Әліппе оқыту әдістемесі



бет79/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103
Байланысты:
Әліппе қмж

сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


259



Сабақтың тақырыбы

Г дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді;сөйлеу барысында жалғауларды дұрыс қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: табиғатты, жан-жануарлар, құстарды, қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.


Ойын: «Кемпірқосақ».

Кемпірқосақ түстеріне сәйкес келетін жемістер мен гүлдерді атау. Атаған гүлдер мен жемістерде «г» дыбысы кездесе ме?

Кемпірқосақта «г» әрпі кездесетін түс атаулары бар ма?

Күлгін, көгілдір сөздеріндегі «г»

дыбысының орналасу орнын анықтау, дыбыстық талдау жасау.



Суреттердің ішінен «г» дыбысы бар сөздерді тауып, дыбыстық талдау жасайды.

Кемпірқосақта кездесетін түстерге сәйкес жемістерді атайды (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін).

Қызыл – қызанақ, қызғылт сары – өрік т.б.




Кемпірқосақ суреті



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді, сөйлемді, мәтінді (жұмбақ өлең) дұрыс, түсініп оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар.

Оқулықта жазуға берілген тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен көшіріп жазасыңдар.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау






260






(МК, Ұ, Ө) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

1-тапсырма.

Оқулықтың 79-бетіндегі оқуға берілген сөздерді оқушылардың түсініп оқуына қолдау жасау.

«К» дыбысынан кейін дауысты дыбыс жалғап, өзгертіп айту.

к-г

бесік – бесігі көлік – көлігі шелек – шелегі бөрік – бөрігі елек – елегі көрік – көрігі

бүк – бүгу сөк – сөгу

тік – тігу төк – төгу


(МК, Ө) Жазылым 2-тапсырма.

Оқулықтағы 2-тапсырмада берілген

«Неге?» өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу. Сұрақтардың жауабын анықтамалық кітаптан іздеу.

Өлеңді дәптерге көшіріп жазу.





  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Сөздерді тұтас айтылуымен түсініп оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Өлеңді дәптерге қатесіз көшіріп жазады.

  3. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».



Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Мақтау

Қолдау көрсету



Оқулық Мәтін

Оқулық

Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



1-деңгей:

Дыбыс сызбасының көмегімен жасырынған сөзді тап.


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

1-деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасының көмегімен жасырынған

сөзді табады: гүл.






Саралау тапсырмалары


261






  1. деңгей:

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Гүл сөзімен сөйлем құра.

  1. деңгейдегі оқушылар гүл сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

  2. деңгейдегі оқушылар гүл сөзімен сөйлем құрайды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Анықтамалық кітап

Рефлексия. Сөйлемді толықтыр.

Мен ... білемін!



Оқушылар сабақтан алған әсерін, білімін жинақтап жеткізеді.

Өзін-өзі бағалайды.





  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

И дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: жан-жануарлар мен құстарға қамқор болуға талпынады. Қоршаған ортаны қорғауға үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.



Қолдау






262






Біз Отанның гүліміз, Туған жердің нұрымыз. Тәуелсіз біздің еліміз,

Қазақстан бай жеріміз.



Оқушылар өлеңді мұғаліммен бірге шапшаң, баяу, сыбырлап қайталап айтады.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.












– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «И» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер.

Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«И и» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«И и» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.



  1. Сурет бойынша әңгіме құрау.



  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасау.



  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар орманға барды. Орманнан тиінді көрді. Тиінге жаңғақ берді. Тиін жаңғақты алды».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Орманнан тиінді көрді.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 3 сөз бар.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «тиін» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «ти-ін» деп буынға бөледі.

  5. «Ти-» бірінші буынын айтып, қай дыбыстың созылып айтылып тұрғанын табады.

  6. «И» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

Қолдау


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Суреттер, оқулық Сызба




263






  1. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  2. «И» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

  3. «И» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  4. Түймелерден «и» әрпін жасау.

7. Түймелерден «и» әрпінің сұлбасын жасайды.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Әріптің баспа, жазба түрі

Түймелер



(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 80-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «И» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (ие – иек), сөз алдына (ит – кит) тиісті дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға қолдау көрсету.


Сызба, оқулық

Оқулық


(МК, Ө) Жазылым

  1. Оқулықтағы «и» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «И» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «И» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«и» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  1. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-

шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

Мақтау, қолдау


Жазу дәптері




264









«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».









Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Суреттердің және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді тауып көр.




  1. деңгей:

«И» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Киік, инелік, итмұрын сөздерінің бірімен сөйлем құра.

«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR-пен немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Сұрақ-жауап әдісі арқылы бүгінгі сабақта өтілген жаңа дыбыс пен әріп туралы оқушылардың білімін бекіту.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.




  1. деңгейдегі оқушылар суреттердің және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді табады: киік.

  2. деңгейдегі оқушылар «и» дыбысы киік, инелік, итмұрын сөздерінің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар киік, инелік, итмұрын сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.



  1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

  2. Жаңылтпашта жиі кездесіп тұрған дыбысты анықтайды.

  3. Жаңылтпашты тез-тез, жаңылмай айтады.




Саралау тапсырмалары

Суреттер Сызба

Әліппе. Үнтаспа.



«Атамұра», 2020




Рефлексия

Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы













  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет