Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет42/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86
жауабыңызды дәлелдеңіз.
Бұл  сұрақ  басқа  сұрақтарға  қарағанда  көп  ұпайға  ие.
Егерде ұпайды көп беретін болса онда осы ұпайларды алу
үшін жұмыс жасау қажет. Былай қарасаң,  автормен келісу
қажет  сияқты.  Себебі,  зерттеуді  жүргізді,  үкімет  шешімді
қабылдап  қойды.  Бірақ,  мәселе  бұл  жерде  емес  қой.
Критикалық ойлаушы сөзбе-сөз сенбеу үшін де критикалық
ойланатын  адам  болып  саналады.    Біз  жұмысты  бақылау
дәрежесі  мен  мүмкін  болатын  жүрек  аурулары  арасында
корреляцияның  бар  екендігін  білеміз.  Бірақ,  дәл  осы  екі
фактор өзара байланысты екендігі, олардың арасындағы
тікелей себеп-салдарлы өзара байланыс екендігіне кепілдік
бермейді. Бәлкім, жұмысты басқару дәрежесіне де адамның
денсаулығына да әсер етететін үшінші бір фактордың болуы
мүмкін. Жүрек аурулары бар адамдардың өздері жұмысты


95
басқару ғана емес, сонымен қатар оған деген жауапкершілігі
бар  басқарушылық  жұмысты  қабылдағылары  келмеулері
де  әбден  мүмкін.  Сондай-ақ,  берілген  аргументтен  біз  «өз
жұмысына  деген  бақылау  әлдеқайда  жоғары  деңгейдегі
ер  адамдарда  күйзеліс  арқылы  болатын  жүрек  аурулары
жиілігі төмен» деген дәлелге сүйене отырып, «ең күйзеліске
көп  ұшырайтын  жұмыс  орны  ретінде  жұмыскерлерге  өз
қызметтерін ұйымдастыруда аз бақылау жасауға мүмкіндік
беретін  орындар  болып  табылады»    деп  тұжырымдама
жасалынған  қате  талқылауды  көріп  отырмыз.  Бұл  жерде,
«жүрек аурулары бар адамдар үшін ең қауіпті жұмыс орны
болып  жұмысты  ұйымдастыруға  бақылауды  аз  беретін
компаниялар  болып  табылады»  деген  сөйлем  әлдеқайда
қисындырақ болар еді. Өйткені, «күйзеліс» факторлардың
бірі  ғана  болып  саналады.  Жүрек  аурулары  басқа  да
факторлардың әсерінен пайда болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет