6.1. Жалпы морфологиялықсипаттамасы жәнежіктелуі
127
теиндер, протеогликандар және көмірсулар (полисахаридтер) — гликоза-
миногликандар кіреді. Гликопротеиндер — фибронектин және ламинин,
адгезивті субстрат кызметін аткарады, оның көмегімен эпителиоциттер
мембранаға бекіп орналасады. Базальды мембрананың гликопротеиндерінің
адгезивті молекулалары мен эпителиоциттердін жартылай десмосомалары
арасындағы байланысты камтамасыз ететін кальций иондарының маңызы
зор. Сонымен катар, гликопротеиндер эпителийдің калпына келуі барысын-
да эпителиоциттердің пролиферациясы мен дифференциялануын индукция-
лайды. Протеогликандар мен гликозаминогликандар мембранаға серпімділік
береді және оған тән теріс зарядты камтамасыз етеді, оған мембрананың
заттарды талдап өткізуі, патология жағдайында көптеген уытты заттар-
ды, вазоактивті аминдерді, антигендер мен антидене кешендерін жинақтау
мүмкіндігі тәуелді.
Эпителий жасушалары базальды
мембранамен
гемидесмосомалар (жарты
лай десмосомалар) аймағында неғүрлым тығыз байланыскан. Бұл жерде базаль
ды эпителиоциттердін плазмолеммасынан базальды мембрананың күңгірт түсті
табакшасына аш ык түсті табакша аркылы «тұрактандырушы» филаменттер өтеді. Осы
аймакта, бірак жанамалас орналаскан дәнекер тін жағынан базальды мембрананын
күңгірт түсті табакшасына «тұрактандырушы» фибриллалардың шоғыры
(VII
типті
коллагеннен тұрады) енеді, ол эпителийлік пласттардың төменде орналаскан тінмен
тығыз байланысын камтамасыз етеді.
6.2-сурет.
Базальды мембрананын, қүрылысы (Е. Ф. Котовский бойынша ке-
сте): А — ашық түсті табақша
Достарыңызбен бөлісу: