17
Критикалық ойлау сіздің
дәлелсіз болжамдар мен
ид
е
ологиялардан, жалған нанымдардан босауыңызға
көмектеседі. Қорыта келгенде мұндай ойлау Сізді ойлануға
және өз-өзіңізден «Бұл маған
айтқан және мен естіген
дүние ме? Бірақ, бұл нақты осылай болу керек пе?» деп
сұрауға алып келеді. Қандай да бір ақпаратты оқыған, кез-
келген жаңа ақпаратты естіген бойда Сіз өзіңізге «Мұны
кім айтты?», «Ақпарат көзіне сенуге бола ма?», «Мұның
нақты дәлелдері бар ма?», «Ғылыми
жолмен дәлелденген
бе?», т.с.с. сұрақтар қоя бастайсыз.