Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Өзін-өзі тексеру мен талқылауға арналған сұрақтар
1. Ырым сөзіне анықтама беріңіз. Қандай ырым 
белгілеріне сенесіз? Сіздің тәжірибеңізде бұл белгілер 
өзін-өзі ақтаған кездері болды ма? 
2. «Мамық та емес, жүн де емес!», «Айнаның сынуы-
бақытсыздыққа алып келеді», «Жолыңды қара мысық 
кесіп өтсе – сәтсіздікті күте бер»
фразеологизмдердің 
шығу тарихын түсіндіріп беріңіз. 
3. Неліктен адамдар ырым белгілеріне, бал ашуға, жұлдыз 
жорамалдарға сеніп келеді? 
4. Сіз елестердің, БҰО бар екендігіне сенесіз бе? Елестер, 
БҰО жайлы оқыған немесе естіген қандай оқиғаңыз 
ерекше жадыңызда қалды? 
5. Астрономия мен астрология арасында қандай 
айырмашылық бар?
6. «Жұлдыз жорамалдың» шығуы туралы түсінік жайлы 
не білесіз? 
Б. Келесі мәтін мен сұрақтардың жауабын оқып шығыңыз.
Астрологиялық «даналықтың» табынушыларына 
мынаны білу пайдалы: бір кездерде жұлдыз жорамал жеке 
адамдарға ғана арналған болатын. Адамның туу сәті 
туылған жері тәрізді минутына дейін есептелетін болған. 
Енді, жалпылама өндірілім кезінде астрологтар бір айда 
туылғандардың барлығын бір тағдырға ұйыстырып, 
жалпылама жұлдыз жорамалдар жасап шығаруда. Жылдың 
еш маңызы жоқ деп танып отыр. Сондықтан да барлық 


193
адамзатқа тағдырдың 12 түрі көшіріліп, белгіленген!
(«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»: Қазақ совет 
энциклопедиясының Бас редакциясы; Алматы; 1991)
1. Бұл мәтіннің басты мақсаты неде? 
2. Автор сатиралық сөйлемдерді қолданады ма? Егерде иә 
болса, қандай? 
Елестерді көру негізінен көздің алдауымен байланысты 
болып келеді. Біздің әрқайсымыз мұндай жағдаймен 
бір рет емес, бірнеше рет кездесуіміз әбден мүмкін. Бұл 
иллюзия деп аталатын – нақты жағдайдың бұрмалануы 
болып табылады. Мұндай жағдай негізінен адамның 
сол кездегі жағдайына қарай пайда болады. Негізінен ол 
көбінесе не жайлы ойлайтындығына байланысты орын 
алады. Иллюзияның пайда болуына шала ұйқылық та әсер 
етеді. Өзіңізді қараңғы, бейтаныс бөлмеде жатырмын деп 
елестетіңізші. Ымыртта анық емес белгілердің бейнелері 
түсіп тұр. Сіздің ұйқыңыз келіп тұрғанымен, көзіңіз 
жұмылар емес. Басыңызда неше түрлі ойлардың тізбегі 
ағылып жатыр. Кенеттен Сізге алыс бұрыштан өзіңіз жаңа 
ғана ойлаған адамның бейнесі пайда болғандай болады. 
Сіз мүлгіп отырған қалпыңыздан бір сілкінесіз. Осы сәтте 
иллюзия жоғалады. 
(«Чудеса: Популярная энциклопедия. Том 2»: Қазақ совет 
энциклопедиясының Бас редакциясы; Алматы; 1991)
1. Бұл мәтіннің басты мақсаты неде? 
2. Сіз шала ұйқылы жағдайда болған кезде мұндай 
жағдайды басыңыздан өткерген кезіңіз болды ма? 


194
Жауаптар
(практикалық 
бөлімдегі 
кейбір 
жаттығуларға)


195


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет