«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет16/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

 
Ас қорыту мүшелері аурулары 
Ас қорытатын мүшелердің ауруына асқазан, 12 тұтам ішек (ұлтабар) ащы-тоқ ішектердің 
қабынуы ойық жарық (язва), рак, асқазанның төмен түсуі, бауыр мен өт жолдарының қабынуы 
жатады. 
Аталған мүшелердің ауруы көбінесе созылмалы болып кездеседі. Негізгі себептері: 
уқытында дұрыс тамақтанбау, улану (дәрі-дәрмек, қышқылдар және газбен) инфекцияға душар болу, 
теріс эмоциялық құбылыстар, орталық нерв жүйесінің нашарлауы, адамның жалпы қажуы, арақ-
шарапқа, темекіге құмарлық т.б.. 
«Ас – адамның арқауы» деп халық текке айтпаған. Астың қорытылу процесі дұрыс жүрмесе, 
организмде, адамның бойында үлкен өзгерістер болады. Басқа мүшелердің де қызметі бұзылып нерв 
жүйесіне әсерін тигізеді. 
Жалпы белгілері: асқазан, ішек, өт, бауыр тұтастарының ауруы, асқа тәбеті шаппай, кекірік, 
айнып, лоқсып, құсу, іш өту, іш қату т.б. 
Ас қорыту ағзалары жоғарғы нерв жүйесімен, көретін, еститін, сезетін түйсікті мүшелердің 
түпнұсқасымен (анализатор) тығыз байланыста. Сондықтан ми қабында, ми қыртысы астында болған 
өзгерістер ас қорыту мүшелерінің сөл бөліну, қозғалтушы (моторлы), сіңіру сияқты қасиеттеріне үлкен 
ықпал жасайды. Керісінше, осы мүшелер жапа шегіп, ауруға шалдықса, мида, ми қыртысында 
кемшіліктер байқалып, адамның рухани күйі, ішкі сезімі өзгереді. 
Сондықтан емдік гимнастика осы жағдайды теңестіру үшін, қалпына келтіру үшін кеңінен 
қолданылады. 
Мөлшермен берілген жаттығулар ішек-қарынның қозғалу, қорыту, сіңіру қасиеттерін 
арттырады. Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасалған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің 
шығуына, астың қорытылуына, ішек-бұлшық еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, 
күшейте, үдемелі жасалған жаттығулар ішек-қарын жұмысын кемітеді, сөлдің шығуын азайтып, 
ішектің жиырылуын жайландырады. 
Емдік гимнастика қарын ішіндегі қан-лимфа айналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің 
жазылуына септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет