Елубаева Ұлмерек Жолдыбекқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат поселкесі


Атырау облысы Мақат ауданы Мақат поселкесі Х



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата13.02.2017
өлшемі0,82 Mb.
#4022
1   2   3   4

Атырау облысы Мақат ауданы Мақат поселкесі Х. 

Санбаев атындағы орта мектебінің  бастауыш сынып 

мұғалімі Жукесова Ляззат  Айжариковна

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Етістік туралы алған білім, білік дағдыларын 

еске түсіре отырып, етістіктерді қалай меңгергенін тексеру. 

Оқушылардың теориялық және практикалық білім дәрежесін 

байқау.


Дамытушылық. Оқушылардың танымдық, 

шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс 

істеу, ой қорыту жұмысын арттыру.

Тәрбиелік. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, 

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев суреті, бүктеме, 

перфокарта.



Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.

Сабақтың барысы:

І.Үйымдастыру кезеңі

 Үй тапсырмасын тексеру

1.

33-жаттығу 177-бет



2.

Қызығушылығын арттыру «Ой қозғау»

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табын 



_________ дейміз.

Туынды етістік дегеніміз _________арқылы 



жасалады.

Түбір сөзден жасалған етістікті _________ дейміз.



Болымды етістік дегеніміз_________.

–ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану 



арқылы жасалатын етістікті _________ дейміз.

ІІ. Жаңа сабақ

Біз бүгін бұрынғы жарыс сабақтарындағыдай үш топқа 

бөлеміз.

Әр топ бірнеше сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқу.



І топ: Не істеді? (оқыды, келді, тұрды, күреді)

ІІ топ: Не қылды? (ойнады, ұшты, шапты)

ІІІ топ: Қайтті? (еріді, жүзді, соқты)

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Болымды және болымсыз етістік.



ІІІ. Оқулықпен жұмыс «Ой толғаныс»

І топ.  35-жаттығу  Тақтамен жұмыс.

Кешікпе, жамандама, жыртпа, бүлдірме деген сөздерге  

сөйлем құрап жазу.

ІІ топ. 36-жаттығу Оқулықпен жұмыс. 

Мәнерлеп оқу, көшіру, етістіктердің астын сызу.

Өлеңнің авторы кім?



Көрнекілік стратегиясы.

Абай   өмірге   1845   жылы   Семей   облысы   қазіргі   Абай 

ауданы,   Шыңғыс   тауының   етегінде   дүниеге   келген.   1886 

жылы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде, адам бойындағы 

қазынаның әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғылым 

болуы керектігін түсіндіреді.

Абайдың бір үлгісі- табиғат лирикасы. 1886-1890 жылдары 

табиғат пен адамның, ортаның байланысын суреттеп тануда 

жаңа үлгілері туды. «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым».

ІІІ топ. 37-жаттығу «Қолғабыңның сыңарын тап» ойыны

             жібер – жіберме                       қаз – қазба 

             шақыр – шақырма                   төз – төзбе

 ---12 ---



 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

IV. Үш топқа өздері білетін ырым-тыйым сөздерді тақтаға 

жаздыру.


             Тізеңді құшақтама!                Құр бесікті тербетпе!

             Бүйіріңді таянба!                   Үлкен кісінің алдын  

кесіп өтпе!

V.  

    І топ.   Мәтінмен жұмыс. (болымды, болымсыз етістікті 

табу) 38-жаттығу

    ІІ топ.  Перфокартамен жұмыс.  39-жаттығу

    ІІІ топ. Суретпен жұмыс.  40-жаттығу



VІ.  «Ой толғау»

Әр  топ  зат  есімге   байланысты  сурет  салып,  оны  қорғап 

етістікпен байланыстыра сөйлейді.

І топ. 


ІІ топ. 

ІІІ топ


VІІ. «Топтастыру» стратегиясы

 Не істеді?   Не қылды?    Қайтті?



VІІІ. Қорытынды:

Біз бүгін не үйрендік?

Етістік туралы білгеніңді айт?

Етістікке мысал келтір.

ІХ. Бағалау

Үйге тапсырма: 41- жаттығу (177-бет)                       

-------------------------------------------------------------------------

РАЗВИТИЕ РЕЧИ ДОШКОЛЬНИКОВ

С НАРУШЕНИЕМ СЛУХА ПОСРЕДСТВОМ 

ДИДАКТИЧЕСКИХ ИГР

Акжигитова Р.С.  

Воспитатель  Актюбинской  областной 

коррекционной школы-интерната для  детей

 с нарушением слуха

В   жизни   ребёнка   с   нарушенным   слухом   роль   игры   не 

менее важна, чем для слышащего дошкольника, для которого 

она является основой  для развития воображения, образного 

мышления, речевого общения. 

Эффективность работы по развитию речи в значительной 

степени зависит от используемых методов, их многообразия, 

соответствия   возрасту   и   особенностям   психофизического 

развития детей.

К   наиболее   часто   используемым   приёмам   относятся 

наблюдение,   демонстрация   предметов,   картинок,   слайдов, 

выполнение   действий   по   подражанию   педагогу,   речевые 

упражнения, дидактические игры и др.

Дидактические игры один из наиболее распространённых 

приёмов развития речи.

Задача   дидактической   игры   заключается   в   том,   чтобы 

научить   детей   правильно,   полно   и   точно   воспринимать 

предметы, их свойства и отношения (величина, форма, цвет, 

пространственные   отношения   и   т.   д.),   сформировать 

сенсорные  эталоны.

Дидактическая   игра   стимулирует   умственное   развитие, 

способствует   овладению  различными  видами деятельности 

(рисование, конструирование) и расширению представлений 

об   окружающем   мире.   Кроме   специальных   занятий, 

дидактическая игра как методический приём используется и 

на   других   занятиях:   по   изобразительной   деятельности, 

ознакомлению   с   окружающим   миром,   развитию   речи, 

формированию

 

элементарных



 

математических 

представлений и др.

Подбор   дидактических   игр   определяется   целями   и 

задачами   занятия.   Особенно   широко  используются 

дидактические   игры  при   проведении   словарной   работы



формировании навыков   слухо-зрительного   и слухового 

восприятия,   глобального   чтения;   обучении   пониманию 

значений   слов  и   целых   высказываний   (поручений, 

просьб,  вопросов,   сообщений,   отрицаний).   В   качестве 

материала   используются   игрушки,   картинки,   реальные 

предметы.   Некоторые   игры   предполагают   использование 

атрибутов   костюмов   профессий.   Занимательная   игровая 

задача   обеспечивает   стабильный   интерес   к   содержанию 

предложенного материала,  игровые  действия предполагают 

активизацию   знакомых   детям   слов   и   фраз.   Элементы 

соревнования,   часто   являющиеся   условием   игры, 

способствуют   активизации   детей,   вносят   элементы 

занимательности. Планируя проведение дидактических игр

педагог в процессе подбора игр определяет, какие речевые 

умения   и   навыки   будут   закрепляться   в   игре,   какое 

оборудование   необходимо   использовать,   уточняет 

последовательность   игровых   действий.   Речевой   материал, 

которые дети должны усвоить в процессе игры, фиксируется 

на табличках.



Пример использования дидактической игры на 

занятии по развитию речи.

ОДЕЖДА

Цели: закреплять названия одежды, учить понимать 

инструкции, закреплять навык глобального чтения.



Оборудование: шкаф из набора игрушечной мебели с 

полками и дверьми, набор одежды для куклы, таблички с 

названиями предметов одежды. 

Речевой материал: Кукла неаккуратная. Тут платье, 

кофта, майка, шапка. Положи майку…Повесь кофту…



ХОД ИГРЫ

На столе у педагога стоит шкаф, а вокруг него разбросана 

кукольная одежда. Педагог говорит детям: « Кукла 

неаккуратная. Одежда разбросана. Одежду нужно положить 

в шкаф». Педагог открывает дверцы шкафа и показывает 

детям, что на полках и на вешалках есть таблички с 

названиями одежды. Затем он просит одного из детей взять, 

например, платье и повесить в шкаф (возьми платье, повесь в 

шкаф). Ребёнок находит вешалку, к которой прикреплена 

табличка « ПЛАТЬЕ», и вешает платье куклы на эту 

вешалку. В случае затруднений можно взять из шкафа 

вешалку с табличкой и к ней подобрать соответствующий 

предмет. Затем другие дети точно также вешают или 

складывают вещи куклы в шкаф на свои места. В процессе 

 ---13 ---


 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

игры можно провести уточнение значений слов положи-

повесь (положи майку, повесь кофту).

Литература:

Носкова Л.П., Головчиц Л.А. Методика развития речи 

дошкольников с нарушениями слуха.М., Гуманит. изд. Центр 

Владос,2004.



Курицына Э.М.  Тараева Л.А.Большая книга занятий 

по развитию речи.М.,Росмэн 2006.

-------------------------------------------------------------------------

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қарасу ауылы

С. Сейфуллин атындағы жалпы 

негізгі білім беретін мектеп

Дауылбаева Жайнагул Кажмуратовна

 бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Қазақстанның 7 кереметі

Мақсаты:  Бір   таңбалы   санға   көбейту   және   бөлу   әдіс   – 

тәсілдерін   нығайту,   аудан,   периметр   табуды   дамыту, 

көптаңбалы санды оқып, жаза білу, разрядтық қосылғышқа 

жіктеу;   Амалдарды   орындап,   тапсырманы   шеше   білу 

мүмкіндіктерін нығайту; Қазақ елінің өткен тарихына деген 

қызығушылығын ояту, Отанға, оны қадірлей білу сезімдерін 

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Қазақстан   Республикасының   рәміздері, 

әлемнің   7   кереметінің   иллюстрациясы,   киіз   үй   макеті, 

таблицалар,   Назарбаевтың   «Қазақстан»   кітабы,   И. 

Тасмағанбетовтың құлпытастар, тарихи ескерткіштер туралы 

кітабы, домбыра.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

3.

Бүгін бізде ерекше сабақ, ол кіріктірілген сабақ.



4.

Біз өз білімімізді математика пәні бойынша ғана 

сынап қоймаймыз. Дүниетану, бейнелеу, музыка пәндері 

бойынша да білімдеріңді байқап көреміз.

5.

Дүниетану сабағында біз әлемнің 7 кереметімен 



танысып едік қой, қане айтып беріңдерші.

6.

Неге бізге өз еліміздің тарихына үңіліп, керемет 



ескерткіштер мен мәдениетімен таныспасқа?!

7.

Әрине бізде ғажап ескерткіштер, кесенелер, 



монументтер көп, соның ішінде ерекше 7 кереметімен 

танысамыз.

8.

Сонымен, саяхатымызды бастаймыз. Мен қазір бір 



мәтін оқимын. Сендер әңгіменің қандай керемет туралы 

екенін табыңдар. 

9.

Сендер тақауда орыс тілі сабағында қандай аңыз 



туралы өтіп едіңдер?

 (Бейбітшілік ағашы, өмір ағашы)

Сол аңызды айтылған Бейбіт ағаш - өмір ағашы бірнеше 

ғасырдан кейін президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 

бастамасымен  Сарыарқаның қақ төсінде тәуелсіз, байтақ 

елдің қақ төрінде Бейбітшілік өзені ағып жатыр. Ол оның 

жағасында жерден нәр алып, аспанмен тілдескен Өмір ағашы 

өсіп тұр. Аңыз шындыққа айналды. Есіл өзенінің сол жақ 

жағалауында жапырағын жайып, Өмір ағашы жайқалып тұр.

10.


Ал, осы Өмір ағашы қалай аталады?

(Монумент Астана – Бәйтерек)

11.

Ол металдан, бетоннан және әйнектен 



құрастырылған  архитектуралық құрылыс.

12.


Биіктігінің қанша екенін білесіңдер ме?

13.


Ал Бәйтеректің тапсырмасы:

32*5                   72:6               108:9              45*3             136:8 

94*7

14.


Музыка мұғалімі – домбыра.

15.


Келесі Қазақстан кереметі – Қожахмет Яссауи 

кесенесі.

16.

Кесене 14 ғасырдың аяғы 15 ғасырдың басында 



Түркістанда салынған.

(картадан көрсету)

17.

Қожахмет Яссауи орта ғасырдағы белді ғалым, 



ақын болған. Ал кесенеге 600 жыл болды. Кесененің үлкен 

залында тайқазан орналасқан. Бізге кесененің ауданы мен 

периметрін табу керек. 

18.


Кесененің ұзындығы 60м

19.


Ені 45м

20.


S= ?

21.


S=2700м

22.


P=?

23.


P= 210м

Кесененің маңайында тұрған ескерткіштер тұрған жердің 

ауданы

 650000м


24.

Тақтаға кім жазады?

25.

Разрядтық қосылғышқа жікте.І кластың неше 



бірлігі ІІ кластың неше бірлігі бар?

26.


Келесі кереметіміз «Алтын адам»

27.


Ол туралы не білесіңдер?

28.


Алматыдан 50 км Есік қорғанында табылған Сақ 

көсемі батыр алтын киім киген. Алтын салпыншақтар 4000 

нан астам. Сондықтан археологтар оны «Алтын адам» деп 

атаған


29.

Басында биік сәукеле. Бас киімнің маңдайшасында 

арқардың мүйіз қанаттты 2 тұлпар бейнеленген.

30.


Осы қанатты тұлпар тағы қайда бейнеленген?

31.


Елтаңбаның авторы?

32.


Алтын адам тапсырмасы.

33.


Оқулықпен жұмыс №2,3,4.

34.


Келесі кереметті табу үшін «Күн мен түн» ойынын 

ойнаймыз. Ойын кезінде көбейту таблицасын пысықтаймыз.

35.

«Түн» ұйықтаймыз



36.

«Күн» оянып, жауап береміз.

37.

Киіз үй өте ертеде біздің эрамызға дейінгі ІІІ-ші 



мыңжылдықта пайда болған. Ол туралы Қытай ақыны Баяр 

өз өлеңінде жырға қосқан

38.

Құрамын кім айтады?



39.

8, 12, 18, 24, 30 қанатты үйлер болған. Хандардың 

үйіне 1000 адамға дейін сыйған.

40.


Тапсырма: киіз үйдің 1 қанатын жабуға 6кв.м киіз 

керек болса, 12 қанатты үйге неше м.кв киіз керек?

1 қанат – 6м.кв. киіз

12 қанат - ?

Шешуі: 12*6=72

Жауабы: 72м.кв

Ал 1 м.кв киізге – 20кг жүн

72 м.кв киізге-?

Шешуі:

Жауабы:


41.

Карточка


Шама 5т =…кг               120мин=…сағ                       90дм= …

см

          100м= …дм           7т=...ц                                    8 



ғасыр=... жыл

42.


Келесі керемет (Тамғалы) таңбалы тасы

43.


Оның қайда орналасқанын табу үшін амалдарды 

 ---14 ---



 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

орындау.


44.

А   830+170

45.

Л   560/8



46.

Т   2400-300

47.

М   5000/50



48.

А  14*6


49.

Ғ   23*4


50.

Ы  3200/400

51.

Жауап: Тамғалы



52.

Тамғалы таңбалы тасы Алматыдан 170 км жерде 

онда 5000дай суреттер бейнеленген: жануарлар, арқар, киік, 

бұқа, түйе, ат бейнеленген. Ең танымал сурет «Күн құдайы»

53.

Келесі керемет – Маңғыстаудағы мешіт. Ол Бекет 



Ата деп аталатын жер асты мешіті.

54.


Тапсырмасы: теңдеу шешу.

55.


Қазір жаңа тақырыпты қалай меңгергендеріңді 

тексерейік.



Тест «Қазақстанның 7 кереметі»

1.Астананың  символы

А)Бәйтерек

Б)Нұр – Астана

2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада?

А)Алматы


Б)Түркістан

В) Қарағанды

3. Алтын адам киімінде қанша алтын салпыншақ?

А)4000      Б) 4200    В)4600

4. Қазақ халқының жинамалы жеңіл баспанасы.

А)жер үй


Б) киіз үй

В) лашық


5. Тамғалы таңбалы тасындағы танымал бейне.

А) Арқар


Б) Күн құдайы

В) Көсем


6. Бекет Ата мешіті қай облыста?

А) Ақмола

Б) Маңғыстау

В) Қостанай

- Қорытайық:

1. Көбейтудің дербес жағдайы?

2. Көбейту амалының заңдылықтары?

3. Бөлу амалы компоненті

4. 1- ші разрядтың 5 бірлігі

    2-ші разрядтың 5 бірлігі

    3- ші разрядтың 5 бірлігі

   6- ші разрядтың 7 бірлігі

5. І кластың 161 бірлігі

    ІІкластың 24

6. 7 таңбалы ең кіші сан

- Рефлексия

Естеріңде не жақсы сақталып қалды?

Ең қызықты не болды?

Не білдіңдер?

- Бағалау:

Ал, жақсы жұмыс істедіңдер. Өздеріңді өздерің бағалаңдар.

Жақсы жұмыс істедім дегендер – қызыл

Талпындым дегендер – көк

Баяулау қатыстым дегендер – жасыл



-Үйге тапсырма:  №7,9

Әліпбаева Фариза. Қызылорда облысы,Қазалы 

ауданы,Әйтеке би кенті, Қазалы көлік-техникалық 

колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тақырыбы:  Біржанның азаматтық позициясы «Жанбота» 

өлеңі


Сабақтың мақсаты:    а) Білімділік:Ақын  өлеңінің 

мазмұнын меңгерту, тарихи  фактілерге назар аудару;

Біржан өлеңдерінің құдіреттілігіне көз жеткізу;

б) Тәрбиелік: Ел тарихын құрметтеу, өнерді сүю, 

Отансүйгіштік сезімін ояту, ойын жүйелі жеткізе білуге 

үйрету;


в) Дамытушылық: Оқушының іздемпаздық, байқампаздық 

қасиетін қалыптастыру. Тіл байлығы тереңдету, мәнерлеп

жатқа оқу мәдениетін жетілдіру, өз ойларын айта білуге 

дағдыландыру, белсенділігін арттыру.



Сабақтың түрі:             Танымдық  сабақ 

Сабақтың типі:           Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:           СТО әдісі , логикалық турнир, 

кубизм, галерияға шарлау



Пәнаралық байланыс: тарих, математика, ән-өнер, қазақ 

тілі


Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, кітап көрмесі 

«Біржан деп атым      шықты алты  алашқа...» ,сурет көрмесі 



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушыларды сабаққа дайындау

Б) топ оқушыларын  түгелдеу

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 

«Логикалық турнир»

1. Біржанның әкесі кім?

«Баласы Қожағұлдың Біржан салмын...»

Біржанның әкесі- Тұрлыбай

2. Көкшетаудағы  ...  көлдің бірі- Жөкей көлінің маңында 

дүниеге келген.

Көкшетаудағы  сексен  көлдің бірі- Жөкей көлінің  

маңында дүниеге келген.

3. Бертістен бес ұл тараған: 

жалғастыр.

   Бертістен бес ұл тараған:Ақшуақ, Айшуақ, Жаншуақ,  



Қожамқұл, Қожағұл.                                       

4.Синкретті өнер дегеніміз не?

   Ауыз әдебиетіндегі бірнеше  өнердің  тоғысуы.

5. Біржан заманында «Ақын» атану қиынның қиыны 

болатын себебі не?

6. Біржанның ән мен жырына қатысы жоқ қыз атауы: 

Шұға, Мақпал, Ажар,Ләйлім, Нұрғайша, Ақтоты. Ақтоты

 

«Біржан-бұрын –соңғы қазақтың сал –сері ақындарының 



ағасы,ұстазы,жанашыр   өнерпазы.Өнер   дамыған   сайын 

Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ» Есмағанбет Ысмайлов



1. Түсіндіру 

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

    «Жанбота»- Біржанның азаматтық позициясын 

аңықтайтын, қоғамдық- әлеуметтік көзқарасын айқындайтын 

шығармаларының бірі. Мұндағы өлең шумақтарының 

«айналасы жұп-жұмыр», «тілге жеңіл». Әр сөз, әр тіркес, әр 

жолда бір-бір оқиға, үлкен сурет, терең мағына бар:

                              Жанбота, осы ма еді өлген жерім,

                              Көкшетау боқтығына көмген жерің...

     Осындағы «Жанбота»

 ---15 ---



 ---------------------------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 15 мамыр 2013 ж | № 18 (46)

 Деген жалғыз ауыз сөздің әр дыбысының астарында үлкен 

мән, қатты ызғар бар, сондықтан да құлаққа қатқыл естіледі. 

«Жанбота» есімі: 

- ел билеуші есер;

- Біржанның замандасы;

- намыссыз жан;

- шарасыз пенде.

 «Осы ма еді өлген жерім»... тіркесінен Біржанның өзін 

көреміз:


ел алдында ұятқа қалған арлы жан;

ел билеушісіне шағым айтқан ызалы ақын;

өнер адамдарының қорғансыздығына күйінген азамат;

әділеттікке қолы жете алмаған күрескер.

«Кісісін бір болыстың біреу сабап» деген үшінші  жолда 

сол   замандағы   ел   ішіндегі   алтыбақан   алауыздықтың,   көре 

алмаушылық, бақталастықтың көрінісі көзге ұрады.

«Бар   ма   еді   статьядан   көрген   жерің»   дегенде   Біржан 

қолында   билігі   барлардың   әділетсіздігін   әшкерлеп   қана 

қоймайды,   Азнабай,   оның   поштабайы   және   соққыға 

жығылған ақынын арашалап алып қала алмаған Жанботаның 

заңды   біле   тұра   білмегенсіген   аярлығын,   сатқындығын, 

екіжүзділігін бетке басады.Бүл өлең жолынан біз Біржанның 

заң   білетіндігін   аңғарамыз,   адамзаттық   позициясының 

демократтық   бағытта   екенін   байаймыз.   Сегіз   болыстың 

ішінде   шені   артық   Жанботаның   заң   білмеуі   мүмкін   емес 

Біржан отырған үйдің иесіне: "генерал-губернатор келгенше 

қоя   тұрсын"   -   деп   сөз   айттырса,   ол   да:   "Жиналып   тұрған 

көпшілікке  топырақ   шаша  алмаймын",   -  десе  керек.  Бұған 

ашуланған   Азнабай   мінезі   дөкір,   дойыр   қамшылы 

поштабайын жұмсап:  "Тоқтат Біржанды!" - деп  бұйырады. 

Поштабай   барып   бұйрықты   жеткізсе,   Біржан   тоқтамайды. 

Поштабай   әуелі   қолындағы   домбырасын   тартып   алмақ 

болады.   Өзі   де   балуанға   түсіп   жүрген   қарулы   Біржан 

домбырасын   бермейді.   Сосын   поштабай   қолындағы 

қамшымен   Біржанды   бір   тартып   жібереді.   Мұның   аяғы 

төбелеске айналып, отырған жұрт поштабайды үйден қуып 

шығады.   Бірақ   денесіне   қамшы   тиген   Біржан   бұған  қатты 

намыстанып, жан айқайы "Жанбота" әнін шығарған. Мұнда 

өзін қолқалап ертіп келген Жанбота болысқа:

"Жанбота,   осы   ма   еді   өлген   жерім?

Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" - 

деп   ашулана   шырқаса   да,   "қарғаның   көзін   қарға 

шұқымайды" дегендей, "азуы алты қарыс" Азнабайға ештеңе 

істей   алмасын   байқаған   соң,   атақты   "Адасқақ"   әнін 

шығарған. Онда бұл дүниеде әділеттің жоқтығын, кім болса 

да біреуге жағынудың, жағымпазданудың керек еместігін, өз 

күшіңе, біліміңе, қабілетіңе қарай өмір сүру керектігін өкіне, 

ашына айтқан.

2. Таныту ( «Біржан сал» киносынан үзінді) 

«Біржан сал» киносы 2009 жылдың 3 қыркүиегінен бастап 

кинотеатрларда көрсетіле бастады 

3. Талдау ( дәптермен жұмыс )

Өлең құрылысына талдау, кірме сөздерге түсінік беру 

                              Жанбота, осы ма еді өлген жерім,10

                              Көкшетау боқтығына көмген жерің...11

                              Кісісін бір болыстың біреу сабап,11

                              Бар ма еді статьяда көрген жерің.10

а) 1шумақ

ә) 4тармақ

б) 3бунақ

в) 10буынды;

4. Шолу.

Электрондық оқулық және ғаламтор  арқылы тың 

жаңалықтармен хабардар болу.

1.2012 жылы Көкшетауда әуез мектебінің жанында Біржан 

салдың  ескерткіші  орнатылды.Биіктігі 6 метр. Мүсін 

авторы Мұнарбек Бүрмағанов.

 

2. Көкшетау қаласында музыкалық колледжге Біржан 

салдың аты берілді

3. Биыл әншінің дүниеге кегеніне 175 жыл Соған орай 

Ақмола облысы Степняк қаласында ақынның мерей 

тойын атап өтуге дайындалуда.

5. Шарлау.

Галереяға шарлау( оқушылардың өздері салған суреттеріне 

сипаттама беруі).

6. Қорытындылау

«Жанбота» - Біржанның азаматтық позициясын 

айқындайтын шығармасы . Оқушылар 2 топқа бөлініп 

плакатқа Біржан және Жанбота туралы  ойларын ортаға 

салады .

Бағалау : Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалау 



Үйге тапсырма : Жанбота мен Азнабай туралы 

қосымша мәлімет жинау

-----------------------------------------------------------------------------

МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті 

МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 

Шығу жиілігі: аптасына 1 рет

Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы

Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)

Бас редакторы: Нагиев И. Б.

Негізгі тақырыптық бағыты: 

білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық



Байланыс: E-mail: 

45

   minutkz@mail.ru



 

 

Телефон: 8 777 087 6843 (Редакция)



«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған 

ақпараттардың авторлық құқы ақпарат авторына тиесілі, 

редакция жауапты емес. Жарияланған ақпарат 

авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, 

2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.

Тапсырыс:   №

        Таралымы: 3000 дана.

Газет «Хабар-Сервис» ЖШС-ның баспаханасында басылды.

 ---16 ---




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет