Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді.Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10.Жетісудың ашыққан халқына көмек
11.Халық ағару ісі
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Жалпы алғанда «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы Ол 10 бөлімнен тұрды:
I.Басқару түрі
Ресей демократиялық Федерациялық
Республикасы, демократиялық Республиканы
белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент басқарады, министрлер кабинеті соның (парламенттің) алдында жауап береді.
II.Автономия. Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен Ресей федерациясына енуге тиіс.Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан Ресейдің көршілес облыстарымен (өлкелерімен) бірігеді, ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп, автономиялы бір өлшем болады.«Алаш» партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады. «Алаш» партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы- жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.