«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


I ТАРАУ  МАССАЖДЫҢ ДЕНЕГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет25/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

ТАРАУ 
МАССАЖДЫҢ ДЕНЕГЕ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ 
 
Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол 
массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, 
мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді.
Массажды денеге әсері, физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И.М. Сеченов, И.П. Павлов, 
Н.Е. Введенский, Н.А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен. Массаждың әсері өте тереңде 
жатыр. Ол – нервті – рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау.
Массаж жасағанда теріде, бұлшық етте, буындарда жатқан нерв талшықтары тітіркенеді. Ол
тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір нерв талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, 
теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар – проприоцептор, қан 
тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады. Осы 
рецепторлардың бәрі тітіркеніштен бірлесіп, миға әсер етеді. Ал оның өзі жоғарғы реттеуіш күштің 
қызметіне әсерін тигізіп «қарауындағы» барлық мүше ағзаларға жауап рекция түседі. Содан денеде әр 
түрлі қимылдық өзгерістер туады. Жауап реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы нерв жүйесіне 
тікелей байланысты, сол сияқты тітіркенген жердің көлеміне массаждың методикасы мен тәсілдеріне, 
аурудың біліну белгілеріне де тығыз байланысты. 
Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың тиімділігінде үлкен роль атқаратын – 
гумморалды фактор. Массаждың әсері мен тканьдердің ішінде жоғарғы активті (белсенді) зат 
құрылады. Ол қан айналыммен және зат алмасуын үдетеді. Мәне осыны гуморалды зат дейді. 
Массаж денедегі барлық сұйық заттардың қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, 
техникалық сұйықтың тканьдердің өзара созылуы, орын алмастыруы т.б. механикалық фактор зат 
алдмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасалған жердің ыстығын 
көтереді.
Сонымен массажда нерв импульстары ағындап, ми қыртысына келеді. Онда қоздыру және 
тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол нерв талшықтары арқылы денедегі мүшелерге 
беріледі. Олардың жауап реакциясы бойдағы аурудың өршуіне не өшуіне әсер етеді, осыған орай емдік 
массажды тек тәжірибелі маман жасау керек деген ұғым туады.
Массаждан адамның денесі сергіп, рахаттанып, көңіл – күйі көтеріліп, жылынып, ауырған жері 
басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. 
Массаж дұрыс орындалмағанда массаждың өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып 
массаж жасауға болмайтын кезде организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың 
ерекшелігіне лайықтап жасау керек.
Кейбір ғалымдар массаждан кейін қызарып, талаурап, қатты ауыратын жағымсыз реакцияларын 
көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген карияларда дұрыс отырғызбаса, не дұрыс жатқызбасада осындай 
жағымсыз реакция береді. Мысалы, жүрегі ауыратын адамның белінде құяң болмаса оны етбетінен 
жатқызғанда жүрек нашарлап кетеді. Сондықтан ондай ауруға массажды отырып жасаған абзал. Ішкі 


ағзалардың функционалдық қызметін, науқастың ауырған жерін анық бәлмей массаж жасауға 
болмайды. 
Массажды зерттеген ғалымдар оның толық нерв жүйесіне, қан тамырына, теріге, бұлшық 
еттерге, буындарға, зат алмасуына әсер ететінін айқын көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет