Әлихан бөкейхан



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі353,16 Kb.
#6459

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



 

Поступила в редакцию 15.11.2012.

 

 



Р. ТҰРЫСБЕК

 

 



ӘЛИХАН

 

БӨКЕЙХАН –

 

АБАЙТАНУШЫ

 

http://www.enu.kz

        

 

This artile devoted to the problems of Abaitany, idea of Alash and the herritage of A.Bokeikhan.

 

 

Абайтану –



 

ҽдебиеттану ғылымының арналы салаларының бірі. Абай ҽлемі –

 

мҽңгілік мұра, 



қымбат  қазыналар  қатарына  жататындықтан,  ғасырдан  астам  уақыттар  бойы  сҿз  етіліп,  ҽр 

алуан  бағытта  зерт

-

теулер  жүйесіне  айналып  келеді.  Қысқа  еске  алсақ,  Ҽ.Бҿкейханның  «Абай 



(Ибрагим)  Құнанбаев»  атты  мүнаһиб  (азанама

-

некролог)  мақаласы  [1],  А.Байтұрсыновтың 



«Қазақтың  бас  ақыны»  [2],  М.Дулатовтың  «Абай»  [3],  М.  Ҽуезов  пен  Ж.Аймауытұлының 

«Абайдың ҿнері Һҽм қызметі» [4], атты мақалалары, сондай

-

ақ І.Жансүгіровтың «Абай кітабы», 



С.Мұқановтың  «Қара  тақтаға  жазылып  қалмаңдар,  шешендер!»  Ы.Мұстамбаевтың  «Абай», 

Қ.Жұбановтың  «Абай

-

қазақ  ҽдебиетінің  клас



-

сигі»  т.б.  ХХ  ғасырдың  бас  кезеңінде

-

ақ  Абайдың 



ҿмірі мен шығармашылық мұрасы хақында кең кҿлемде сҿз етті.

 

 



Абай мұрасы –

 

ХХ ғасырдың ҿн бойында сҿз етіліп (ҽр алуан бағаланып, қилы кҿзқарастар 



да  орын  алды),  арнайы  зерттеулер  жүйесін  құрады.  Бұл  ретте,  сҿз  жоқ  ұлт  зиялылары,  ақын

-

қаламгерлер, ұстаз



-

ғалымдар белсенділік кҿрсетті (мысалы, М.Ҽуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, 

Е.Ысмайылов,  Т.Нұртазин,  Б.Кенжебаев,  Ы.Мұстамбаев,  Ғ.Тоғжанов,  І.Қабылов,  Қ.Жұбанов, 

М.Ақынжанов, Ҽ.Жиреншин, Қ.Бейсембиев, М.Ритман, М.Сильченко, З.Ахметов, Ы.Дүйсенбаев, 

Т.Ҽлімқұлов, 

Қ.Мұхамедханов, 

М.Мырзахметов, 

З.Қабдолов, 

С.Қирабаев, 

Т.Кҽкішев, 

М.Базарбаев,  Р.Бердібаев,  С.Қасқабасов,  Ж.Ысмағұлов,  Р.Нұрғали,  Г.Бельгер,  Д.Досжан, 

Қ.Салғара, Б.Байғалиев, Т.Жұртбай, Т.Шапай, А.Шҽріп т.б.).

 

 

«Абай»  энциклопедиясы  жарық  кҿрді  [5].  Еліміздің  жер



-

жерінде  һҽм  алыс

-

жақын  шетелдерде  –



 

Абай орталықтары, зерттеу институттары бар. Еңселі ескерткіштерді де жиі кездестіруге болады.

 

Ұлттық


 

ҽдебиеттану ғылымындағы –

 

Абайтану тарихы мен тағылымы дегенде, бастапқы тұста  –



 

Алаштың ардағы, ҽмбебап тұлға, ғұлама ғалым Ҽлихан Нұрмұхамедұлы Бҿкейхан тұрады [6].

 

Алдымен айтарымыз, Абайдың ҿмірі мен шығармашылық мұрасын орыс оқырмандарына 



тұңғыш таныстырған –

 

Ҽлихан Бҿкейхан еді [1].



 

 

«Абай  (Ибраһим)  Кунанбаев»  –



 

мүнаһиб  (некролог)  мақала,  алдымен  Семейдегі  –

 

«Семипалатин



-

ский  листок»  газетінде  1905  жылы  25,  26,  27  қараша  күнгі  250

-252 

сандарында  жарияланады.  Бұдан  соң 



«Семипалатинские  областные  ведомости» 

газетінде (1906 жыл)  қайта  басылады.  1907 жылы  «Записки  Семипалатинского подотдела 

Западно


-

Сибирского отдела И.Р.Г.О.» атты кітабынан орын алды.

 

 

60



 

№ 1 

(92) 2013

 

 



Ҽ.Бҿкейханның  ҿмірі  мен  қоғамдық  қызметі,  шығармашылық  мұрасына  қатысты 

еңбектерде тиісінше сҿз етіледі [7].

 

 

Абайтану  мен  оның  тарихына  ден  қойған  тұста,  ақын  мұрасының  бастапқы  кезеңі 



баспасҿзде кҿрініс бергенін еске алған жҿн [8].

 

 

Ал, Абай ҿмірбаянын алғаш жазған –



 

Кҽкітай Ысқақұлы мен ақынның ҿз баласы Тұрағұл еді. Біздіңше, 

Абайтану мҽселесін қарастырған кезде, ақын мұрасына оралған тұста мұның ұлттық Һҽм

 

ҽлеуметтік



 

мҽнімен бірге, мҽдени

-

рухани құндылықтардың қадір



-

қасиетін айқындауда, БАҚ 

жүйесі  мен  жекелеген  адамдардың  жанашырлығы  мен  жауакершілігі  де  назардан  тыс 

қалмағаны абзал. Осы реттен алғанда, Кҽкітай мен Тұрағұлдың есімі мен еңбегі ерен, ақын 

мұрасын жеткізудегі жанкешті ҽрекеттері қолдау мен құрметтеуге ҽбден лайықты дер

 

едік.



 

 

Абай мұрасының алғашқы кезеңінде –



 

Алаш ардақтысы Ҽ.Бҿкейхан есімі мен еңбегінің мҽні 

зор. Ойға алсақ : «...Абайдың кҿзі тірісінде,нақтылап айтсақ 1903 жылы ұлы ақынымызды орыс 

оқырмандарына  тұңғыш  таныстырған  да  осы  –

 

Ҽлихан  Бҿкейханов  еді.  Дерекке  сүйенсек, 



атақты  ғалымдар  П.П.Семенов

-

Тянь



-

Шанский  жҽне  академик  В.И.Ламанскийдің  басқаруымен: 

«Россия.  Полное  географическое  описание  нашего  отечества»  атты  кҿптомдық  кітаптың 

«Киргизский  край»  деп  аталатын  қазақ  тарихына  арналған  18

-

ші  томының  «Население»  атты 



бҿлімін жазысқан жалғыз қазақ та Ҽлихан еді. Осы бҿлімде халқымыздың тарихы, мінез

-

құлқы 



мен  ҽдебиеті  жайлы  айта  келіп,  ұлы  Абайға  ерекше  ден  қоятыны  белгілі.  Мұнымен  қоса  бұл 

еңбектің Санкт

-

Петербургте басылып шыққанын да ескеруіміз қажет.



 

 

Абай  дүниеден  ҿткен  соң  да  арнайы  «Азанама»  жазып,алдымен  Семейде,  онан  кейін  «Записки 



Семипалатинского  Подотдела  Заподно

-

Сибирского  отдела  Императорского  русского  географического 



Общества» деп аталатын кітапқа ақынның ҿмірбаянын суретімен қоса жариялайды» [9, 

3-4].


 

Ал, Ҽ.Бҿкейхан «Кҽкітай» атты мақаласында оның жастық кезеңін, қабілеті мен қайратын, ҽсіресе 

Абай ҽлеміне адалдығын айрықша атайды: «Кҽкітайдың ҽкесі Ысқақ –

 

ақын Абайдың інісі. Кҽкітайды 



жасынан  сүйіп,  Абай  қасына  ертіп  баураған.  Абай  қасында  жүріп

 

мектеп  кҿрді.  Кҽкітай  орысша  оқи 



да,  жаза  да  білген.  Абай  білетін  Европа  жазушыларымен  Кҽкітай  таныс  еді.  Ыждаһаттылық 

арқасында сҿзге ұста болды. Топта орысша сҿйлеуге қысылмайтын. Сҿз білетін еді.

 

Ҽуелі


 

Кҽкітайды 1900 жылы күзді күні кҿрдім. Қасқырдың бҿлтірігіндей

 

тоғыздағы баласы Білҽлді 



гимназияға берем деп Семейге келген

-

ді. Онда заман тыныш, тұңғиық. Біз сынаса алмадық.



 

1904  жылы  Абай  марқұмның  ҿлеңін  кітап  қылып  басыңдар  деп  балаларына  хат  жаздым.  1905  жылы 

шілденің  аяғында  Кҽкітай  Абайдың  қолжазбасын  алып,  Омбыдағы  маған  келді.  1905  жылы  жазғытұрғы 

саясат ісі қалай болғанын біздің «Қазақты» оқушылар біледі. Кҽкітай біздің үйде бірер жұма жатты. Абай, 

Пушкин, Лермонтов сҿздерін бірге оқып, мҽз

-

мейрам бірге болдық. Анық таныстық» [10].



 

Ҽдебиеттанушы

 



 



ғалым  Қ.Мұхамедханов:  «Абайдың  ҿмірбаяны  революцияға  дейін 

Семейдің  ҿзінде  орыс тілінде  екі  рет  (1905,1907  ж.)  басылғаны,  Кҽкітай  жазған  ҿмірбаяны 

қазақ тілінде 1909 жылы басылғаны мҽлім...

 

 



Абай –

 

ұлы ақын, қазақтың жазба ҽдебиетінің кҿшбасшы кҿсемі екенін орыстың алдыңғы 



қатарлы  мҽдениет  қайраткерлері  ақынның  кҿзі  тірісінде

-

ақ  танып  білген.  1903  жылы 



«Россия Полное геог

-

рафическое описание нашего отечество. Том ХҮІІІ. Киргизский край» 



деп аталатын кітапта жазған ,

деп нақтылай түседі [11, 330].



 

 

Ҽ.Бҿкейханның  Абай  ҽлеміне  еркін  ден  қойып,  ақынның  ҿмірі  мен  шығармашылығына  қатысты 



қағидалы кҿзқарас білдіргені, ұлт руханиятындағы орын

-

үлесін айқындағаны арнайы ҽдебиеттер мен 



зерттеу жүйелерінен кең орын алады. Атап айтқанда, «Қазақ ҽдебиетінің тарихында»:

 

«Қазақтың да



-

нышпан ақыны Абай туралы баспа жүзін кҿрген алғашқы ең толымды, терең, ғылыми еңбек Ҽлихан 

Бҿкейханның «Абай (Ибрагим) Кунанбаев» деген орыс тілінде жазған мақаласы.

 

Шындығына  келгенде,  Абай  мен  Ҽлиханның  жас  айырмасы  біржарым  мүшелдей  ғана, 



еке

-

уі  де  бір  атыраптың  –



 

Семей  губерниясы,  Қарқаралы  уезінің  адамдары,  сондықтан 

бұлардың  кҿзі  тірісінде  ұшырасуы,  сұхбаттасуы  ҽбден  ықтимал,  бірақ  ондай  сҿзді  Ҽлихан 

жазбайды. Абайдың ұлы Тұрағұлмен, ағаларының балалары Шҽкҽрім, Кҽкітайлармен қалай 

танысты, қалай достасты, қалай хат жазысты –

 

бұлар туралы анық деректер келтіреді...



 

 

Балаларына білім беруді мақсат еткен Абайдың ұлы Ҽбдірахманды Петербургте оқытуын, ол 



азаматтың  қыршын  кетуін,  Мағауияның  ҿлімін,  тіршіліктің  кҿп  күресінің  қажытып,  ақыры  даны

-

шпан  ақынның  опат  болуын  айта  келіп,  Ҽлихан  Бҿкейхан  Абай  шығармалары  Европаның  ең 



атақты ақындарына абырой

-

даңқ ҽперер еді деген байлам жасайды» [12, 173



-174].

 

 



«Қазақ ҽдебиеттану ғылымының тарихы» атты қос томдық кітапта Абай мұрасының маңызды 

тұстары айқындалады: «Ҽ. Бҿкейхан –

 

тұңғыш абайтанушы екені сҿзсіз. Ҽдебиетші Абай



 

 

61



 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



шығармашылығын  жаңа  ұлттық  ҽдебиеттің  басы  деп  түсіндірген.  Сондықтан  бұл  асыл  мұраны 

жинап,халыққа

 

таратуды міндет деп санаған. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына



 

алғаш рет паш еткен Ҽ.Бҿкейханның Абайдың лирикасын

 

еуропалық классикалық үлгілермен тең



 

қоюы


 

да сондықтан. Абайдың қайтыс болуына бір жыл

 

толуына байланысты жазылған  «Абай



 

(Ибраһим)  Құнанбайұлы»  мүнҽҺиб

-

мақаласы  күні  бүгінге  дейін  абайтанудың  тұңғыш 



зерттеуі бо

-

лып келеді. Ҽдебиетші Ҽ.Бҿкейханның атсалысуымен Абайдың тұңғыш жинағы 



1909 жылы сол кездегі Ресей астанасы Санкт

-

Петерборда жарық кҿрген» [13, 169].



 

 

Ал, Ҽ.Бҿкейханның aбайтанушы ретіндегі еңбегі, ақын мұрасының мирасқор



-

жанашыры болғаны

 

 



 

«  Алаш»  қозғалысы»  атты  анықтамалықта  айқын  кҿрсетіледі:  «...Ҽлихан  тұңғыш  абайтанушы  да 

болды.  Абай  шығармаларын  жаңа  заманның  тынысы,  лебі  деп  түсінді,  қалыптасып  келе  жатқан 

қазақтың жаңа ұлттық ҽдебиетінің бастамасы деп бағалады. Абайдың ҿлеңдері мен нақыл сҿздерін 

жинақтауға  атсалысты.  Абайдың  ҿлеңдері  мен  қара  сҿздерінің  тұңғыш  жинағын  редакциялап, 

жинақтың 1909 жылы Санкт

-

Петербургте басылып шығуына қолұшын берген [14, 22].



 

Орайлы  тұста  еске  алсақ,  Ҽ.Бҿкейхан  «Абай  (Ибрагим)  Кунанбаев»  /МүнҽҺиб

-

некролог/  атты 



мақаласында  қазақ  руханиятының  кҿгіндегі  жарық  жұлдыз,  ақындық  ҿнердің  үздік  үлгісі,  ұлттық 

мақтанышымыз –

 

Абайдың ҿмірі мен шығармашылық мұрасын алғаш рет қалың кҿпшілікке танысты



-

рып,  ақынның  жаңашылдық  қырларын,  тақырыптық  ерекшеліктерін,  кҿркемдік

-

поэтикалық  қуатын, 



ҿзіндік ҿзгешеліктерін кезең

-

уақыттың ҿзекті мҽселелерімен байланыста байыпты сҿз етеді.



 

Мақалаға алғы сҿз жазып, аударған –

 

Т.Жұртбай.



 

 

Ҽ.Бҿкейхан  мақаланың  бастапқы  бҿлігінде:  Абай  Құнанбаевтың  –



 

Семей  ҿңірінде, 

Шыңғыстауда ҿмірге келгенін, ҽжесінің еркелетіп –

 

Абай атағанын еске алады. Отбасылық 



ҿмір,қоғамдық орта кҿрсетіледі.

 

 



Мақала  авторы  ақын  ҿмірге  келген  ортаны,  ҽсіресе  бабасы  мен  атасы,  ҿз  ҽке

-

шешесі  туралы 



кеңінен  кҿрсетеді.  Қоғамдық  орта,  отбасылық  ҿмір,  арғы

-

бергі  кезең  хақында  тҿмендегіше  жазады: 



«Абай ҽке жағынан алғанда тобықты руының белгілі шонжары мен биінен тарайды. Ақынның баба

-

сы,  тобықтының  батыр  биі  Ырғызбай  Торғай  облысындағы  Ырғыз  ҿзенінің



 

бойында  ХVII  ғасырдың 

елуінші  жылдары  Түркістаннан  аса  құнарлы,  жайылымы  мол  Шыңғыс  тауына  кҿшіріп  ҽкеледі. 

Абайдың  атасы Ҿскенбай  дала халқына  ҽділ би  ретінде танылды. Оған басқа  рулардың қазақтары 

да  жүгініп,  дауларын  шешкізді.  Абайдың  ҽкесі  Құнанбай  да  басқа  рудың  қазақтарына  ҿктемдік 

жүргізген, оны тек қана тҿре тұқымдарының сұлтандарына ғана тҽн лауазым  –

 

Қарқаралы округінің 



аға  сұлтаны  болып  сайлануы  дҽлелдейді.  Құнанбай  ҿмірінің  соңында  Меккеге  барып,  одан  қайтып 

оралған соң ел билігінен бойын аулақ салады. Бұның ҿзі де Құнанбайдың беделін ҿсіре түседі.

 

 

Абайдың  шешесі  Ұлжан  да  Бошан  руының  затты  тұқымы  Бертістен  тарайды.  Ол  да 



Ырғызбай  сияқты Қаракесек  руын  Қарқаралы  уезіндегі  Қу,  Едірей,  Мыржық  тауына  бастап 

келген.  Абайдың  шешесі  Ұлжанның  тҿркіні  қушыкеш  Қантай  мен  Тонтайдың  есімі  қазақ 

даласына  кеңінен  мҽлім».  Біздіңше,  Абай  ҿскен  орта,  ататек  мұраты,  халықтық  салт

-

дҽстүрлер, отбасылық ҿмір иірімдері т.т. нанымды жеткізіледі.



 

 

Ақынның  қайтыс  болған  мезетіне  де  мҽн  береді:  «Абай  алпыс  жасқа



 

қарағанда  қайтыс 

болды. Ол 1845 жылы (жылан жылы) туып, 1904 жылы (қоян жылы) қайтыс болды».

 

 



Автор  Абайдың  10

-

12  жаста  хат  танығанын,  Семейдегі  Ахмет  Риза  молданың  медресесіне  түскенін, 



орыс  мектебінен  дҽріс  алғанын,  онда  да  зерек,  зейінді  болғанына  назар  аударады.  Ҽкесінің  жанын

-

да 



жүріп,  ел  ісіне  араласқанын,  қазақтың  ҽдет

-

дағды,  дҽстүр



-

салтын  меңгергенін,  би

-

шешендер  жүйесімен 



ділмар атанғанын, Ислам дініне ден қойғанын, халық ҽдебиеті үлгілеріне қаныққандығын, білім 

білігін ҽр 



алуан  бағыттарда  арттырғанын  айрықша  атайды.  «Құнанбай  семьясындағы  діни  пікірлер  мен  ғұрыптар, 

ҽкенің  үстемділігінің  күші  Абайдың  ислам  ҽдет

-

ғұрыптарының  бүркеншік  қасиеттерін  сезінуге  жол  ашты. 



Абай  отыз  жасында  барымтаны  жойып,  ҿзге  рудың  байлары  мен  туысқандық  пен

 

достыққа  ұмтылған, 



жауларын  сескентетін  беделді  қазақ  атанады.  Абай  ҿзінің  барлық  қабілеті  мен  білімінің  арқасында 

қазақтардың  билік  тартысы  арасында  басты  тізгін  ұстаумен  болды.  Абай  ҿз  отанының  сап  алтыны  еді, 

дауға да, партия таласына да ҽділ тҿрелік айтты».

 

Бұдан  кейінгі  жерде,  атап  айтқанда  мақаланың  біраз  бҿлігі  –



 

елдегі  ақындық  пен  ақынсымақтар 

тҿңірегінде ҿріс алады. Оның ҿзі кҿбінде бақсылық бағытында, байлық пен билік маңында, «бай

-

дан 



мал  қанап  алатын»  ҿлеңшісымақтардың  болғанын  айтады.  Мақтау  ҿлеңнің  ҿріс  алғанын, 

мақтаусымақтық  сыр

-

сипаттары  айқындалады.  Автор  ақындық  ҿнер  мұратына  мҽн  береді.  Талант 



табиғаты мен қуатын, жанрлық жүйесін, кҿркемдік қырларын ашады. Ақын ҽлеміне мҽн береді.

 

Абайдың  орыс  достары 



Михаэлис  пен  Гросс,  олар  арқылы  Пушкин,  Лермонтов,  Некрасов,  Толстой, 

Тургенов, Белинский, Достаевский, Добролюбов , Салтыков 

Шедрин, Писарев т.б.шығармаларымен



 

 

62



 

№ 1 (92) 2013

 

 



танысады.  Олардың  арасында  Михаэлисті  ҿзіне  жақын  тұтады.  Лермонтовты  тұшына  оқып,  оның 

«Ой»,  «Қанжар»,  «Дұға»  ҿлеңдерін,  Крыловтың  мысалдарын  аударады.  Абай  Толстой  мен 

Салтыковтың  талантына  бас  иді.  Орыс  мектептерінде  оқитын  қазақ  балаларына  арнап,қазақ 

балаларының парақор болуға ұмтылатынын сықақ етіп, Толстой мен Шедрин болуға меңзейді. Автор 

Абай мұратының орыс достары мен олардың шығармашылық ҽсер

ықпалы арқылы дамып, арналы 



ағыс құрағанын да еске алады. Халықтар достығының маңызын, оның Абай ҽлемінен кҿрініс табуын 

құптарлық  кҿріністер  қатарына  жатқызады.  Атап  ҿтер  жайт:  Ҽ.Бҿкейхан  Абай  ҽлеміне  ену  негізінде 

орыс ҽдебиетінің, ондағы бірқатар белгілі қалам қайраткерлері шығармашылығына назар аударады. 

Абай  ден  қойған,  мҽдени

-

рухани  нҽр  алған  бастау



-

қайнарларға,  аударма  мұрасына,  кҿркемдік 

мұраттар мен құндылықтарға маңыз береді. Сабақтастық сырларын ашады.

 

 



Мақалада Абай балалары, оларды оқу

-

білімге тарту, тҽлім



-

тҽрбие беру мҽселесіне кҿңіл 

бҿлінеді. Алдымен ақынның ҿзі дер кезінде оқу

-

білімді ала алмағанына назар аударылады:



 

 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім



Пайдасын көре тұра тексермедім. Ер 

жеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –

 

 



десе, баланы оқыту мен тҽрбиелеудің маңызын былай ашады:

 

 



 

Адамның бір қызығы бала деген, Баланы 

оқытуды жек көрмедім, Баламды 

медресеге біл деп бердім, Қызмет 

қылсын,шен алсын деп бермедім.

 

 



Автор  Абайдың  Ҽбдірахман,  Мағауия  балаларының,  олардың  ҿмірге,  оқу

-

білімге  құштарлығын, 



үмітті  ұлдар  екендігін  былай  білдіреді:  «Ҽбдірахман  қалалық  училищені  бітіргеннен  кейін  Абай  оны 

жылына  бірнеше  жүз  сом  қаржы  шығара  отырып,  Тюменьдегі  реалды  училищеге  береді.  Абай  оқу 

үшін осынша кҿп ақша шығарған алғашқы қазақтың бірі. Ҽбдірахман Тюменьнің реалды училищесін 

тамамдаған соң Петербургтегі технологиялық институтқа аттанады. Онда бір танысының (Лосевский 

мырзаның) кеңесімен Михайлов артеллерия училищесіне түседі. Ҿкінішке орай, ҿз еліне қамқорлығы 

тиеді  деп  үміт  еткен  Ҽбдірахман  Артиллерия  академиясына  баруға  дайындалып  жүрген  кезінде, 

1895 жылы ҿкпе ауруынан қайтыс болады...

 

 



1904  жылы  мамырдың  14  жұлдызында  Абайдың  сүйікті  ұлы  Мағауия  қайтыс  болды.  Кезінде 

денсаулығының нашарлауына байланысты сүйікті баласын қалалық училищеден қайтарып алған бо

-

латын.  Бұл  қаза  Абайды  қатты  қайғыртып,  ешкіммен  сҿйлеспеді,  кҿптен  ҿзін  жырақ  ұстады.  Қырық 



күннен кейін ҿзі де дүние салды. 1893 жылы жазған олеңдері алдынан шыққандай кҿрінді:

 

 



Жүрегімді құм қылды, 

Өткен адам, өлген жан. 

Ақыл іздеп зерлепті, 

Бәрін сынап сандалған, 

Енді ішіме ой салған, Тұла 

бойды улатты, Бәрі 

алдағыш сұм жалған, 

Басқа тиді байқадық, 

Бәріне басты шайқадық

Тағы

 

бар ма айтарың, 

Нанғыш болсаң енді нан.

 

 



Автор  Абайдың  орыс  ҽдебиетімен  танысуын  қымбат  қазына,  үлкен  олжа  санайды.  «...қазақтың 

ұсақ


-

түйегінен  аулақ,  оқу  мен  ҿлеңге  берілген  қазақ  ақыны  болды.  ...Абайдың  сатиралық  ҿлеңдері 

қырғыз  даласының  түкпір

-

түкпірінен  кездеседі.  Абай  ҿзінің  туыстарына  да  сын  кҿзбен  қарап,  ҿз 



талантының тҽсілін түсіндірді» деп жазады. Бірер шумақ ҿлеңін тілге тиек етеді:

 

 



63

 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



Жан көрінбес көзіме, 

Арғын, найман жиылса. 

Таңырқаған сөзіме. 

Қайран сөзім қор болды, 

Тобықтының езіне.

 

 



Немесе:

 

 



Өзімде

 

басқа шауып,төске өрледім, 

Қазаққа қара сөзге дес бермедім. 

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде 

тыныш жүргенді жек көрмедім.

 

 



Бұдан  байқалатыны,  Ҽ.Бҿкейхан  ақын  мұрасындағы  сатиралық  бағыттағы  қырларын 

бҿлекше  қарап,  ондағы  тақырыптық  арнаға,  қоғамдық  құбылыстарға,  адам  ҽлемінің 

сырларына  ден  қояды.  Ақын  мұратына,  қиял  қанатына,  ой

-

сҿз  жүйесіне  назар  аударады. 



Нҽтижесінде,  қоғамдағы  ахуалға,  адамдар  қарым

-

қатынасына,  адал  еңбектің  сырлы 



сипаттарына назар аударады. Адам мен оның еңбегі ардақталады.

 

 



Ҽ.  Бҿкейхан  Абай  ҽлеміне  еркін  еніп,  ақындық  ҿнеріне,  ҿлеңдегі  бейне

-

бедерлерге,  құбылыс



-

кҿріністерге,  жан

-

жүрекке,  сыр



-

сезімге  маңыз  береді.  Ол  туралы:  «Ҿлеңдерінен  кҿрініп

 

тұрғандай,  Абай 



асқақ  поэтикалық  қуаттың  иесі,  қазақ  халқының  мақтанышы  болды.  Абай  сияқты  халықтың  рухани 

шығармашылығын  осыншама  жоғары  кҿтерген  қазақ  ақыны  ҽлі  кездескен  жоқ.  Оның  жылдың  тҿрт 

мезгіліне  арналған  (кҿктем,  жаз,  күз,  қыс)  тамаша  жырлары  оны  Еуропаның  атақты  ақындарының 

қатарына  қосар  еді», 

деп  түйін  жасайды.  Ақын  мұраты,  ҿлең



-

ҿнердегі  ҿрнегі  айқындалады.  Ҿмірдегі 

орны, ҿнердегі ҿлкесі кең кҿлемде кҿрсетіледі. Автор бірнеше тақырып, бірер ҿлеңін тілге тілге тиек етсе 

де  ақын  мұратын,

 

ҿнердегі  орнын  шынайы  шығармашылықтың,  шеберлік  сырларының  түйінді  тұстарын, 



ҿзіндік  ҿзгешеліктерін  тап басып  кҿрсетеді.  Бұдан,  сҿз  жоқ,  Ҽ.Бҿкейханның  Абай  ҽлеміне,  ондағы  қоғам, 

адам,  ҿмір,  еңбек  т.с.с.  ҿзекті  тақырыптарды  терең  танып

-

түстеп,  осының  не



-

гізінде  ақындық  ҿнердің 

табиғаты  мен  тағылымына  дендеп  енуі,  ақиқат  жайттарды  жаңаша  кҿзбен,  соны  сипаттар  тұрғысынан 

бағалауы  қазіргі  кезеңде  де  мҽнді.  Абайтану  ісіне  қосылған  сүбелі  үлес.  Маңыздысы,  ҽрине  Ҽ.Бҿкейхан 

Абай мұраты мен шығармашылық мұрасына дендеп еніп, ҿмірі мен кезеңін, қоғамдық орта мен ҽлҽуметтік 

мҽселелерді, 

отбасылық 

жағдаяттарды, 

ата

-

баба, 



ҽке

-

шешенің 



белгі

-

ерекшеліктерін 



ұлттық 

менталитетпен,  дүниетаным  арналарымен  сабақтастықта  сҿз  етеді.  Ҽсіресе,  Абайдың  ҽке

-

шеше  жағына 



қатысты  ататек  мҽселесін,  қазақ  қоғамындағы  ел  билеу  жүйесіндегі  ҿзіндік  ҿзгешеліктерді,  батыр,  би

-

шешендер  тағылымын  ҿзара  байланыста  береді.  Мұның  бҽрінен,  сҿз  жоқ,  Ҽ.Бҿкейхан  ақын  ҽлемін  жан



-

жақты  қамтып,  ҿмірі  мен  шығармашылығына  қатысты  дҽйектерді  жүйелі  жеткізеді,  қалың  кҿпшілікке 

біртұтас сипатта баяндайды. Абай ҽлемі, ақындық ҿнер хақында толғаныстарға барып, «ақынсымақтарға» 

да  ден  қояды.  Абай  мұрасына,  ҽсіресе,  сықақ  ҿлеңіне,  аударма  ҿнеріне  мҽн  береді.  Орыс  ҽдебиетінің, 

ҽсіресе,  Пушкин,  Лермонтов,  Некрасов,  Тол

-

стой,  Тургенов  т.б.  ҽсер



-

ықпалын  айрықша  атайды.  Оқу

-

білімнің  маңызын,  тҽлім



-

тҽрбие  ісінің  кҽделі,  сауапты  тұстарын  терең  ашады.  Қысқасы,  қазақ 

руханиятында Абай ҽлемінің арналы ағыс құрағаны, ҿзіндік орын

-

үлесі бары баса кҿрсетіледі.



 

 

Жинақтап  айтқанда,  Ҽ.Бҿкейханның  « Абай  (Ибрагим) Құнанбаев» атты  мақаласы  ақын 



ҿмірі  мен  ҿскен  ортасын  алғаш  рет  жүйелеп  (Кҽкітай  Ысқақұлы  жинап,  жеткізіп  берген), 

абайтану ҽлеміне кең ҿріс ашты.

 

 

Абай ҽлемінің алыс –



 

жақынға танылуына, ұлт руханиятындағы орын

үлесін


 

айқындауға, 

алғашқы кітабының жарық  кҿруіне  негіз қалады.  Ақындық  ҿнердің  рухани  нҽрін,  кҿркемдік

-

эстетикалық қуатын, патриоттық –



 

тҽрбиелік мҽнін айқындап, оны Абайдың ҿмірдегі ҿнегесі, 

ҿнердегі ҿрнегі арқылы жіті танып, байыпты саралайды.

 

 



Демек,  Ҽ.Бҿкейхан  Абай  ҽлемін  ашу  арқылы  қазақ  руханиятының  кҿркем  кҿкжиегін  айқындап, 

ақындық  ҿнердің  алуан  арналы,  сан  салалы  ҿлкесіне  еркін  еніп,  ҿлең  ҿріміне,  жан

жүректегі  те



-

біреністі 

толғамды тұстарға, кҿңіл толқыны мен сыр сезім тұтастығына байыпты барлау, терең тал



-

дау  жасайды.  Ҽ.Бҿкейханның  Абай  ҽлемі,  ҿмірі  мен  ҿнері  хақындағы  еңбегі  қатардағы  мақалалар 

топтамасына  жатпайды,  керісінше  Абай  мұратын  ҿскен  ортасы  мен  тҽлім

-

тҽрбие  алған  ҽуелгі 



қайнарлармен байланыстырып, кейінгі кезекте елдік мүдде, руханият  құндылықтары

 

негізгі назарда 



ұстап, алыс

-

жақын елдердің танымал тұлғаларымен сабақтастықта сҿз етеді. Нҽтижесінде, Абайдың 



ұлт  мақтанышы,  жаңа  ҽдебиеттің  басы,  ақындық  ҿнердің  ҿрісті  ҿлкесі,  мҽдени

-

рухани  арналардың 



құнарлы қазынасына айналғаны жан

-

жақты танылады.



 

 

64



 

№ 1 (92) 2013

 

 



Алаш  ардағы  Ҽ.Бҿкейхан  –

 

абайтанудың  бастауында  тұрған  алып  тұлға,  азаттық  аңсаған,  ұлт 



мұратын асқақтатқан асыл бейне ретінде руханият ҽлемінде, халық жадында мҽңгілік сақталады.

 

 



Түйіндер  тұста  айтарымыз,  «Алаш»  қозғалысының  кҿрнекті  тұлғасы,  қоғам  жҽне  мемлекет 

қайраткері,  ұлт  руханиятындағы  жарқын  бейне  Ҽ.Н.Бҿкейханның  ҿмірі  мен  қызметі, 

шығармашылық  мұрасы  аса  мол  ҽрі  ғибратты  да  мағыналы,  ал  қазіргі  кезеңде  танымдық

-

тағылымдық мҽні де айрықша болып табылады. Осы реттен алғанда, ХХ ғ.б. қазақ ҽдебиетінің 



бірегей  ҿкілі,  ақын

-

қаламгер  С.Торайғыровтың «Ҽлиханның Семейге  келуі»  атты  мақаласында 



жастар атынан сҿз алып, онда тҿмендегіше толғам

-

толғаныстарға беріледі:



 

 

Көш бастаған еріміз





Қуанышта еліңіз. Төбеміз 

көкке жеткендей,

 

 



Көкіректен бүгін кеткендей. 

Сізді көріп шеріміз, Еліңіздің 

бұл шағын, Алаш туын Һәм 

бағын, Көзбен көріп төленді

Көптен бергі теріңіз, Алаш 

туын қолға алған, Қараңғыда 

жол салған, Арыстаным 

келіңіз! –

 

 



 

деуінен ұлт

 

қайраткері һҽм қаламгер Ҽ.Бҿкейханның адами ҽлемі, тұғырлы тұлғасы терең танылады



 

 

[15,152].



 

Аталмыш  жиында  ҿз  кезегінде  Ж.Аймауытұлы  да  сҿз  алады:  «Қараңғыдан  қан  жылап 

қаңғырған күнде басыңды Алаш жолында құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз!

 

Сізді кҿргендегі жүректің қуанышын тіл айтып жеткізерлік емес. Ҿміріңді жіберген жолың, 



біз, інілеріңе жағып қойған шамшырақ.

 

Жасасын сүйреген алашың! Жаса сабазым!» [15, 152



-153].

 

 



Сайып келгенде, алаштанушы

-

ғалым М.Қойгелді айтқандай: «...Ҽлихан Нұрмұхамедұлы жаңа



 

та

-



рихи  жағдайда  (ХХ  ғ.  басы)  қазақ  ұлттық  мемлекеттігін  жаңғырту  ісін  теориялық  жҽне 

практикалық тұрғыдан қолға алып, заман сұранысына лайық ҿлшеусіз кҿп жұмыс атқарған тұлға. 

Оның  белсен

-

ді  де  мақсатты  қызметінің  нҽтижесінде  қазақ  елінің  жер  мҽселесі  Ресей 



Думасының мінберінен үздіксіз қойылып, демократиялық күштердің назарына ілікті, империялық 

орталық қазақ азаттық қозғалысының талап

-

тілектерімен есептесуге мҽжбүр болды.



 

 

Ҽлихан



 

Нұрмұхамедұлының  қажырлы  еңбегінің  арқасында  қазақ  азаттық  қозғалысы 

заман  сұранысына  лайық  деңгейге  кҿтерілді.  Ұлт  тарихындағы  бағдарламалық  мақсатты 

кҿздеген  тұңғыш  саяси  партия  –

 

«Алаш»  ҿмірге  келді,  ұлттық  мемлекеттік  идеясын  іске 



асыруды  кҿздеген  Алашор

-

да  үкіметі  құрылды.  Кейінгі  тарих  кҿрсетіп  бергендей, 



Ҽ.Бҿкейханов  басшылық  жасаған бұл  екі  құрылым қазақ  ұлт

-

азаттық  қозғалысының дұрыс 



жолда тұрғандығының жҽне билік  ҿрісінің  нақты  айғағы  болатын.  Бүгінгі  ұлттық  тарихнама 

бір ауыздан бұл тарихи құбылыстарды осы ұстаным тұрғысынан бағалайды» [16].

 

 

Ұстаз



-

ғалым  Т.Жұртбай  Алаш  ардағы  Ҽ.Бҿкейханның  ҿмірі  мен  қоғамдық  қызметін, 

тағдыр

-

талайын,  ұрпақтар  ұлағаты  мен  сабақтастығын  мұрағаттық  материалдармен 



байыпты саралап, байыта түседі [17,127

-192].


 

 

Бұл  бағытта  БАҚ  жүйесінде  ҽдеби



-

ғылыми  һҽм  тарихи  сипатта  танып

-

талдау,  зерттеу 



материалда

-

ры мол болды [18].



 

Алаш  ардағы  Ҽ.Бҿкейханның  бүтін  болмысы  мен  қазақ  мемлекеттігін  қалыптастыру  жолындағы 

жауапкершілігі һҽм жанкешті ҽрекет

-

қимылдары, кезеңнің шындық сырлары осыған келіп саяды.



 

 

Осы  реттен  келгенде,  Алаш  мұратын  ҿмір



-

тағдырымен  біртұтас  қараған,  аз  ғұмырында 

ҿшпес  ҿнеге  мен  тағылымды  туындылар  қалдырған  Ҽлихан  Бҿкейхан  халық  азаттығын 

тҽуелсіздік идеясымен берік байланыстырып, оны елшіл

-

қоғамшыл қасиеттерімен, қайраткерлік



-

қаламгерлік қырларымен байытып, осы жолда елдік мүддеге

 

адалдық танытты. Ортақ мақсатқа 



қызмет  етті.  Ұлт  руханиятын  қоғамдық  һҽм  тарихи,  ҽдеби

-

мҽдени  бағыттардағы  еңбек



-

мұраларымен  асқақтата  түсті.  Елдік  мұрат

-

мүддеге  қызмет  ететін  ерен  еңбектері  кешеден 



бүгінге жалғасып, замана шындықтарымен, уақыт та

-

лаптарымен үндесіп келеді.



 

Ҽ.Бҿкейхан мұрасының тағылымды тұстары, сырлы сипаттары осы.

 

 

65



 

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР

 

 



1. 

Бҿкейхан  Ҽ.  Абай  (Ибрагим)  Құнанбаев  (Мүнҽхиб

-

Некролог). 



«Семипалатинский  листок», 

1905, 25-

27 қараша. 

 

2. 


Байтұрсынұлы А. Қазақтың бас ақыны. «Қазақ», 1913, № 40,43. 

 

 



3. 

Дулатұлы М. Абай. «Қазақ», 1914, 23 шілде, № 67. 

 

 

4. 



Екеу. Абайдың ҿнері һҽм қызметі. «Абай», 1918. 

-

№ 2. 



 

 

5. 



Абай.  Энциклопедия.  –

 

Алматы:  Қазақ



 

энциклопедиясы,  Атамұра:  1995. 

-166-

167  б.;  Шҽкҽрім.  Энцикло



-

педия.  –

 

Семей:  Шҽкҽрімтану  ғылыми



-

зерттеу  орталығы,  2008. 

-247-

250  б.;  Қазақ  ҽдебиеті  (энциклопедиялық 



анықтамалық). –

 

Алматы: Аруна , 2005.



136 б.; «Алаш» қозғалысы. –Алматы: Сардар, 2008. 

- 18-

22 б. 


 

6. 


Ҽ.Бҿкейхан.  –

 

Қазақ  ССР  қысқаша  энциклопедиясы.  –



 

Алматы:  1989,  4  том.  –

 

658  б.; 



Бҿкейханов Ҽ. –

 

Қазақ ҽдебиеті (энциклопедиялық анықтамалық). –



 

Алматы: Аруна, 2005.

136 б. 


 

7. 


Мұқанов С. ХХ ғасырдағы қазақ ҽдебиеті. 1 бҿлім. –Қызылорда, Қазбас, 19

32.- 


458 б.; Мұхамедханов 

Қ.  Кҿптомдық  шығармалар  жинағы.

-

Алматы:  Алаш,  2005,  2  том  .



-  324-

333  б.;  Мырзахметов  М.  Абайтану 

тарих.

-

А,1994; Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Он томдық, 6 том, 1



-

кітап .


-

Алматы: ҚазАқпарат, 2006. 

-165-183 

б.;  Қазақ  ҽдебиеттану  ғылымының  тарихы.  Екі  томдық.  1том. 

-

Алматы:  ҚазАқпарат,  2008. 



-167-

180  б.; 

Қазіргі  Абайтанудың  ҿзекті  мҽселелері  (Ұжымдық  монография). 

-

Алматы:  Ғылым,  2002.



274  б.;  Қазақ 

ҽдебиетінің қысқаша тарихы. 

-

Алматы: Қазақ университеті, 2002. 



-45-

46 б.; Қабдолов З. Ҽуезов. 

-

Алматы: 


Санат, 1997. 

352 б.; Кҽкішев Т. Мағжан



-

Сҽкен. 


Алматы: Қазақ университеті,1999.

449 б.; Қирабаев С. 



Ҽдебиетіміздің  ақтаңдық  беттері. 

-

Алматы:  Білім,  1995. 



-30-

42  б.;  Нұрғали  Р.Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл. 

-

Алматы: Үш қиян, 2009. 



- 3-

8 беттер;

 

Досжан Д. Абайдың рухы. 



-

Астана: Фолиант, 2008. 

-

432 б.; Жұртбай 



Т. Ұраным –

 

Алаш... 



Алматы: Ел

-

шежіре, 2008. 



-127-

192 б.; Ісімақава А. Алаш ҽдебиеттануы. 

-

Алматы: 


Мектеп, 2009. 

-101-


127 б.; Ұлы Абайға адалдық. 

-

Семей: Ғалам



-

Шар, 2005. 

-7-

9 б. т.т. 



 

 

8. 



Мырзахметов М. Абайтану. Библиографиялық кҿрсеткіш.

Алматы: Ғылым,1988.



8 бет 


 

 

9. 



Ұлы

 

Абайға адалдық. 



Семей: Ғалам

-

Шар, 2005. 



- 3-

4 б. 


 

 

10. 



Бҿкейхан Ҽ. Кҽкітай. 

«Қазақ»,1915, № 105. 



 

 

11. 



Мұхамедханов Қ. Кҿптомдық шығармалар жинағы. 2

-

том. 



Алматы: Алаш, 200

5. - 

330 б. 


 

 

12. 



Қазақ

 

ҽдебиетінің тарихы. 



Алматы: Қаз Ақпарат,2006.

- 173-

174 бет 


 

 

13. 



Қазақ

 

ҽдебиеттану ғылымының тарихы.



Алматы: Қаз Ақпарат, 2008.

169 бет 


 

 

14. 



«Алаш» қозғалысы.

Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2008.



22 бет 


 

 

15. 



Торайғыров С.Екі томдық шығармалар жинағы. 2

-

том.



Алматы: Ғылым,1993.

152 бет 


 

 

16. 



Қойгелдиев

 

М. Бҿкейханов –



 

Гандимен теңдес тұлға. 

«Нұр


-

Астана», 2011, 8 қыркүйек. 

 

 

17. 



Жұртбай Т. «Ұраным

-

Алаш!..». 



Алматы: Ел

-

шежіре, 2008. 



- 127- 

192 б. 


 

 

18. 



Жүсіп  С.  Ҽлихан  Бҿкейхан  –

 

ҽдебиеттанушы  //  ҚР  ҰҒА  Хабарлары.



1992,  №5;  Қойгелдиев  М. 

Ҽлихан  Бҿкейханов.  //  Ақиқат,1992,  №  6;  Қойшыбаев  Б.  Ҽлихан  Бҿкейханов  //  Қазақ  ҽдебиеті,  1989,  9 

маусым; Мұхамедханов Қ. Абайды тұңғыш рет баспасҿзде танытқан 

Ҽлихан Бҿкейханов //Түркістан,1995, 



9 тамыз; Нұрғалиев Р.Ҽ.Бҿкейхановтың шығармашылық мұрасы // Ақиқат,1994,№ 11, т.т. 

 

 



Редакцияға 27.10.2102 қабылданды.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

66

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет