6.2.
Безді эпителийлер
139
Қалпына келу көзі эпителийдін
камбиальды жасушалары
болып табылады,
олар регенерацияның жасушалык түрін
камтамасыз етеді, өйткені бөлі-
ну кабілеті организмнін өмірі бойы сакталынады. Көбею барысында
жасушалардың бір бөлігі дифференцияланады және өлген жасушаларға ұксас
эпителиоциттерге айналады. Көп кабатты эпителийлерде камбиальды жасу-
шалар
базальды кабатта орналасады, көпкатарлы эпителийлерде оларға ба-
зальды жасушалар жатады, біркабатты эпителийде олар белгілі аймактарда
орналасады: мысалы, аш ішекте — криптілердің эпителиінде, асказанда —
шұнкырлардың эпителиінде және меншікті бездердін мойынында, мезотелий-
де — мезотелиоциттердің арасында және т.б. Эпителийлердің физиологиялык
регенерациялану мүмкіндігінің жоғары болуы оның патологиялык жағдайлар-
да (репаративті регенерация) тез калпына келуіне негіз болады. Нейроэктодер
ма
туындыларының, керісінше, жасуша ішілік жолмен калпына келуі басым.
Адамның жасына байланысты жабу эпителиінде жасушалардың жаңару
үдерістері төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: