Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді. Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы, қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды. Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс. Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу, сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек екендігін түсіндіреді. Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау. Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.