«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/3
Дата17.10.2023
өлшемі127,41 Kb.
#117533
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
әліппе презентация

«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы

Орындаған: Мырзахметова Балжан

Жалпы ережелер

  • 1. «Әліппе»пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
  • 2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады:
  • 1) дыбыспен жаттығу;
  • 2) әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу;
  • 3) оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту;
  • 4) білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
  • 3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
  • 4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету

дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

оқу әрекетіне бейімдеу

дыбыс, буын, сөз, сөйлем, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру

мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды. Оқу пәнінің мазмұны:

орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет