Студент: асхатова шугыла



Дата28.01.2022
өлшемі15,62 Kb.
#24482
Байланысты:
руханят


ОЙТАЛҒАУ


Тақырып: ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ

Оқытушы: ОБАЕВА.Г.С

Студент: АСХАТОВА ШУГЫЛА
МАМАНДЫК: 6В05301 физика (ФКО-102)

Ұлттық рух - халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталатын, елдік тұтастық идеясымен негізделетін өміршеңдік күш-куаты. Ұлттық рух жалпы ғаламдық рух пен жеке адамдық рухтың дәнекері болғандықтан, кез келген ұлттың, мәдениеттің өкілі өзінің әлемдегі орнын өзіндік ұлттық толсанасы арқылы бағамдауы заңды құбылыс. Сондықтан жеке адамның таным терезесі ұлттық таным тұрғысынан, әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеріп, рухани игіліктерге өз үлесін қосады. Қай халықтың болсын бойында өз табиғатына тән өзге де қайталанбас қасиеттері, мінезі, ділі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат болмағандықтан, Ұлттық рухтың көрініс беруі ұлт өкілдерінің көркем шығармашылығынан, халық даналығынан, ғасырлар бойы сабақтастығын үзбеген рухани мұраларынан көрінеді. Ұлттық рухтың көркем образдар арқылы бедерленуі қазақ әдебиетінен көрінеді.Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

қандай да болмасын қоғамның түпкі мақсаты — өзіне сенімді, әрненің шегін ажырата алатын, творчествалық инициативалы, дүниедегі өз орнын сезінетін және өзі құрған өмір үшін жауапкершілік ала алатын тұлғаны, өз ұлтының өкілін қалыптастыру десек, ол мақсатқа ақиқаттығын, табиғилығын, дұрыстығын өмір көрсетіп берген ұлттық мәдениетке, ұлттық рухани қазынаға сүйенгенде ғана жету мүмкін екеніне көз жетті.



Мәдениетті адам өзінің мәдени деңгейін үнемі арттырып, істе жоғары саналылық танытып, дүниежүзілік әдебиет және көркемөнер жетістіктерімен үзбей танысып отырады. Бос уақытын кітап оқуға, көрме, мұражай, театрға баруға, музыка тыңдауға жұмсайды.Көркемөнер әсер етпейтін адам кемде-кем. Тек оны қабылдай білу қажет. Өнер- әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке құштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағұлмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдық қатынастар- өнердің басты обьектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастаоынан, олардыңморальдық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет