Жануарлар экологиясы



бет1/7
Дата19.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44275
  1   2   3   4   5   6   7

Жануарлар экологиясы.

Жануарлар - табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі - олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Жануарлар мен құстардың ішінде алыптары да кездеседі. Дүние жүзінде жан-жануарлардың 1,5 млн. түрі бар деп есептелген. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлер белгілі болып отыр.


Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен. Қолға үйретілген жануарлар мен құстар бүгінге дейін оларға қызмет етіп келеді. Сондықтан адамдар жануарлар экологиясын оқып-үйрене отырып, оларды қорғай да білуі тиіс. Саналы адам бүгінгі күнге дейін жануарларды пайдаланумен бірге олардың кейбір түрлерінің жойылуына себепші болып отыр. Мысалы, Д. Фишердің мәліметі бойынша 1600-ші жылдан бері қарай сүтқоректілердің 36, құстардың 94 түрінің жер бетінен біржола жойылып кетуіне адамдар тікелей әсер еткен.
Олардың қатарына - дроит, кезеген кептер, қанатсыз гагарка, Лабрадор гагасы, каролин тотысы, көзілдірікті суқұзғын, стеллер сусиыры, жүндес керік, тур, тарпан, көгілдір жылқыкиік, жүндес мүйізтұмсық, т.б. жатады.
Қазақстан жерінде де өткен ғасырларда жабайы бір өркешті түйелер, кұлан, қабылан, тарпан, жабайы тур, арыстан, жолбарыс, керік, т.б. аңдардың тіршілік еткені белгілі. Тіптен, Іле тоғайынан жолбарыстың соңғысын 1947 жылы қазақ аңшысы атып алған. Бұдан шығатын қорытынды адамның іс-әрекетінің жануарлар үшін қаншалықты қауіпті екендігі белгілі. Шын мәнінде, қазақ жерінің кең даласында аң мен құстардың тіршілік етуіне қолайлы аймақтар көп-ақ. Сондықтан да болар біздің республикамызда сүтқоректілердің - 155, құстардың - 481, бауырымен жорғалаушылардың - 48, қосмекенділердің - 33, балықтардың - 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің байлығымыз. Барлығының да табиғат үшін, адам өмірі үшін маңызы зор.
Десек те, соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда жануарлар дүниесі саны мен сапасы жағынан көп өзгерістерге ұшырады. Оған тікелей әсер етіп отырған - антропогендік факторлар.
Кең-байтақ жерімізде жүйткіп жүрген түз тағыларын бейберекет аулау олардың табиғаттағы санын күрт азайтып жіберді. Кейбір жануарлар саны біртіндеп құрып бара жатыр. Айталық, қазақтың кең даласында қаптап жүрген құландар қазір жоқтың қасы. Оның басты себебі есепсіз аулау.
Қазақстанда біраз аң мен құстар біржола құрып кетудің аз алдында тұр. Олардың қатарына - қар барысы, құдыр, қызыл қасқыр, арқар, үстірт қойы, тауешкі, қабылан, дала мысығы, сілеусін, қарақүйрық, камшат, көк суыр, қоңыр аю, күзен, сусар, құндыз, қаракөл, сабаншы, т.б. жатады. Ал құстардан ұлар, дуадақ, безгелдек, саңырау құр, бұлдырық, аққу, дегелек, қоқиқаз, реликті шағала сарыала қаз, шалшықшы т.б. атауға болады.
Қазақстанның інжу-маржаны атанған Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл, т.б. көлдері соңғы жылдары адамның іс-әрекетінен тартылып, көп өзгерістерге ұшырап отыр. Әсіресе кәсіптік балық аулау төмендеп кетті. Ал Каспий мен Арал теңізінің экологиялық жағдайы өте нашар. Арал теңізінің деңгейі 17 м төмендеп отыр. Теңіздің тұздылығы көтеріліп, көптеген кәсіптік балықтар тіршілігін жойды.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы да ауыр. Әсіресе Каспий мұнайын игеру өскен сайын теңіздің балықтары мен құстар әлемі, итбалық сияқты сүтқоректілер зардап шегуде.
Республикамыздың үлкенді-кішілі өзендерінің экологиялық жайы сын көтермейді. Әсіресе Ертіс, Іле, Жайық, Щу, Талас, Тобыл, Нұра, Есіл, Ақсу т.б. өзендер шаруашылық пен өндірістің қарқындап дамуына байланысты ластанып немесе сулары тартыла бастады. Кейінгі жыл­дары өзен бойындағы тоғайлар мен жайылымдардың тозуы, өртке шалдығуы жиі байқалып, ол фауна мен флораға кері әсерін тигізіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет