Тақырыбы: Дәм және иіс сезу анализаторлары. Қабылдаған: Ғайратқызы Д



Дата13.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#73588
Байланысты:
Анатомия


Тақырыбы: Дәм және иіс сезу анализаторлары.
Қабылдаған: Ғайратқызы Д.
Орындаған: Сапаева М.
Тобы: МДШ-218
БӨЖ
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.
Иіс сезу анализаторы
1– миға баратын иіс сезу жүйкесі;
2 – иіс сезу баданасы;
3 – жүйке талшықтары;
4 – мұрын қуысы (кеңсірік);
5– мұрын қалқандары (раковины)
Мұрынның құрылысы.
Адамда рецептордың иіс сезу клеткаларының жалпы саны 10 млн-дай. Әр иіс сезу клеткасының беткейінде түйреуіш тәрізді біраз жуандығы бөлім дболады. Бұдан ұзындығы 10 мкм-дей диаметрі 0,3 мкм-дей 6-12 өте жіңішке түкшелер шығады. Түкшелер Боумен бездері жасайтын сұйық ортаға батырылады. Түкшелер болуының арқасында рецептордың иіс затының молекулаларымен конетактыға түсетін ауданы ондағы есе сртады деп септеледі. Түкшелердің белсенді қозғалу қызметінің де бұл процесте (иіс заттарының молекулаларын ұстау және олармен жанасуға түсуден тиісті ролі бар болу керек. Иіс сезу клеткасындағы түйреуі тәрізді бөлім маңызды цитохимиялық орталық деп саналады, шамасы сол жерде рецепторлық потенциаланатын болу керек. Бұл клеткалар алғашқы сезгіш рецепторларға жатады.
Дәм сезу анализаторы
Дәм сезу ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің кілегейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады. Бүртік жасушаларының ұшында 40–50-дей жіңішке түтікшелер орналасқан. Тамақ заттары дәм сезу
жасушаларының түтікшелерін тітіркендіреді. Қозу дәм сезу рецепторларынан тілге келетін жүйке талшығы арқылы сопақша миға, ортаңғы мидағы көру төмпешіктері мен ми қыртысына беріледі. Тілде сезімтал рецепторлар біркелкі орналаспайды. Мысалы, тілдің ұшы тәттіні, артқы бөлігі ащыны, жиегі қышқылды, ұшы мен жиегі тұздыны сезеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет