витаминнің жетіспеуінен ауыр тұрмыс жағдайларынан басқа көптеген індеттермен
бірге туберкулез
жиі кездеседі. Алматыда ғылыми зерттеу туберкулез институттары бар. Олар дәрігерлерден арнайы
топтар ұйымдастырып, жылына бірнеше рет сол облыстарға шығып көмек көрсетеді. Дегенмен жерін,
суын, қошаған ауасын жөндемесе тек дәрігерлердің көмегіне болады.
Институтқа үлкендер ғана емес, кішкене сәбилерді де әкеліп емдейді. Оларға ата-анасынан
жұғады немесе іштен дімкәс тууы мүмкін.
Бронхоэктазия ауруында қақырық түсіру үшін қолданылатын жаттығулар
1 – шалқадан жатып екі қолды жоғары
көтеріп демді ішке алады; 2 – іштің көк етін басып
демді сыртқа шығарады; 3 – қырынан жатып шынтақты көтереді; 4 – шынтақты түсіріп
кеудені
қысады; 5 – оң жақ қапталдан жатып сол қолды жоғары көтеріп дем алады; 6 – алақанмен кеудені
басып демді шығарады, ақырын жөтеліп қақырық түсуіне
ықпал жасайды; 7 – еңбектеп тұрып,
алақанға тіреліп көкіректі көтереді; 8 – басын жерге тигізе еңкейіп көкіректі төмен түсіреді; 9 –
шалқадан жатып терең дем алып, алма кезек аяқты бүгіп жазады (демді шығарады); 10 –
екі аяқты
бірдей бүгіп ішке тигізеді.
Бұл жаттығуларды орындағанда асықпай, байыппен тыныс алып, қақырықтың көп түсуін
қадағалайды.
Бұл аурудың негізгі белгілері: әлсіздік, дененің ыстығы (37,2-37,3
0
), түнгі салқын тер, жөтел,
тәбеттің төмендеуі, арықтау т.б.
Өкпе туберкулезі 1-2 аптаға созылатын жедел және бірнеше жылға жететін созылмалы
түрінде кездеседі.
Емдеу әдістері: тазалық, құнарлы тамақ, қымыз, таза ауа, дәрі-дәрмек және емдік гимнастика.
Емдік гимнастика тканьда зат алмасуын жақсартып, көңіл-күйді көтеріп, дененің төзімділігін
арттырады.
Сол сияқты өкпеде, басқа мүшелерде айналымын жақсартып, туберкулезден сауығуға
ықпал жасайды.
Ауру асқынған жағдайда, емдік гимнастиканы қолданбай, жағдайы біршама тәуір
болғанша
тұрады.
Жаттығулар ауруға лайықты беріледі. Негізгі мақсат - өкпеден көбірек өаөырық түсіру,
өкпенің сыйымдылығын арттырып, ондағы газ айналысын жақсарту.
Ауруханадан шыққан соң таза ауада көп жүру, серуендеу, жақын жерге саяхатқа шығып,
шаңғы тебу, суда жүзу сияқты емдік гимнастиканың танымал түрлерімен айналысқан өте пайдалы.
Емдік гимнастиканың өрісі, мөлшері науқастың жағдайына қарай әр түрлі болады.
Сырқат
адамдардың өзін төмендегідей үш топқа бөледі: әлсіз, орташа және мықты.
Достарыңызбен бөлісу: