4.2. Жасушаның қурылымдык, компоненттері
79
«Митохондрия» терминін 1897 жылы әр түрлі жасушалардағы түйіршікті
және жіп тәрізді күрылымдарды белгілеу үшін Бенда кіргізген. Мито-
хондрияларды тірі жасушаларда да бакылауға мүмкіндік бар, өйткені
олардын тығыздығы жоғары болады. Жануарлар жасушаларындағы ми-
тохондриялардың пішіні және көлемдері әр түрлі,
калыңдығы орта есеп-
пен 0,5 мкм шамасында, ал үзындығы 1 мкм-ден 10 мкм-ге дейін жетеді.
Есептеулер олардын жасушалардағы саны катты ауыткитынын көрсетеді —
бірнеше элементтен бірнеше жүздерге дейін. Мысалы бауыр жасушасында
олар цитоплазманың жалпы көлемінің 20% алып жатады және жасушадағы
жалпы нәруыз мөлшерінің 30-35% кұрайды. Бауыр жасушаларындағы
митохондриялардын
үстіңгі
беттерінің
ауданы
оның
плазмалык
мембраналарының беткейінен 4—5 есе көп.
Көп жағдайда жеке митохондриялардын көлемдері өте үлкен (алып) бо-
луы мүмкін және тармакталған тор түрінде болып, митохондриялык ре-
тикулумды кұрайды. Мысалы, канкалык
бұлшык етте митохондриялык
ретикулум көптеген тармакталған және алып митохондриялык созындылар-
дан тұрады. Алып тармакталған митохондриялар нефрондардың проксималды
бөліктерінің жасушаларында және т.б. кездеседі.
Әдетте, митохондриялар АТФ кажеттілігі туындаған цитоплазманың
аймағы маңындажиналады. Мысалы, жүректіңбұлшыкетінде митохондриялар
миофибриллалардың касында орналасады. Сперматозоидтарда митохондри
ялар кылшыктың сыртын коршаған спиралды футляр кұрайды тағы с.с. жа
сушаларда митохондриялардын санының өсуі бастапкы митохондриялардын
бөлінуі аркылы немесе бүршіктенуі аркылы өтеді.
Митохондриялар калындығы 7 нм шамасындағы екі мембранамен шектел-
ген (4.14-сурет).
Сырткы
митохондриялык,
мембрана
(membrana mitochondrialis externa)
олар-
ды гиалоплазмадан бөледі. Әдетте оның
контуры тегіс және тұйыкталған,
сондыктан ол мембраналык капшык болып табылады. Сырткы мем-
брананы ішкіден ені 10-20 нм шамасындағы мембрана аралык кеңістік
бөліп тұрады.
Ішкі митохондриялык, мембрана (membrana mitochondrialis
interna)
митохондрияның
меншікті ішкі кұрамын, онын
матриксін (matrix
mitochondrialis)
шектейді.
Митохондриялардын ішкі мембраналарының ерекше сипатына олардын
митохондриялардын ішіне карай бағытталған көптеген катпарларының
болуы жатады. Бұл құрылымдар көбінесе жайпактанған кырлар немесе
кристілер
түрінде болады.
Митохондриялардын матриксінін күрылысы ұсак түйіршікті (4.14-суретті
караңыз,
б)
болып, оның кұрамында кейде жіңішке жіптер (жуандығы
2—3 нм маңында) және көлемдері 15—20 нм шамасында болатын, түйіршіктер
аныкталады. Митохондриялар матриксінің жіпшелері ДНҚ молекулалары, ал
үсак түйіршіктер митохондрия рибосомалары болып табылады.
Митохондриялардын негізгі кызметі —
АТФ синтезі, ол органикалык
субстраттардың тотығуы үдерісінің және аденозиндифосфаттың (АДФ)
фосфорленуінін нәтижесінде өтеді.
80
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
1
а
б
Достарыңызбен бөлісу: