372
12-Тарау. Сезім мүшелері
кыска шеткері өсіндісі — дендриті және үзын орталык өсіндісі — аксоны бо-
лады. Олардың ядролары орналаскан бөліктері, әдетте, иіс сезу жабуының
күрамында орталык аймакты иемденеді.
Иіс сезу мүшесі иттерде жаксы дамыған, оларда
иіс сезетін жасушалардың
саны 225 млн-ға жетеді, адамда олардың саны айтарлыктай аз, бірак сон-
да да 6 млн-ға (1 мм2-дегі жасушалардың саны 30 мың) жетеді. Иіс сезу
жасушаларының екі түрін ажыратады. Біріншілерінде шеткері өсінділерінін
дисталды бөліктері ерекшежуандаған кұрылымдармен — иіссезутөмпеіпігімен,
немесе дендриттердің буылтығымен (clava olfactoria) аякталады. Иіс сезу
эпителийінің жасушаларының аз бөлігінде иіс сезу микробүрлері (микровил-
лалар) болады.
Нейросенсорлык жасушалардың иіс сезу төмпешіктерінің дөнгеленген
үштарында саны 10—12-ге дейін жететін козғалып түратын иіс сезу
кірпікшелерін көруге болады (12.10-суретті, Б, В). Кірпікшелерде бой-
лай бағытталған базальды денешікген басталатын, 9 жұп шеткері және 2 -
орталык фибриллалар болады. Иіс сезу кірпікшелері
козғалғыш және иісті
заттар үшін ерекше антенна сиякты болады.
Иіс сезетін жасушалардың шеткері өсінділері иісті заттардын әсерінен
жиырыла алады. Иіс сезетін нейросенсорлык жасушалардың ядрола
ры ашык түсті, бір немесе екі ірі ядрошыктары болады. Ядроның жанында
орналаскан түйіршікті эндоплазмалык тор анык ажыратылады. Жасушанын
базальды бөлігі жіңішке, аздап иректелетін аксонға жалғасады, ол тіректік
эпителиоциттердің арасымен өтеді.
Микробүрлері бар иіс сезетін жасушалар күрылысы бойынша жоғарыда
сипатталған иіс сезу төмпешіктері бар нейросенсорлык жасушаларға
үксас. Микробүрлер жасушалардын иісті кабылдайтын мембраналык бетін
үлғайтады. Дәнекер тіндік кабатта нейросенсорлык жасушалардын орталык
өсінділері миелинсіз иіс сезу жүйкесінің шоғырын күрайды.
Тіректік эпителиоциттер (epitheliocytus sustentans
) даму негізі бой
ынша
глиалдык болып, нейросенсорлык эпителиоциттердің орналаса-
тын эпителийлік кабатын түзейді. Тіректік эпителиоциттердін апикалды
беттерінде үзындығы 2 мкм-ге дейін көптеген микробүрлер болады. Тіректік
эпителиоциттер апокринді жолмен өнім өндіру белгілерін байкатып,
жасушалардын метаболизм деңгейі өте жоғары болады. Цитоплазмасын-
да түйіршікті эндоплазмалык тор аныкталады. Митохондриялар көбінесе
жасушалардын апикалды бөлігінде жинакталады, сол жерде түйіршіктер
мен вакуолдердің де көп мөлшері аныкталады. Гольджи кешені сопакша
пішінді ядроның үстінде орныккан. Ядроның астындағы жасушаның денесі
тарылып, базальды эпителиоциттердің араларымен базальды мембранаға
жетеді. Тіректік жасушалардын цитоплазмасында сары-коныр түсті
пигмент
болады.
Пішіні текшелі болып келген
базальды эпителиоциттер (epitheliocytus
basales)
базальды мембранада орналасып, иіс сезетін жасушалардын орталык
өсінділерінін шоғырларын коршап жататын цитоплазмалык өсінділермен
12.3. Иіс сезу мүшесі
373
жабдыкталған. Олардын цитоплазмасы рибосомалармен толтырылған және
тонофибриллалары болмайды. Базальды эпителиоциттер иіс сезу эпителиінін
камбиалдык кұрамына жатады және оның жасушаларының калпына келу көзі
болып табылады.
Вомероназалды мүшенің эпителийі рецепторлык және респираторлык
бөліктерден тұрады. Рецепторлык бөлігінін кұрылысы негізгі иіс сезу
мүшесінің иіс сезетін эпителийінің кұрылысымен ұксас. Басты айырмашылык
вомероназалды мүшенің нейросенсорлык эпителиоциттерінің иіс сезу
төмпешіктеріндегі микробүрлер козғалмайтын болып келген.
Негізгі иіс сезетін сенсорлык жүйенің
аралық
немесе
өткізгііи, бөлігі
миелинсіз иіс сезу жүйкелік талшықтарынан басталады, олар 20—40 жіп тәрізді
бағаншаларға (fila olfactoria)
бірігіп, торлы сүйектің
тесіктері аркылы иіс сезу
буылтыктарына бағыт алады (12.10-суретті караңыз). Әрбір иіс сезу жіпшелері
миелинсіз талшық болып табылады, ол, леммоциттердің цитоплазмасына ене
орналаскан, кұрамында 20-дан 100-ге дейін және одан да көп осьтік цилиндр
түріндегі нейросенсорлык эпителиоциттердің аксондары аныкталады. Иіс
сезу буылтыктарында иіс сезу анализаторының екінші нейроны орналаскан.
Олар митралды деп аталатын, ірі жүйкелік жасушалар, өзі орналаскан және
жарым-жартылай карама-карсы жактың бірнеше мындаған нейросенсорлык
жасушалардын аксондарымен синапстык байланыстар кұрайды. Иіс сезу
буылтыктарының кұрылымы үлкен ми жарты шарларының кыртысына ұксас
болып, шеңберлене орналаскан алты қабаты болады:
• иіс сезу шумақтарының кабаты;
• сыртқы түйіршікті кабат;
• молекулярлык кабат;
• митралды нейрондардың денелері орналаскан кабат;
• ішкі түйіршікті кабат;
• орталыктан шетке бағытталған талшықтар кабаты.
Нейросенсорлык эпителиоциттердің аксондарының
митралды нейрондардың
дендриттерімен байланысы шумақты қабатта өтеді, бұл жерде рецепторлык жасу
шалардын козуы жинақталады. Рецепторлык жасушалардын бір-бірімен және ұсак
ассоциативті жасушалармен байланысы да осы жерде аткарылады. Иіс сезу
шумактарында, жоғары орналаскан эфферентті орталыктардан (алдыңғы иіс сезу
ядросы, иіс сезу төмпешігі, бадамша тәрізді дененің ядросы, алмұрталдылык
(препириформдык) кыртыс) шытатын, орталыктан шетке бағытталған эфферентті
ыкпалдарда іске асырылады. Сырткы түйіршікті кабат шоғырлы нейрондардын жэне
митралды нейрондардын косымша дендриттерімен, шумакаралык жасушалардын ак
сондарымен, митралды нейрондардын дендродендриттік синапстарымен түзелген
көптеген синапстардан кұралады. 4-ші кабатта митралды
нейрондардын денелері ор-
наласады. Олардын аксондары буылтыктардын 4—5 қабаттарынан өтеді, ал шығар
мезгілде шоғырлы жасушалардын аксондарымен бірігіп, иіс сезу байланыстарын
кұрайды. 6-шы кабаттың деңгейінде митралды нейрондардын аксондарынан кері
кайтатын коллатералдар бөлініп, эр түрлі кабаттарға таралады. Ішкі түйіршікті кабат
кызметі бойынша тежегіш болып табылатын нейрондардын жиынтығынан тұрады.
Олардын дендриттері митралды нейрондардын кері кайткан аксондарынын коллате-
ралдарымен синапстар түзейді.
374
12-Тарау. Сезім мүшелері
Вомероназалды жүйеніц аралык, немесе өткізгіш, бөлігі вомероназал-
ды жүйкенің миелинсіз талшыктарынан кұралған,
олар негізгі иіс сезу
талшыктары тәрізді, жүйке бағаншаларына бірігіп, торлы сүйектің тесіктері
аркылы өтеді және косымша иіс сезу буылтығымен бірігеді, акырғысы негізгі
иіс сезу буылтығынын дорсомедиалды бөлігінде орналасып, күрылысы ұксас
болады.
Иіс сезетін сенсорлык жүйенің
орталық бөлігі
ежелгі кыртыста — гиппо-
кампта және митралды нейрондардың аксондары (иіс сезу жолы) келетін,
жана кыртыста — гиппокамптык иірімде орналасады. Бүл жсрде иіс туралы
мәліметтің кесімді талдауы (иіс кодының шешуі) өтеді.
Сенсорлык иіс сезу жүйесі ретикулярлык формация аркылы аскорыту
және тыныс алу жүйелерін жүйкелендіретін автономды жүйке жүйесімен бай-
ланысты болады, ал бүл осы жүйелердің иістерге беретін рефлекторлык реак-
цияларын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: