1. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы



бет1/7
Дата04.10.2024
өлшемі163,89 Kb.
#146839
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№3саб Әдіс..нұсқ. КС,ЛА.,СД 1-курс 24г.









«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»



Биохимия кафедрасы



Қосымша 2



Редакциясы: 1

бетттің беті




4 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Көмірсулардың қорытылуы және моносахаридтердің сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогеногенез, гликогенолиз. Анаэробты гликолиз (схема). Аэробты тотығу. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы. Энергиялық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы және оның маңызы.
Липидтер алмасуы.
Липидтердің эмульсиялануы, қорытылуы және сіңірілуі. Өт қышқылдарының құрылысы мен ролі. Липидтердің тасымалдану түрлері,әртүрлі мүшелердің липидтер алмасуындағы маңызы. Қанішілік липолиз туралы түсінік.
Май қышқылдарының бета-тотығуы мен липидтердің пероксидті тотығуы (ЛПТ). Антиоксиданттық қорғаныш жүйесі.АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезінің схемасы). Атеросклероз дамуының биохимиялық негіздері.
2. Мақсаты:
1) Студенттердің зат алмасу кезеңдері туралы білімдерін қалыптастыру
2) Студенттерде көмірсулардың алмасуы, моносахаридтердің ас қорыту және липидтердің маңызы және липидтердің қорытылуы мен сіңірілу ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру
3) Студенттерде бауырдың глюкостатикалық қызметі (гликогеногенез, гликогенолиз процестері ) туралы білімдерін қалыптастыру
4) Студенттерде көмірсулардың тотығу жолдары және олардың маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.
5) Студенттердің липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі өт қышқылдарының рөлі, липидтер алмасуындағы және липидтердің тасымалдану түрлеріндегі кейбір тіндердің рөлі туралы білімдерін қалыптастыру.
6) Студенттердің глицериннің, БМҚ-ның ағзадағы рөлі мен айналуы туралы білімдерін қалыптастыру
7) ТАГжәне ФЛ синтезінің арасындағы бәсекелестік қарым-қатынас туралы, фосфолипидтердің липотропты әсері,глицериннің глюконеогенезге қатысуы туралы түсінік қалыптастыру.
8) Студенттердің AСҚ-ның пайдаланудың негізгі жолдары,май қышқылдары мен холестерин, кетон денелері синтезі туралы туралы білімдерін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет