Эмбриология


 .1 4 -су р е т. Митохондриянын, ультрамикроскопиялық қурылысы: а — схема



Pdf көрінісі
бет43/273
Дата21.12.2023
өлшемі74,38 Mb.
#142367
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   273
Байланысты:
Гистология, эмбриология, цитологияАфанасьев 11

4 .1 4 -су р е т. Митохондриянын, ультрамикроскопиялық қурылысы: а — схема; б  —  
бауыр жасушасы митохондриясының кесіндісінің электрондық микрофотография- 
сы. 1 — сыртқы митохондриялық мембрана; 2 — ішкі митохондриялық мембрана; 
3 — кристілер; 4 — митохондриялық матрикс
Бұл күрделі үдерістердің бастапқы сатысы гиалоплазмада жүреді. Бүл жерде 
субстраттың (мысалы, канттардың) пирожүзім кышкылына (пируватка) дейін 
алғашкы тотығуы және АТФ-тің азғантай мөлшерінің косарланған синтезі 
өтеді. Бұл үдерістер оттегінсіз жүреді (анаэробты тотығу, гликолиз). Энер­
гия өндірудің калган барлық сатылары — аэробты тотығу және АТФ негізгі 
мөлшерінің синтезі оттегін колданумен жүріп, митохондриялардың ішінде 
орналасады. Бүл мезгілде пируваттың және энергиялык алмасудың баска 
субстраттарының, С 0 2 бөле және протондарды олардың акцепторларына та- 
сымалдай отырып, тотығуы жалғасады. Бүл реакциялар митохондриялардың 
матриксінде орналасатын үшкарбонды кышкылдар циклінін ферменттерінің 
көмегімен аткарылады.
Митохондриялар кристілерінін мембраналарында электрондардың әрі 
карай тасымалдау жүйесі және онымен түйіндесетін АДФ фосфорленуі 
(тотыктанудың фосфорленуі) орналасады. Бұл кезде бір нәруыз-акцептордан 
электрондардын екіншіге тасымалы, және акырында, олардың оттегімен 
байланысуы өтіп, нәтижесінде су пайда болады. Осымен бір мезгілде осы 
әдіспен тотығу барысында электрондарды тасымалдау тізбегінде бөлінетін 
энергиянын біраз бөлігі АДФ фосфорленуінде макроэргиялық байла- 
ныс түрінде коймаланады да, АТФ молекулаларының — негізгі жасу­
ша ішілік энергиялык эквиваленттің — көптеп пайда болуына әкеледі.


4.2. Жасушаның қүрылымдық компоненттері
81
Митохондриялардын кристілерінің мембраналарында тотыктандыра фосфор- 
лену осы жерде орналасқан тотыктыру тізбегінін нәруыздары және АДФ фос- 
форлену ферментінін, АТФ-синтетазаның көмегімен жүреді.
Митохондрия матриксінін кұрамында митохондриялык нәруыз синтезінің 
автономды жүйесі орналасатындығы аныкталған. Ол ДНҚ молекулала- 
рынан түрады, гистоннан бос болуы оларды бактериялык жасушалардың 
ДНК жакындатады. Бұл ДНҚ-да әр түрлі PH К молекулаларының синтезі 
аткарылады: 
информациялық, 
трансферлік 
(тасымалдаушы) 
және
рибосомалык. Митохондрияның матриксінде цитоплазманын рибосомасы- 
нан өзгеше рибосомалардын түзелуі байкалады. Бұл рибосомалар ядромен 
кодталмайтын біркатар митохондриялык нәруыздардың синтезіне катысады. 
Бірак, нәруыз синтезінің бүл жүйесі митохондриялардын барлық қызметін 
камтамасыз ете алмайды, сондыктан митохондриялардын автономиясын 
шектеулі, салыстырмалы деп карастыруға болады. Митохондриялык ДНҚ 
кіші көлемдері митохондрияның барлык нәруыздарының синтезін аныктай 
алмайды. 
Митохондрияның нәруыздарынын басым көпшілігі жасуша 
ядросының гендік кодынын бакылауында болып, цитоплазмада синтезделеді. 
Митохондриялык ДНҚ, мембраналарда орналаскан және митохондриялык 
мембраналардажеке кызметтік нәруызды кешендердіңдұрыс интеграциялану- 
ына жауапты, 13 митохондриялык нәруыздарды ғана кодтайды. Жасушаларда 
митохондриялардын өлшемдері және саны артуы мүмкін. Акырғы жағдайда 
бастапкы ірі митохондриялардын екіге бумалануы немесе фрагменттелуі 
аркылы көлемдері ұсактау митохондрияларға бөлінуі жүріп, олар өз кезегінде 
өсе алады және кайтадан бөліне алады. Митохондриялар мембраналардың 
өткізгіштігіне өте сезімтал болады, бұл олардың кайтымды ісінуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет