Эмбриология


2-Тарау. Гистология, цитология және эмбриологияның зерттеу әдістері Бақылау сурақтары



Pdf көрінісі
бет20/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

40
2-Тарау. Гистология, цитология және эмбриологияның зерттеу әдістері
Бақылау сурақтары
• Сәулелік микроскопия үшін препараттар дайындаудың негізгі прин- 
циптері кандай? Жасушаның кызметтік жағдайын кандай әдістердің 
көмегімен анықтауға болады?
• Жасушаның 
кандай 
кұрылымдарын 
микроскопияның 
әр 
түрлі 
әдістерімен ажыратуға болады?
• Гистологиялық бояулардың негізгі топтарын атаңыз. «Оксифилия», 
«базофилия», «метахромазия» терминдері нені білдіреді?


З-Тарау
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЭМБРИОЛОГИЯ ДАМУЫНЫҢ 
ҚЫСҚАША ОЧЕРКІ
3 .1 . 
ГИСТОЛОГИЯ, ЦИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ 
ЭМБРИОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Гистологияның дамуы. Тіндердің және олардың компоненттерінің құрылысы 
мен шығу тегі туралы ғылым ретіндегі гистология жетістіктері алдымен 
техниканың, оптиканың және микроскопиялау әдістерінін дамуымен байла- 
нысты. Микроскопиялык зерттеулер организмнің жасушалары мен тіндерінің 
құрылысы туралы мәліметтерді жинақтауға және оның негізінде теориялык 
корытындылар жасауға мүмкіндік берді. Алғашкы микроскоптар XVII ғ. ба- 
сында жасалған (Г. және 3. Янсендер, Г. Галилей және т.б.)- Өзі жасаған 
микроскоптын көмегімен алғашқы зерттеулердің бірін ағылшын ғалымы 
Роберт Гук (1635—1703) жүргізген. Ол көптеген заттардын микроскопиялык 
кұрылысын зерттеген, олардың арасында ине ұшы, батист, зәрдегі кұм, мак 
тұкымдары, күмырсқалар, ағаш және т.б. бар. Барлык зерттелген нысандарға 
Р. Гук 1665 ж. басылымнан шыккан «Микросурет немесе үлкейткіш шыны 
көмегімен орындалған, ұсак денелердің кейбір физиологиялык сипаттамала- 
ры» атты кітабында сипаттама берген. Өзінің зерттеулерінен Р. Гук өсімдік 
объектілерінде көпіршік тәрізді ұяшыктардың кең таралғаны туралы тұжырым 
жасады және алғаш рет «жасуша» терминін ұсынды. 1671 ж. ағылшын ғалымы 
Н. Грю (1641 — 1712) өзінің «Өсімдіктер анатомиясы» кітабында жасушалык 
құрылым туралы жалпы өсімдік организмдерінін күрылымдык принципі 
ретінде жазған. Н. Грю алғаш рет өсімдік массасын белгілеу үшін «ткань» 
(казакша «тін» немесе кейде «ұлпа» деп аударылады) терминін колданыска 
енгізді, өйткені өсімдік массасы өзінің микроскопиялык конструкциясы бой- 
ынша киім тіндеріне ұксас болды. Сол жылы италия ғалымы Дж. Мальпи­
ги (1628—1694) әр түрлі өсімдіктердің көпіршікті (жасушалык) кұрылысына 
жүйелік және толық сипаттама берді. Кейін тек өсімдіктер ғана емес, соны- 
мен катар жануарлар организмдері де жасушалардан тұратыны туралы де- 
ректер біртіндеп жинақталды. XVII ғ. екінші жартысында әуеской — оптик 
А. Левенгук (1632—1723) микроскопиялык жануарлар әлемін ашты жэне 
алгаш рет қанның кызыл денешіктері мен аталык жыныс жасушаларына си­
паттама берді. Әрбір зерттеу ғасырлар бойы жинакталған, табиғатка деген


42
З-Тарау. Гистология, цитология жэне эмбриология дамуының қысқаша очеркі
метафизикалык көзкарастармен нашар үйлескен жаңалык болып табыл- 
ды. Жаңалыктардың кездейсок сипаты, микроскоптардын толык жетілмеуі
метафизикалык дүние тану 100 жыл бойы (XVII ғ. ортасынан XVIII ғ. орта- 
сына дейін) жануарлар мен өсімдіктер кұрылысының заңдылыктары туралы 
білімнін айтарлыктай алға карай кадам жасауына мүмкіндік бермеді.
Организмдердің микроскопиялык кұрылысы туралы білімнің дамуына ми- 
кроскоптарды одан әрі жетілдірулердің маңызы зор болды. XVIII ғ. микроскоп- 
тар көп мөлшерде шығарыла бастады. Ресейге оларды алғаш рет Голландиядан 
I Петр әкелген. Кейін Петербургта Ғылым академиясында микроскоптарды 
дайындау шеберханасы ұйымдастырылды. Ресейде микроскоптардың дамуына 
М. В. Ломоносовтың коскан үлесі зор, ол микроскоптыңжәне оныңоптикалык 
жүйесінің конструкцияларын техникалык жетілдіру үшін біркатар үсыныстар 
жасаған. XVIII ғ. сонында — XIX ғ. басында көптеген отандык (Петербург™к) 
және Голландия ғалымдары мен шеберлерінің еңбегі аркасында ахроматиялык 
микроскоптар жасалынды, олар микроскопиялык зерттеулерді анык ете 
түсті және әр түрлі жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің кұрылымдык 
элементтерін жүйелік зерттеуге мүмкіндік берді.
XIX ғ. жасушалар мен тіндер туралы ілімнін дамуына Я. Пуркинье 
(1787-1869), М. Шлейден (1804-1881), Ф. Лейдиг (1821-1908), И. Мюллер 
(1801-1858), Т. Шванн (1810-1882), Р. Вирхов (1821-1902), Р. Келликер 
(1817—1905), В. Вальдейер (1836—1921) және т.б. жұмыстары үлкен эсер етті. 
Көптеген зерттеушілер организмдердің жасушалык кұрылысы туралы жора- 
малдарын айтса да, тек Т. Шванн өзінін «Жануарлардың және өсімдіктердін 
өсуі мен кұрылымының сәйкестігі туралы микроскопиялык зерттеу» 
(1839) монографиясында жасушалык теорияның негізгі кағидаларын анык 
калыптастырды. Бұл теорияның маңызды тұжырымы, жасушалар барлык 
өсімдіктер мен жануарлардың карапайым әмбебап кұрылымдык бірліктері 
болып табылатынында еді.
Т. Шванның кітабы жарыкка шыккан сон австралиялык гистолог А. Кел­
ликер жасушалык теорияның кағидаларын организмнін эмбрионалдык 
дамуының ерте сатыларына бөлді. Ол 1841 — 1844 жж. сперматозоид пен 
овоциттің жасуша болып табылатынын көрсетті. Ұрыктанған аналык жыныс 
жасушасының бөлшектенуі барысында пайда болатын организм де (ұрык) жа- 
сушадардан тұрады.
Жасушалыктеорияның дамуымен катар организмнін кұрамында жасушалар 
жоғары реттік жүйелерді — тіндерді күрайтыны туралы жорамалдар жинакталды. 
1801 ж. француз анатомы М.Ф.К. Биша (1771—1802) микроскопиялык зертте- 
улер негізінде тіндердің алғашкы жіктелуін үсынды. Оның шәкірті К. Майер 
1819 ж. шыккан «Гистология және адам денесі тіндерінің жаңадан бөлшектенуі 
туралы» еңбегінде «гистология» терминін енгізді.
Жасушалык теория биология мен медицинаның дамуына зор карқынды 
эсер етті. XIX ғ. ортасында сипаттамалы гистологияның каркынды даму кезеңі 
басталды. Жасушалык теориянын негізінде эр түрлі мүшелер мен тіндердін 
кұрамы, олардың дамуы зерттелді, ол сол кездің өзінде-ак басты ерекшеліктері 
бар микроскопиялык анатомияны кұруға жэне микроскопиялык күрылысын


3.1. Гистология, цитология және эмбриологияныңғылым ретінде кдлыптасуы
43
ескере отырып, тіндердің жіктелуін аныктауға мүмкіндік берді (А. Кёлликер 
және т.б.).
Бірак ғылыми сана XIX ғ. екінші жартысында гистологиялык техниканын 
және микроскопиялык зерттеу әдістерінің кейінгі жетістіктерінсіз каркынды 
дами алмады. Бұл кезенде тәжірибеге сулы және майлы иммерсионды объ- 
ективтер енгізіліп, жетілдірілді, микротом ойлап шығарылды, жаңа фикса- 
торлар (формалин, осмий кышкылы, хром кышкылы) колданыла бастады. 
Жасушаішілік торлы аппаратка (Гольджи кешені) сипаттама берген, италия 
ғалымы К. Гольджи дайындаған күміс тұздарымен импрегнациялау әдісі 
өте нәтижелі болды. Бұл әдіс пен оның модификациялары жүйке жүйесінің 
іргелік зертгеулерін жүргізуге (Р. Кахаль) және нейрогистология негізін 
кұруға мүмкіндік берді. К. Гольджи және Р. Кахальдың ғылыми еңбектерін 
мойындау оларға 1906 ж. Нобель сыйлығын беру болып табылды. XIX ғ. соңғы 
ширегінде жасушаның баска органеллалары да ашылды.
Жасушаның кұрылысын зерттеу аумағындағы жетістіктердің арқасында 
XIX ғ. соңында цитология негіздері каланды, бірак бекітілген жасушалар- 
ды микроскопиялау олардағы тіршілік үдерістері туралы тұжырым жасауға 
мүмкіндік бере алмады. Сондықтан жасушалар мен тіндерді культивация- 
лау әдістері ғалымдардың назарын аударды (И. П. Скворцов, Р. Гаррисон, 
А. Каррель және т.б.).
Тіршілік кезінде бояуларды енгізу, сол кезде көптеген зерттеушілер 
колданған, 
организмге 
бөгде 
заттарды 
енгізу және 
баска 
әдістер 
гистологиялык кұрылымдардың физиологиясын зерттеуге мүмкіндік жасады. 
1900 ж. Н.М. Гайдуков тірі объектілерді қараңғыда микроскопиялау әдісін 
ұсынды. Осы уакытта микроманипулятор ойлап шығарылып, оның көмегімен 
жасушалардың организмнің өмір сүруіндегі маңызы мен кызметін аныктау 
мақсатында жеке жасушаларда операциялар (ядроларын алып тастау, жасу- 
шаларды кесу және т.б.) жүргізуге болатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет