252
9-Тарау. Бұлшықеттіндері
миосимпласт босаңсыған кезде, кальций иондары жинакталады. Z -сызық-
тыц денгейінде (амфибияларда) немесе А және I дискілердін шекара-
сында (сүткоректілерде) тордың түтікшелері бағытын өзгертіп, кенейген
терминалды немесе латеральды (L) цистерналарды кұрай, көлденең орнала-
сады.
Плазмолемма ашык және күңгірт түсті дискілер шекарасы денгейінде,
миосимпласттың бетінен ішіне карай көлденең өтетін (Т-түтікшелер),
ұзын түтікшелерді күрайды. Миосимпласт жиырылудын басталуы туралы
акпаратты алған сон, ол жиырылу потенциалы түрінде плазмолемма аркылы
Т-түтікшелердін мембранасына таралады. Бұл мембрана саркоплазмалык
тордың мембраналарына жакын орналаскандыктан, сонғылардын күйі
өзгеріп, тордың цистерналарынан кальций шығады және актин-миозиндік
кешендермен байланысады (олар жиырылады). Жиырылу потенциалы
жойылған кезде, кальций кайтадан тордың түтікшелерінде жинакталады
және миофибриллалардың жиырылуы токтайды. Жиырылуды күшейту
үшін энергия кажет. Ол АТФ-ның АДФ-ға айналуы аркылы бөлінеді.
АТФ-аза кызметін миозин аткарады. АТФ-ның көзі митохондриялар бо-
лып табылады, сондыктан олар миофибриллалардың араларында орна-
ласады.
Миосимпласттардың кызметінде миоглобин мен гликоген косындыларының
маңызы зор. Гликоген, тек бұлшык еттің кызметі үшін ғана емес, сонымен катар,
бүкіл организмнің жылу тепе-тендігін тұрактандыру үшін кажет энергия көзі болып
табылады. Бүлшык ет босаңсыған кезде миоглобин оттегін байланыстырады және бұл
кезде ұсак кан тамырлары аркылы кан оңай өтеді. Бұлшык ет жиырылған кезде та-
мырлар кысылады, ал жинакталған оттегі тіндерге бөлініп шығады және биохимиялық
реакцияларға қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: