149
Сонымен бірге танымал тұлғалар арасында «бүркеншік тек + кісі есімі»
үлгісіндегі бүркеншік атпен белгілі тұлғалар – 5,86 %-ды көрсетсе (
Қожағұл
Ерболат –
Измурзаев Ерболат Итешович, Алиев Арыстанбек – Мухамедиұлы
Арыстанбек), «лақап ат + кісі тегі» үлгісіндегі лақап аттар – 0,8 %-ды (
Әсия
Омарова –
Омарова Василия Шынкожаевна), «лақап ат + лақап тектен
жасалған үлгі – 1,66 %-ды көрсетті (
Ерұлан Көпжасарұлы – Кобен Ерлан,
Айдар Байжанов – жігіттер тобының әншісі).
2000 жылдары бүркеншік аттың жаңа үлгісі пайда болғанын келесі
мысалдар дәлелдейді:
J.Nai – Абилдинов Жандос Жанболатович, композитор,
ақын;
DAS – Акынбеков Диас Нурланович, музыкант, ән сөзінің авторы;
Dias
Adil – Әбіл Диас Берікұлы, музыкант, аранжировка;
Ballou – Балымбетов Тимур
Бауыржанович, музыкант, ән сөзінің авторы;
Uoli – Джайлыбаев Уалихан
Халилуллаевич, музыка, аранжировка;
DJ Samick – Ермаханов Самал
Сисекенович, музыкант, аранжировка;
Shivang – Жамбакиев Азиз
Махаметович, музыка, аранжировка,
Qonyratbay Fam – Қоңыратбай Сұлтанәлі
Кенжеәліұлы, музыкант. Мұндай жаңа бағыттағы латын графикасы негізінде
жасалған бүркеншік аттардың пайыздық көрсеткіші – 20,83 %-ды құрады.
Жоғарыда мысал ретінде келтірілген бүркеншік аттар дәстүрлі антропонимдік
үлгіге
формасы жағынан да, құрылысы жағынан да сәйкес келмейді.
Мифтік кейіпкер, апеллятив атаулар, сөз тіркестері мен тұрақты тіркестер
арқылы жасалған 9,16 %-ды құрайтын лақап аттардың жаңа үлгісі ерекше назар
аудартады. Мысалы:
Қыдыр-ата – Азимбаев Ернур Мусаевич, музыкант;
Қожаназар – Акбуркитов Кожа, ән сөзінің авторы;
Барыс Хан – Ахметов
Бақдәулет Арыстанұлы, музыкант, ән сөзінің авторы;
Сұлу – Бегманова
Жаксыгуль Шамшеновна, музыкант, ән сөзінің авторы;
Тілек – Даму Тілеухан,
музыка, мәтін;
Жігер – Еликбаев Канат Жаркимбекович, музыка, мәтін;
Қалдыбай – Иламанов Моллаберген Сейлханович, аранжировка;
Хан-қызы –
Іңкәрбек Әлия Ерболатқызы, мәтін; Ораз ақын – Кинбаев Оразбек Бекболато-
вич, мәтін;
Сары Тентек – Максутов Куаныш Мажкенович, музыка, мәтін;
Сұлужүрек – Өмірбек Бекмұрат, мәтін. Қазақ жұлдыздары арасында «кісі есімі
+ ру аты» үлгісіндегі бүркеншік атпен танылғандар – 7,5 %-ды құрады.
Мәселен:
Нұрлан Албан,
Сара Найман,
Ақылбек Жеменей,
Майра Керей,
Ғаділбек Жанай және тағы басқа.
Сахнадағы бүркеншік аттардың жасалуының бірнеше үлгісі бар екендігі
анықталды. Бүркеншік аттар жасанды атау сөздер ретінде түрлі
экстралингвистикалық факторлар арқылы пайда болып, антропонимдердің бір
түрі түрінде қоғамда қызмет атқарады. Қоғамда болып жатқан өзгерістер,
оқиғалар, жаңалықтар, қоршаған ортадағы құбылыстар оларға тікелей ықпалын
тигізеді. Бүркеншік ат жүйесінің қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік, мәдени
үдерістермен тығыз байланыста болып келеді. Сол себептен, келешекте
бүркеншік ат жасаудың басқа да ерекше түрлері пайда болуы мүмкін деген
болжам жасауға болады. Қазақ шоу-бизнесіндегі сахналық аттар жыл өткен
сайын артуда. Заманауи сахналық аттардың барлығын жинақтап, мән-