Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет34/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
РЕЗЮМЕ...
•  Критикалық ойлау кезінде аргументтерді бағалау қате
талқылауды  анықтап,  оларды  дұрыстауға  және  өзара
түсіністікті  жақсартуға  белгілі  бір  дәрежеде  себін
тигізеді.
•  Бедел  сөзі  ағылшын  тілінің  authority,  «құзіретті
қайнаркөз»,  «сарапшы»,  «ықпалды  адам»  деген
мағынаға  ие  сөзінен  шыққан.    «Авторитет»  -  сөзі
аргументтерде  дәлел  ретінде  жиі  қолданылады.  Бедел
ретінде  тек  қана  адамдардың  айтқаны  келтірілмейді.
Кейбір кездерде адамдар өз мақсаттарына жету үшін ел
беделін немесе дінде ғылымның беделін қолданады.
•  Беделділердің айтқандарын жеткізетін қайнаркөздерді
міндетті түрде тексеру қажет.
•  Ақпарат көзі бейтарап болуы керек. Адам (немесе ұйым)
шешілетін мәселеге қатысты қандай да бір әдейі шешім
қабылдамайтын  болған  жағдайда  ғана  ақпараттың
объективті қайнаркөзі бола алады.
•  Бедел  ретінде  сарапшылардың  бірін  немесе  ұйымның
сөзін  келтіруден  бұрын,  Сіз    басқа  да  біліктілігі  мен
әділдігі  бұдан  кем  емес    адамдар  немесе  ұйымдардың
сіз  келтірген  қайнаркөзді  қолдайтындығына  сенімді
болып, тексеріп алуыңыз қажет.
•  Корреляция  өздігінен  факторлар  арасында  себеп-
салдар  байланысын  анықтау  үшін  жеткілікті
негіздеме    бола  алмайды.  Себеп  пен  салдарды
дұрыс  талдау  үшін  критикалық  ойлаушы  келесі
сұрақтарды  қоя  отырып,  содан  кейін  ғана  себеп-
салдар  жайлы  белгілі  бір  пікір  жасауы  қажет.  


82
1.  Қандай  жолмен  себеп  салдарға  алып  баратындығын 
дәйек түсіндіріп отыр ма?
2.  Қорытындыда әлдеқайда ықтимал себеп келтірілген бе?
•  Ортақтастыру, индуктивті ой бекітілімдерге негізделген
қорытындыларды  автор  оқырмандарды  болатын
қателіктер  жайлы  ескертетін  шартпен  қабылдауға
болады.  Дедуктивті  ой  бекітілімдерге    негізделген
қорытындыларға сенуге болады.
•  Дәйектердің «қауіпті» түрі:
Аd  ignorantiam  –  дәйектің  бұл  түрі  қайтадан
дәлелденбеген  деген  түсінікке  негізделген  белгілі  бір
ұстанымға итермелейді.
Аd  misericordiam  –  дәйектің  бұл  түрі  аяушылыққа
басымдылық танытады.
Аd populum – дәйектердің бұл түрі адамдардың белгілі
бір ұлтқа, нәсілге, дінге, тайпаға, топқа, «тобырға», аулаға
және т.б. жататындығына басымдылық танытады.
Контрапозиция бейнесі – егерде бейнебір А сәлемдемесі
бейнебір Б салдарын алып келетін болса, онда бұл салдарды
(яғни «Б емес») жоққа шығару А сәлемдемесін де (яғни «А 
емес») жоққа шығарады.


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет