Эмбриология



Pdf көрінісі
бет57/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   279
4 .3 0 -су р е т. 
Митоз 
ұршықшасының 
қүрылысы 
(схема): 


хромосо­
малар; 2 — жасуша орталығы; 3 —  
центриолярлық микротүтікшелер; 4 —  
кинетохорлық микротүтікшелер


104
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
сфералардың микротүтікшелері тәрізді, центриольдер аймағындағы тубу- 
линдердің полимеризациясының нәтижесінде пайда болады. Микротүтік- 
шелер хромосомалардың центромерлік кыналу аймағында орналаскан 
кинетохорларға жетіп, олармен байланысады. 
Бөліну ұршыкшасында 
микротүтікшелердің екі түрін ажырагады: полюстен ұршыктың ортасы- 
на карай бағытталған және хромосомалык, олар хромосоманы полюстердің 
бірімен байланыстырады.
Метафаза
бүкіл митоздың үштен бірін алады. Метафаза кезінде 
бөліну ұршыкшасынын кұралуы аякталады, ал хромосомалар ұршыктың 
экваторлык жазыктығында орналасып, хромосомалардын экваторлык 
(метафазалык) 
табакшасын 
немесе 
аналық 
жүлдызшасын
түзейді. 
Метафазаның аяғында жұптаскан хроматидтердің бір-бірінен ажырауы 
аякталады. Олардың иыктары бір-біріне параллельді орналаскан, ортала- 
рында оларды бөліп түратын санылау жаксы байкалады. Екі хроматидтердің 
араларында байланыстың сакталынатын жері центромер (алғашкы кынама) 
болып табылады.
Анафаза.
Хромосомалар бір мезгілде центромер аймағында бір-бірімен 
байланыстарын жоғалтып, жасушаның карама-карсы полюстеріне карай бір- 
бірінен синхронды алыстай бастайды. Хромосомалардың козғалу жылдамдығы 
біркелкі, ол 0,2—0,5 мкм/мин жетуі мүмкін. Анафаза митоздын ен кыска 
(барлык уакыттың бірнеше пайызы ғана) мерзімі, бірак осы уакыттыц ішінде 
біркатар окиғалар өтеді. Олардың ішіндегі бастысы хромосомалардын екі 
бірдей кұрамының жекеленуі және жасушаның карсы екі жағына орын ау- 
ыстыруы. Хромосомалардын полюстерге ажырауы полюстердін өздерінін 
алшактауымен бір мезгілде жүреді.
Хромосомалардын 
ажырауы 
хромосомалардын 
кинетохорларынын 
аймағында микротүтікшелердін кыскаруымен (деполимеризациясы) және 
хромосомаларды жылжытатын нәруыз-транслокаторлардың жұмысымен 
байланыстылығы көрсетілген. Анафазада полюстердің косымша ажыра­
уы полюс аралык микротүтікшелердін өзара сырғанауының есебінен жүріп, 
нәруыз-транслокаторлардын екінші тобының жұмысымен іске асырылады.
Телофаза
ажырап кеткен хромосомалардын диплоидты (2 п) кұрамының 
токтатылуынан басталады (ерте телофаза) және жаңа интерфазалык ядроның 
реконструкциясы пайда болғанда (кеш телофаза, ерте О ^кезен), және 
бастапкы жасушаның екі жаңа жасушаға бөлінуі (цитокинез, цитотомия) 
өткенде аякталады. Ерте телофазада хромосомалар, бағыттарын өзгертпестен 
(центромерлік аймактары — полюске, теломерлік аймағы — ұршыктың ор- 
тасына карай), деконденсияланып, көлемдері ұлғая бастайды. Олардың 
цитоплазманын мембраналык көпіршіктерімен байланыскан жерлерінде жаңа 
ядролык кабыкша пайда болады. Ядролык кабыктын түйыкталуы өткеннен 
кейін жаңа ядрошыктар түзеле бастайды. Жасуша жасушалык циклдің жаңа 
О^кезеңіне өтеді.
Телофазаның манызды окиғасының бірі плазмалык мембрананын 
жасушанын ішіне карай ойысуынын нәтижесінде кыналу аймағынын пайда


4.3. Жасушалардың өсіп-өнуі
105
болуы жолымен, жасуша денесінін екіге бөлінуі — цитотомия, немесе цито­
кинез. Цитоплазманың мембранаастылык кабатында, жасушаның экваторы 
аймағында айналмалы бағытта орналаскан, актинді миофиламенттер тәрізді, 
жиырылғыш элементтер аныкталады. Филаменттердің жиырылуы плазмалык 
мембрананың бұл сакина аймағында жасушаның ішіне карай бұлтиюы жүріп, 
жасушаның екіге бөлінуімен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет