4 номинация бойынша жалпы жүлде қоры: 4 000 000 тг Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Байқауды жыл сайын жетілдіріп өзгеріс ұсыныстар енгізуге құқылы.
Номинациялар бойынша сайыстарды өткізу тәртібі: Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша әр қатысушы өз шығармашылығынан 3 өлең ұсынады. 1 өлеңді жатқа оқып береді. Өлеңнің көркемдігі, қатысушылардың ақындық қабілеті ескеріледі.
Көркемсөз оқу номинациясы бойынша Байқауға қатысушы өзі таңдаған шығармадан үзінді оқиды (5-7 мин). Үзінділер белгілі жазушылардың, ақындардың, әдебиет классиктерінің шығармаларынан алынуы міндетті.
Аспаптық өнер номинациясы бойынша қатысушылар қазақтың ұлттық аспабында (домбыра, қобыз, жетіген, баян, сыбызғы т.с.с) 3-тен кем емес композиция дайындап келуі қажет.
Дәстүрлі ән – қатысушылар дәрсүрлі ән жанрында өздері дайындап келген әнді орындайды.
Байқаудың қатысушыларын бағалау қазылар алқасы мүшелері тарапынан жүргізіледі. Жүлделер қазылар алқасының шешімімен анықталады.
Жалпы бағалау ұпайлық жүйемен, қатысушының өзі таңдаған номинация бойынша басымдылық бере отырып, жазған эссе ұпайымен қоса есептеледі. Қорытынды есеп бойынша орындар анықталады.
Ақындық мүшәйра номинациясы бойынша өлеңнің көркемділігі, тілі, мазмұны, поэтикалық ерекшелігі, қатысуышының ақындық қабілеті мен талабы бағаланады.
Көркемсөз номинациясы бойынша берілген шығарманы оқу мәнері бағаланады. Берілген ақын-жазушылардың шығармаларын оқу талап етіледі. Ұлы Абайдың өлеңдері мен қарасөздері және республика, ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары тойлану үстіндегі қаламгерлер шығармашылығы қамтылуы қажет (Төле би Əлібекұлы, Əлібекұлы, М.Өтемісұлы, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Қ.Қайсенов т.б.) Ол үшін осы номинация бойынша сайысқа түсетін қатысушы екі-үш қаламгер шығармашылығынан дайындалуы керек.
Аспаптық өнер номинациясы бойынша қатысушылар қазақтың ұлттық домбыра, қобыз, жетіген, баян т.с.с аспаптарындахалық шығармашылығынан, танымал композиторлардың шығармашылығына немесе өзінің жеке композициясын орындауы қажет.
Дәстүрлі ән – қатысушылар дәстүрлі ән жанрында өздері дайындап келген әнді орындауы қажет.
Байқаудың қатысу үшін Қосымша 1 форма бойынша толтырып, elimdegender.kz@gmail.com электронды поштасына жіберу қажет.