Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік!


рәміздер — Әнұран, Елтаңба және



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.03.2022
өлшемі1,13 Mb.
#28054
1   2   3
Байланысты:
слайд тауелсыздкм

рәміздер — Әнұран, Елтаңба және

Туды жасауға конкурс жарияланды.

1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш

Президентіміз Н.Назарбаев

«Қазақстан Республикасының

мемлекеттік туы», «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

елтаңбасы», «Қазақстан

Республикасының мемлекеттік

әнұраны туралы» заңға қол қойды.


1993 жылдың 28

қаңтарында Қазақстан

Республикасының тұңғыш

Ата заңы қабылданды.

Осы жылы 15 қарашада

ұлттық валютамыз - теңге

айналымға енді.



1994 жылдың 16 ақпанында

Елбасы Н.Назарбаев Ядролық

қаруды таратпау туралы шартқа

қол қойды. Сөйтіп Қазақстан өз

еркімен қуатты қарудан бас

тартып, ядролық қаруы жоқ ел

ретінде осынау зұлматпен

күрестің алғашқы баспалдағын

қалады.

1995 жылы 30 тамызда

жалпыхалықтық референдум

негізінде Қазақстан

Республикасының Ата Заңы

қабылданып, 5 қыркүйек күні өз

күшіне енді. Конституция 9

тараудан, 98 баптан тұрады.

1996 жылы Қазақстанның

араласуымен Шанхай

ынтымақтастық ұйымының

құрылды. Осы ұйымның

құрылуына сол кезде біраз

жұрт күмәнмен қарағанымен,

ШЫҰ өзінің шынайылығын,

қажеттілігін танытты. Бүгінде

бұл ұйымның әлемдегі беделі

айтарлықтай жоғары.




•1997 жылы 20 қазанда Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанның жаңа астанасы

Ақмола қаласы болғанын

ресми түрде жариялады. Осы

жылдың 8 қарашасында

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік рәміздерін

Алматыдан Ақмолаға

шығарып салу рәсімі өтті.

Сондай-ақ, 3 желтоқсанда

Премьер-Министрдің кеңсесі

Ақмолаға көшті.

•1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді.

Сондай-ақ осы жылы елімізде зейнетақы реформасы

басталды. Мемлекет зейнетке шығу жасын әйелдер

үшін 58 және ерлер үшін 63 жасқа дейін ұзартты.

•2000 жылдың 10 қазанында Астанада халықаралық

экономикалық ұйым ретінде кеден одағына қатысушы

мемлекеттердің басшылары қол қойған Еуразиялық

экономикалық қоғамдастық құрылды. Аталған

қоғамдастықты құру туралы келісімге Қазақстан, Ресей,

Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері қол

қойды. Кейін Еуразиялық экономикалық одақ құрылып,

қоғамдастық алынып тасталды.

2001 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан халқы

Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы

көптеген ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим

папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.



2002 жылы Тараз қаласының 2000 жылдық

мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

Сонымен қатар осы жылы киелі Түркістанда

Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы

өтті.

2003 жылы Астанада Әлемдік және дәстүрлі



діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы

өтті. Тарих жүзінде бұған дейін дәстүрлі үш

бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас

қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның

басты жетістіктерінің бірі саналары анық.

2004 жылы 24 желтоқсанда

«Ақорда» резиденциясыны

ашылды. Ғимараттың жалпы

ауданы 36 720 шаршы метр.

Сонымен қатар осы жылы Астанада

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президентінің Музейі

ашылды. Онда 100 мыңнан астам

экспонат бар.

2005 жылдың желтоқсанында

Конституция шеңберінде

Президенттік сайлау өтіп, ел

өзінің басшысын таңдады.

Сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев

қатысушылардың 91 пайыз

дауысын алып, ел сеніміне ие

болды.


2006 жылдың қаңтарында мемлекетіміздің жаңа Әнұраны

қабылданды. Әнұран негізіне Ж.Нәжімеденовтің сөзіне жазылған

композитор Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні алынды.

Қолданыстағы Әнұран мәтініне Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың

енгізген өзгерістерін Парламент қабылдады. Әнұранның заңды

авторларының бірі - Н.Ә.Назарбаев;




2008 жылы заңнамаға

енгізілген өзгерістер

мен толықтырулардың

негізінде жаңа мейрам

- 6 шілде - Астана күні

тарихқа енді. Сонымен

қатар елордадағы

«Қазақ елі» монументі

ашылды. 

2007 жылы Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени

мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла

бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны

жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге

бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына

5 миллиардтан аса бөлінді.

2009 жылы Қазақстанда жалпыұлттық халық

санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші

рет өткізіліп отырған ұлттық халық санағы

Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4

800 адам болғандығын көрсетті.

2010 жылы Қазақстан Еуропаның қауіпсіздік және

ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастады. Осы

жылдың желтоқсан айында Қазақстанда саммит өткізілді.

2011 жылы

Қазақстанда алғаш

рет қысқы Азия

ойындары өтті.

Қазақстанның

намысын қорғаған

спортшылар 70

медаль иеленді.

Олардың 32-сі —

алтын, 21-і — күміс

және 18-і — қола.




2012 жылдың 22 қарашасында

Қазақстан 2017 жылы елде әлемдік

көрме өткізу құқығына ие болды.

Халықаралық көрме бюросы

мүшелерінің қатысуымен Астана

103 дауыс жинады.

2013 жыл Тұңғыш Президент

жариялаған «2050 Стратегиясы -

қалыптасқан мемлекеттің жаңа

саяси бағыты» атты Жолдау

бойынша жұмыстардың қолға

алынуымен ерекшеленді.

Сонымен қатар осы жылы

Қазақстан тарихында тұңғыш

рет жергілікті билік органдары

басшыларының сайлауы өтті.

2014 жылдың тамыз айында үкіметте

қайта құру жұмыстары өтті: 17

министрлік пен 9 агенттіктің орнына

елде 12 министрлік және шамамен 30

комитет құрылды. Қаржы

полициясының қызметі мемлекеттік

қызмет және жемқорлыққа қарсы

күрес істері жөніндегі агенттікке

берілді. Бұдан өзге энергетика,

мәдениет және спорт,

инвестициялар және даму, ұлттық

экономика министрліктері құрылды.

2015 жылдың 27 шілдесінде

Қазақстан Республикасы

Дүниежүзілік сауда

ұйымының мүшесі атанды.

 2016 жылдың 16

желтоқсанында

Қазақстанның өз алдына

егеменді ел болып

жарияланғанына 25 жыл

толды. Тәуелсіздіктің 25

жылдығына арналған

декларация жазылды.

2017 жылы Қазақстанда

EXPO-2017 көрмесі

ұйымдастырылды. Аталған

көрме 10 маусым мен 10

қыркүйек аралығында

Астанада өтті. Оны

тамашалауға әлемнің

түкпір-түкпірінен 3 миллион

адам келді. Ал көрмені

өткізуге 115 мемлекет пен 22

халықаралық ұйым қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ

Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ

Астананың 20 жылдық мерейтойы тойланды.




2019 жыл Қазақстан үшін тосын

оқиғаларға толы болды. 19 наурызда

Қазақстанның Тұңғыш Президенті

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін

тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс

сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс

жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел

Президенті болып сайланды.




Назарларыңызға

рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет