Сөз әр түрлі тәсілдермен түрленіп, әлденеше формаға ие болады. Мысалы, қызылдау, қызылырақ, қызғылтым, қып-қызыл дегендер бір ғана қызыл деген сөздің аффиксация тәсілі (қызылдау, қызылырақ, қызғылтым), жартылай қосарлану (қып-қызыл) арқылы жасалған формалары болып саналады.
Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қарастырылады. Сөз, әдетте, әр түрлі формаларға ие болады. Ол белгілі бір сөйлемде немесе сөз тіркесінде қолданылғанылғанында, барлық формаларында емес, бір немесе бірнеше формасында қолданылады. Сөйлемдегі немесе сөз тіркесіндегі сөздер мағыналары жағынан ғана емес, сонымен бірге формалары жағынан да ажыратылады. Мысалы, Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме деген сөйлеміндегі сүріндір деген етістік бір-бірінен әр түрлі формада қолданлуы жағынан ажыратылып тұр.

Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір формасы, әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматикалық форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады.
Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Проф. А. И. Смирницкий ондай сөзді жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрді.
ТІЛ-ТІЛДЕ СӨЗ ФОРМАЛАРЫНЫҢ ЕКІ ТҮРІ БАР:
1. Сөздің синтетикалық формалары,
2.Сөздің аналитикалық формалары.
Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір формасы, әрі сол сөздің формасы, әрі жалпы грамматикалық форма, мысалы, белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады. Сөз қаншама формада қолданылса да, әр басқа сөз емес, бір сөз ретінде ұғынылады. Проф. А. И. Смирницкий ондай сөзді жалпы сөз атаулыдан ажырату үшін лексема деп атауды жөн көрді. Оның пікірінше, форма лексемаға қарсы мағынада ұғынылса, формалық қатар формалар жүйесі ретінде қаралатын сөзге қарсы мағынада ұғынылады. Формалық қатар да сөз формаларының жүйесі, бірақ ол лексемалрдың тепе-теңдік белгісі бойынша емес, формалардың тепе-теңдік белгісі бойынша біріктірілген сөз формаларының жүйесі болып саналады. Сөз формасында осы екі жүйе бір-бірімен түйісіп жатады.
1.Сөзге әр түрлі аффикстердің жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз: орыс тілінде: стол – столы; ағылшын тілінде: tabie (үстел) – tabies (үстелдер).
Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін (ер, еркек) білдірсе,оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі — men (ерлер, еркектер) зат есімнің көпше түрін білдіреді.