7.5. Елестер
Ұлыбритания мемлекеті - елестердің өмір сүретіндігіне
қатты сенетін ел ретінде нақты мысал бола алады.
Ұлыбританияда жүз жылдықтар аясында бекіністер
мен үйлерде өмір сүретін елестердің өмір сүретіндігіне
берік сенім жалғасып келеді. Ел арасында елес туралы
қорқынышты көптеген аңыздар бар. Британдық қоғам
«елес» деген ұғымға үйреніп кеткендері соншалық,
осыған орай күлкілі жағдайлар да болған. Сатушылар ескі
үйлер мен бекіністерді сатылымға қойған кезде «елесі
бар», немесе жарнамада «елес зиянсыз» деп көрсетіп
қоятын болған.
Елестер жайлы әңгімелер басқа елдерде де кездеседі.
Бұл әңгімелер көбінесе бір-біріне ұқсас болып келеді:
куәгерлер үнемі елестердің қорқынышты дауыстарын
естиді. Ал, егерде куәгерлер елестерді көретін болса, ол
негізінен үйде, жалғыз болған кезде болады. Заңдылық
бойынша, елестер нашар көрініп, тез жоғалып кетеді.
Елестерді жер астынан көрген кездер де болған! Алысқа
бармай-ақ, қарапайым баламен болған Қырғызстанның
оңтүстік батысындағы Қызыл-Қия шахтасындағы
«ерекше» жағдайға көз жүгіртіп көрейік. (Қырғызстанның
басты көмір шахтасы жабылмас бұрын болған. Кеңес
жылдары кезінде бұл шахтаны жоғары өнімділігіне орай,
«Орталық Азияның от жаққышы» деп атаған.) Шахтада
практикадан өтіп жүрген студент баламен қызық жағдай
орын алады. Ол практикасын өтеп жүрген кезде шахтада
186
аяқ басқан тәрізді қорқынышты дыбыстар естіледі деген
сыбыс тарай бастайды. Барлық шахтерлар арасынан бұл
дыбыстың қайдан шыққанын анықтағысы келген осы
жас студент болады. Міне, осылай ол кенжарға түседі.
Бірнеше қадам басқан соң ол әлдебір аяқтың басқан
дыбысын естиді. Одан кейін ол құшағын жайған елестің
өзін көреді. Студент қатты қорыққанынан көзін жұмған
қалпы елеске қарай жүгіріп, қатты құшақтайды да ұйқыға
кетеді…
Бұл оқиғаның студент шахтерларға айтып берген
тек бірінші бөлімі ғана. Ал келесі бөлімінде ол
тыңдаушыларының көңілін қалдырды. Ол, оянған
кезде күңгірт жарық кезінде қабырғадан аққан балшық
шапалақпен тартқан сияқты дыбыс беріп, оны шахтерлар
аяқ басқан дыбыс деп танығандығын айтты. Ал, елестің
өзі қайда? Елес деп жүргеніміз көпір ағаш шегеленген
рудалық бағана болып шыққандығын айтып береді.
Жалған сезім мен иллюзия студентке рудалық бағананы
– елес деп тануға мәжбүрлеген.
Елестерге қатысты көптеген оқиғалар осылай
аяқталған: елестерді иллюзияның әсерінен көрген, ал
олардың дыбыстары мен аяқтарының сыбдырын дұрыс
түсінбегендіктен естіген болатын. Көп жағдайларда
керемет қорқынышты елес деп жүргендері кәдімгі
табиғи құбылыстар болып шыққан. Ал, оқиға болған
жерді мұқият талдап көрсе «елестерді» көру себептерін
анықтауға болады. Көбінесе, елестерді көру иллюзиясы
жалғыздықты сезініп жүрген халдегі немесе көп уақыт
оңаша қалған адамдарда болады екен. Мұндай жағдайда
адам кез-келген дыбысқа, көлеңкеге, желден болып
қозғалған шымылдықтың қимылына, т.б. дүниелерге аса
сезімталдық танытуы мүмкін.
187
Бірақ, жекелей алған кезде қиял әлемінен туған
дүниені өтіріктен ажырату қиынға түседі. Қызыл –Қия
шахтасындағы студент ақиқатты айтатын жан болып
отыр. Ол өзінің ешқандай да елес көрмегендігін түсіндірді.
Ал, егерде оның орнында жөні түзу емес жігіт болғанда
атақ үшін немесе өз қаласында, елінде танымал болуға
деген ұмтылысы шахтадағы «елес» жайлы екінші бөлім
ашып айтпайтын еді. Жәнеде көптеген «елес куәгерлері»
танымалдылық пен басқа да жеке пайда үшін әшкереленіп
қалатын болған. Ал, өтірікті мойындамайтын қазірде
осындай «куәгерлер» қанша қалды? Ал, адамдардың
бұрмаланған әңгімелерінен кейін бүгінгі таңның өзінде
көптеген адамдар елестерге сеніп келеді. Себебі, бір
адамның айтқан өтірігі қоғам ішіндегі барлық жерде
елестер бар деген келесі бір өтірікті тудырып, біздің
жастарымыз ұрынып отырған жалған ақпарларға әкеліп
тіреледі. Критикалық ойлаушы адам өтіріктің тарауы мен
өзінің адасушылықта іс-әрекет жасауына жол бермейді.
Ол өтіріктің қандай да бір құбылысты түсіндіру мен
өзін-өзі жарнамалаудың ең жақсы құралы емес екендігін
188
біледі. Ол елестер жайлы ырымдармен байланысты
обьективті себептер мен тарихын табуға тырысады.
Бәлкім, елестер болған да шығар, бүгінгі таңда бар
да шығар. Алайда, жоғарыда атап өткендей көп жағдайда
иллюзияның немесе сұрықсыз өтіріктің негізінде пайда
болып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |