмелі  (тегі  аффикссіз  +  есімі)  тегі 
аффикссіз жасалған екі мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-жөні
7) әкесі, есімі (ӘЕ) – Еділқызы Әдемі (-қызы + есімі), әкесінің атына -қызы 
сөзі жалғанып жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
Аталған  аты-жөні  нұсқаларының  сандық  және  пайыздық  үлесі  кестеде 
берілді (28-кесте). 
2018  жылғы  әйел  аты-жөні  нұсқалары  арасында  жоғары  сатыда  ұлттық 
нұсқа  ретінде  ұсынылған  ТЕӘ  (тегі  аффикссіз  +  есімі  +  -қызы)  аты-жөні 
нұсқасы – 66,73 %-ды құрады. 
Келесі  орында  –  17,03  %-бен  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған 
ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна) үш мүшелі аты-жөні болды.   


120
 
 
Кесте 28 – 2018 жыл әйел аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Әйел аты-жөні нұсқалары (2018) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіш (%) 





ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна)  
1465 
17,03 % 

ТЕӘ (-ова/-ева /-ина + есімі + -қызы) 
52 
0,60 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы)  
5739 
66,73 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -овна)  

0,01 % 

ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі)  
166 
1,93 % 

ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)  
239 
2,78 % 

ӘЕ (-қызы + есімі) 
938 
10,91 % 
Барлығы: 8600 
  
Кестеде  көрсетілгендей,  одан  кейінгі  сатыда  ұлттық  аты-жөні 
нұсқаларының бірі ретінде қабылданған ӘЕ (-қызы + есімі) екі мүшелі аты-жөні 
нұсқасы – 2,78 %-ды құрады.  
Жиі таңдалған әйел есімдері. 2018 жылы ең жиі таңдалған 15 әйел есімінің 
тізімі кестеде (кесте 29) берілді.  
 
Кесте 29 – 2018 жылы әйел аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Әйел есімдері (2018 ж.) 
Саны 




Айша 
362 

Раяна 
298 

Мәдина  
288 

Айзере 
281 

Әмина 
280 

Айлин 
270 

Айару 
257 

Кәусар 
219 

Аяла 
185 
10 
Томирис 
150 
11 
Сафия 
149 
12 
Әдина 
145 
13 
Асылым 
138 
14 
Мария 
134 
15 
Айым 
120 
    
2018  жылы  ең  жиі таңдалған  әйел  есімдері:  Айша –  362 рет,  Раяна  –  298 
рет, Мәдина (Медина) – 288 рет, Айзере – 281 рет, Әмина – 280 рет, Айлин – 270 
рет. 


121
 
 
Келесі  әйел  есімдері  рәсімделуі  бойынша  дыбыстық  жағынан  өзгеріп, 
бірнеше  нұсқада  жазылған:  Мария  (Мәрия,  Мәриям,  Мариам,  Мариям, 
Марияма,  Марьям,  Марям,  Марияш),  Раяна  (Раян,  Райян,  Райана,  Раияна, 
Райяна),  Сафия  (Сафи,  Сафина,  Сафият,  Сафийе,  София),  Айлин  (Айлина, 
Айлуна,  Айэлин,  Айлы,  Дайлин,  Тайлин),  Томирис  (Тамирис,  Тамерис), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет