Әлихан Бөкейханның ғылыми және саяси шығармашылығы Ғибратты ғұмыр иесі Әлихан Бөкейхан



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі34,91 Kb.
#76382
  1   2   3

Әлихан Бөкейханның ғылыми және саяси шығармашылығы

1. Ғибратты ғұмыр иесі - Әлихан Бөкейхан


2. Алаш көсемінің ғылыми мұрасының құндылығы
3. Әлихан Бөкейханның саяси қызметі
4. Ә. Бөкейхан - тұңғыш Абайтанушы.
1. Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.
Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.
Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
Алашорда үкіметіне сайланғандарға жеке-жеке тоқталғанда алдымен ауызға алынатындардың арасында, әрине, сиез сайлаған оның төрағасы - Әлихан Бөкейханов болып табылады.
Замандастары мен халқы қадірлеп «Әлекең» деп атап кеткен Әлихан Бөкейханов - бүкіл саналы өмірін қазақ халқының ұлттық саяси бостандығы мен дербестігі үшін арнаған аяулы ұлы тұлғамыз. Ата тегі жағынан төрелер тұқымынан екені мәлім.
1866 жылы 5 наурызда (өзінің тергеуде берген жауабынан) бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында туған. Әлекеңнің туған жылы туралы деректер әр түрлі. Дегенмен де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Әлекеңнің Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлекең училищеге 1878 жылы 16 қыркүйекте түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. Сондықтан оның 1866 жылы туғаны күмән туғызбаса керек.
1886-1890 жылдары Омбы техникалық училищесінде оқып шығып, 1894 жылы Санкт-Петербург орман институтының экономика факультетін бітірген. ЖОО бітірген соң училищеде математикадан сабақ береді.
Қазақ даласының қонысының жер жағдайын зерттеген, яғни өкіметтің қазақтың «артық жерін» заң жүзінде негіздеу үшін құрылған Ф.А.Щербина экспедициясының құрамында болып, қазақты жерге орналастыру мә­селесімен түбегейлі танысып, зерттейді.
Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан. Әлекең қазақтар туралы шынайы мәліметтер келтіріп, қазақтарды асқақтатады. Қазақтың ой-өрісі мен дүние танымы, ежелгі мәдениеті мен тарихы сияқты қасиеттері анағұрлым озық тұрғанын аңғартады.
Абайды алғаш рет орыс оқырмандарына таныстырады, оның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын бағамдайды.
1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді.
Әлекеңнің саяси өмірге белсене араласуы осы кезден басталады. Орыс баспасөзінде қазақ даласындағы патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкерелейтін мақалалар жариялайды. Әр түрлі саяси жиналыстарға бел­сене қатысып, қазақ кадет партиясын құруды көздейді.
Міне, Әлихан Бөкейхановтың осындай белсенді саяси қимылдары патша өкіметін сескендіріп, оны қазақ даласынан аластап, Самара қаласына жер аударады. Әлекең, онда 1908-1917 жылдары тұрып, қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен қол үзбей «Қазақ» газетіне «Қыр баласы» деген атпен ел тіршілігінің өткір де түйткіл мәселелеріне ден қойған мақалалар жазады.
Ақпан төңкерісінен соң, оңтайлы саяси ахуалды қалт жібермей пайдаланып қазақ елдігінің дербестігі үшін белсене қимылдайды.
1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.
Азамат соғысы жылдары қазақ халқының ақ пен қызылдың теке тіресінде тектен-текке қосақ арасына кетпеуіне күш салады. Осы бағытта жұмыстар жүргізіледі.
Кеңес кезеңінде өкімет орындары Қазақстанда тұрғызбай, Мәскеуде ұстайды, саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді. Жаңа жағдайға байла­нысты, бұрынғы алаш зиялылары өздерінің күрескерлік жолын өз хал­қының сауатын ашу үшін оқулықтар жазып, фольклорлық әр түрлі жинақ­тар шығарып, ғылыммен шұғылданып, аудармалармен айналысып, қазақ шаруашылығын ұйымдастыруда басқа жұрттың озық мәдени түрлерін пайдаланудың жолдарын көрсетіп насихаттауға бағыттайды.
Кеңес орындары Әлихан Бөкейхановқа тыныштық бермей, 20-жылдары екі рет тұтқындап, онда амалсыз босатып, ақыр аяғында 1937 жылдың науқанында қанды шеңгелге алады.
2. 1894 жылы орман шаруашылығының экономисі мамандығымен оқу бітіреді. Омбыға оралады. Алғашқы жылдары әуелі төменгі дәрежелі орман мектебінде оқытушы, одан Омбы қоныс аудару басқармасының шенеунігі қызметтерінде істейді. Сол негізгі қызметтерімен қатар ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық, публицистік жұмыстарға ден қоя бастайды. Зерттеуші және қаламгер ретіндегі алғашқы тәжірибелерін жасайды. Осы шаруалар барысында ол кемелденеді, жан-жақты толысады. Болашақ қайраткерлік, серкелік қабілетін ұштай түседі.
Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарға араласуы Тобыл губерниялық статистикалық санаққа шақырылуынан басталады.
1903 жылы Әлихан Сібір темір жолы бойындағы Челябі және Том қалалары аралығын мекендеп жүрген қазақтардың мал шаруашылығының жай-күйін экономикалық тұрғыда зерттеген экпедицияға қатысады. Бұл экпедицияның материалдары да артынша «Сібір темір жолы аудандарын экономикалық тұрғыдан зерттеу жөніндегі материалдар» деген атпен 1904 жылы Том қаласында жеке кітап болып жарыққа шықты. Әлихан Бөкейханның «Дала өлкесіндегі қой шаруашылығы» деген ғылыми монографиясы осы кітапқа енген.
Бөкейханов 1896 жылы Императорлық Орыс жағырафиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданды. Ал 1901 жылы қоғам жұмысына елеулі үлес қосып жүргені ескеріліп, Бөлімнің басқару комитетінің мүшесі болып сайланды.
Әлихан Бөкейханов орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір Бөлімінің Семей бөлімшесін ашуға белсене қатысты. Семейде ұлы ақын Абай Құнанбаевпен қатар статистика комитетінің мүшесі де болды.
Географиялық қоғамға мүше бола жүріп, ол туған елінің тарихын, ағымдағы ахуалын жан-жақты тануға және зерттеулерін баспасөзде жариялауға жақсы мүмкіндік алды.
Отаршылдық, ішкі Ресей шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру саясаты, жергілікті халық пен келімсектер қарым-қатынасы оның қаламына ілінді. Ол империя қоластына қазақ хандықтарының өту себептерін қарастырды. Ұлт-азаттық көтерілістерге де көңіл бөле бастады. Тұрмыс-салт, мәдениет, билік, заң, этнографиялық мәселелер, өнер, ұлттық құрылым, шежіре, әдет-ғұрып, діни иланым, ауыз әдебиеті, фольклордың мәні, оның тарихи оқиғаларды бейнелеу дәрежесі, ауыз әдебиетіндегі әйел бейнесі, әйелдің әлеуметтік жағдайы – бәрі-бәрі оның назарынан тыс қалмады.
Зерттеулері мен мақалалары өткен ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында «Семей облысының зерделік кітапшаларында», қоғамның Семей бөлімшесі жазбаларында, Дала және Түркістан өлкелерінің Омбы мен Тәшкендегі мерзімді басылымдары беттерінде шығып тұрды. Ол жазған шежіре Щербина экпедициясы материалдарының 1903 және 1905 жылдары жарық көрген томдарында жарияланды.
Ғылыми мәжілістерде, көпшілік жиналыстарында ол зерттеулері негізінде баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Қазақ мәдени мұраларын Том қаласындағы өлкетану музейіне жинастыруда әйгілі ғалым Григорий Потанинге жәрдем берген. Оны өзі және өзінің соңына ілескен ұлт зиялылары тегіс жоғары бағалаған, онымен болашақта саяси жұмыста да пікірлес болған.
1882 жылғы 15 мамырда Дала генерал-губернаторлығын құру туралы император пәрмені шықты. Қазақтар Дала уәлаяты деп атаған бұл әкімшілік құрылымға Ақмола, Семей, Жетісу облыстары біріктіріліп, 1868 жылғы «Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлықтарының дала облыстарындағы басқару туралы уақытша ереже» негізінде басқарыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет