Массаждың тәсілдерінің өзі де нерв жүйесіне әсер етеді. Мысалы, сипау, уқалау, ысқылау
денені аз тітіркендірсе: соғу, сілікілеу- көп тітіркендіріп, нерв жүйесін шыңдайды.
Шеткері нервтерге массаждың әсері көп оның өткізгіштік қасиетін арттырып импульстің
тезірек жетуіне ықпал жасайды, ауруға шалдыққан нерв клеткаларын қалпына келтіреді. Массаж
организмнің орталық шеткер нерв жүйесінің жауап реакциясын тудыратын тітіркендіргіш екенін
айттық. Ал жауап реакциясы организмнің алғашқы жай күйіне тітіркендірудің шамасына байланысты.
Осы көрсетілген екі шарт бәр – біріне сәйкес келуі керек. Сонда ғана массаж шипалы болады. Адам
неғұрлым жас болса, соғұрлым сезімтал келеді. Оларға әлсіз жасалған массаждың өзі қатты сезіледі.
Егде тартқан адамдар массажды мүмкіндігінше қатты, ұзақ болғанын қалайды. Қала тұрғындары оның
ішінде ой еңбегімен айналысатын адамдар аулыда дене еңбегімен айналысатын адамдар ауылда дене
еңбегімен айналысып жүрген адамдарға қарағанда массажға өте сезімтал келеді. Сондықтан оларға
абайлап, жеңіл, әлсіздеу түрін жиі қолданады. Оның бәрі нерв жүйесіне тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: