«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Синкардиальды – массаж пневмомассаждың бір түрі. Мұнда ретті ырғақпен ауаның қысымы 
өзгертіліп қол-аяққа толқындар жіберіледі. Соның әсерінен аяқтың не қолдың бұлшық еттері оқтын – 
оқтын қысылып отырады.
Гидромассаж - бірнеше түрге бөлінеді. Олар: су астындағы түтік арқылы жіберілген судың 
ағынымен жасалатын - су астындағы душ – массаж, ауада су ағыннан алатын массаж. Су астында 
қолмен жасайтын массаж және су астындағы топтасқан массаж. 
Осы айтылған гидромассаждың әр – түрі өзгеше ерекшелігімен көзге түседі. Оларды жасағанда 
ережесін жақсы білу тиянақты орындау өте қажетті нәрсе.
Су астындағы душ – массаж. Су толтырылған ванна ішінде « тангентор» (ГДР) аппараты 
арқылы жасалады. Адамға судың астынан түтік арқылы ағынды су жіберіледі. Ол берілген қысымның 
әсерінен құйындай жиырылып, денеге иірім сияқты қатты тиеді. Оның қысымын массаж жасайтын 
жерге байланысты өзгертіп отырады. Мәселен, арқаға 2-5 атм, санға 2-4 атм, жалпы денеге берілетін 
судың қысымы 12 атм болу керек. Судың жылуы 37-38

болады.


Ауадағы су ағыннан алатын массаж. Ол көп санатори-профилакторилерде кеңінен 
қолданатын шарко душы, температурасы 20-33 қысымы 5-3 атм. Су қысыммен үлкен шланг арқылы 
ытқып шығады. Осындай су ағынының қатты соққылайтын өтінде адам 2-3 метр қашықтықта 3-5 мин 
денесін төсеп тұрады. Шотландия душында 2 түтік болады. Біреуінен 40
0
ыстық су ал екіншісінен 20

салқын су беріледі. Мұның өзі, бұлшық етпен теріні серпімділігін шынықтыруға, адамды 
жігерлендіруге өте пайдалы.
Су астында қолмен жасайтын массаж. Мұнда адам ағаш төсекке жатады. Үстіне 1 атм 
қысыммен душтың суы ағып тұрады, сол кезде қолмен белгілі тәсілдердің бәрін адам денесіне 
қолданады. Немесе ваннаға толған судың ішінде осы тәсілдерді жасайды. Қолмен жасайтын 
массаждың кәдімгі құрғақ массаждың айырмашылығы шамалы, тек судың температурасы 35-38

тен 
төмен не жоғары болмауы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет