«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет3/72
Дата25.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Емдік гимнастиканың механизмі 
Қандай ауру болмасын, алғаш басталғанда, адамның еркін алып, күнделікті қалыпты өмір 
тіршілігін өзгертеді. Жұмысқа деген қабілеттілік азайтып, бойды немқұрайдылық пен самарқаулық 
билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы 
жиілеп, берекесі кетеді. 
Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып 
қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет 
төмендеп кетуі мүмкін. 
Дегенмен ұзақ уақыт төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа 
апармайды. Қимылсыз жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ 
ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде біртіндеп тыныштық пен қимылдың арасын жақындату 
керек. Бұл науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне, кезеңіне байланысты шешілетін мәселе. 
Емдік гимнастика, дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, 
қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді. 
Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде уүрделі құбылысқа сүйенеді. Ол – жоғары нерв 
жүйесі мен гуморальды (денедегі сұйық зат) реттеуші күштер және моторлы-висцералдық рефлекстер. 
Негізінде емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені сергіту, қоректенлдіру, орнын 
толиыру, бірыңғайлы немесе бұрынғы қалпына келтіру. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. 
 
Әлдендіру механизмі 
Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу немесе қоздыру процестерін 
өзгерте отырып орталық күштің жұмысын реттейді. Мұның өзі оның басшылық қызметін арттырып, 
ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуын үдетеді. Бұл бұлшық еттер мен ішкі ағзалар 
арасындағы рефлекстің байланысынан туады. Үлкен бұлшық еттер неғұрлым көбірек қозғалса, 
әлдендіру әсері соғұрлым көбірек болады. Жаттығумен айналысқан адамның көңіл-күйі көтеріліп 
науқастан құлан-таза жазылатынына сенім пайда болады. Ал сенім неге болса да тиімді әсер етеді. 
Сондықтан әрбір жаттығуды сеніммен, шын көңілмен жасаса, әркімнің де толық жазылуға мүмкіндігі 
мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет