Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып қалған мүшені,
бұлшық
еттерді қалпына келтірді. Орнын толтыру механизмі рефлекторлы механизмге байланысты.
Жаттығулар екі (пар) мүшенің біреуі зақымданып қалған кезде екіншісін шыңдай отырып,
барлық
жүктелген қызметін толық атқаруға мүмкіндік жасайды. Мәселен, екі бүйректің біреуі істен шықса,
екінші бүйректің күшін жаттығулар арқылы арттырып, организмге ауырлық түспеуін бақылайды. Сол
сияқты өкпе ауруларында, әсіресе туберкулездің (құрт ауруы) асқынған түрінде немесе рак болғанда
бір өкпенің бөлігін, әйтпесе бір өкпені толығымен операция арқылы алып тастауға тура келеді. Сонда
организмге кажетті оттегі қалған өкпе арқылы келеді. Бірақ оны толық меңгере алмауы мүмкін. Осы
кезде дене шынықтыру жаттығулары көмекке келеді. Арнайы жаттығулар
арқылы қалған өкпенің
көлемін үлкейтіп, денеге қажетті оттегі мөлшерін толық жеткізуге мүмкіндік жасайды.
Орнын толтыру механизмі уақытша және тұрақты болып екіге бөлінеді. Біріншісі (уақытша)
ауру басталған кезде болады да, жазылған шақта жоқ болып кетеді. Ал
екіншісі науқас адам бір
мүшесінен айырылған кезде қолданылады. Мәселен, қолдың нерв жүйесі жарақаттанғанда ол
қимылдаудан, бір нәрсені ұстаудан қалады. Сол кезде нерв жүйесіне «жандандыру»
өте қиын
болғандықтан, қолдағы барлық бұлшық еттерді шынықтырады. Мұның өзі қолдың иілуіне, әр түрлі
қимылдар жасауына көмектеседі.
Міне, орнын толтыру механизмі деген осы. Қалайда науқастың организмін қалпына келтіру
оған өз мүмкіндігің сезіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: