«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы


) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі127,41 Kb.
#117533
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
әліппе презентация

2) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;

3) дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;

4) естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;

5) жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

6) дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.

7) оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;

8) сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

9) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

10) сөздік қорын байыту;

11) өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.

Ескерту:

І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант –3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

«Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны

  • Тыңдалым мен айтылым:
  • 1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;
  • 2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
  • 3) фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;
  • 4) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;
  • 5) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;
  • 6) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;
  • 7) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;
  • Ескерту: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет